Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 12 сәуірдегі № 422 қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша» деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:
«Алматы қаласы бойынша;
Алматы облысы бойынша;»;
мына:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» деген жолдағы «және Алматы облысы» деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |