2) 131-баптың бірінші бөлігіндегі «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің» деген сөздер «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 133-баптың бірінші бөлігіндегі «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің» деген сөздер «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 156-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі «жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздерден кейін «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті орган түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органмен келісу бойынша индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы абзацтар 2-баптың редакциясында қолданылды
2) 289-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелерi бірлестігінен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «кондоминиумға қатысушылардың жарналары;» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жарналары;» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың мақсаттары үшін мыналар көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жарналары деп танылады:
көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды жабуға бағытталған міндетті шығыстары;
көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің нысаналы жарналарды төлеуге арналған шығыстары;
көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға ақы төлеуді өткізіп алған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есепке жазылған өсімпұл.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшері және оларды көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің төлеу тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысында бекітіледі.»;
8-тармақтың 3) тармақшасының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы тармақша 2-баптың редакциясында қолданылды
3) 307-баптың 2-тармағы 13) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акционерлік қоғамдар, мекемелер мен көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерінен басқа тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;»;
8-тармақтың 4) тармақшасының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы тармақша 2-баптың редакциясында қолданылды
4) 394-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, кондоминиум объектісін басқару бойынша көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің қызметі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді;»;
8-тармақтың 5) тармақшасының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы тармақша 2-баптың редакциясында қолданылды
5) 553-баптың 2-тармағының кестесіндегі 2-жолдың 2-графасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:».
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 19-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «шекаралары» деген сөзден кейін «жер бетінде тұйық контурларды (шекараларды) қалыптастыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодексте көзделген жағдайларда, барлау немесе геологиялық зерттеу аумағы блоктың бір бөлігін (толық емес блокты) қамтуы мүмкін. Егер көрсетілген аумақ екі және одан көп толық емес блоктардан тұрса, әрбір мұндай блоктың ең болмағанда осы аумақтың басқа бір толық немесе толық емес блогымен ортақ жағы болуға тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі (өндіру учаскесі), кен іздеушілік (кен іздеушілік учаскесі) пен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі (жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі) операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі аумағының сыртқы шекаралары тіктөртбұрышты құрауға тиіс. Егер табиғи ерекшеліктер немесе өзге жер қойнауы учаскесінің шекаралары тиісті өндіру учаскесі, кен іздеушілік учаскесі немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі аумағының сыртқы шекараларын тіктөртбұрыш формасында анықтауға мүмкіндік бермесе, мұндай жер қойнауы учаскесінің аумағы төртбұрыш формасында болуы мүмкін, оның ең болмағанда қарама-қарсы екі жағы бір-біріне параллель болуға тиіс.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда, өндіру учаскесінің аумағы көпбұрыш формасында болуы мүмкін.»;
2) 74-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу кезінде пайдалы қазбаларды іздестіру мен бағалау аумағы шегінде пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, сондай-ақ кен іздеушілік үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға беруге жол берілмейді.»;
3) 186-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны:
1) осы Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда;
2) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның келісімінсіз, оның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;
3) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;
4) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензия бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау учаскесінің аумағына толық немесе ішінара жатқызылатын блокқа қатысты;
5) пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініш бар аумаққа қатысты;
6) пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізіліп жатқан аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;
7) уран өндіру учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа қатысты беруге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия толық блоктардан басқа мынадай толық емес (ішінара) блоктарға:
1) жақтары осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген аумақтарды (аумақты) толық қамтитын блокқа;
2) осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген аумақтарда (аумақта) ішінара орналасқан блоктың басқа толық емес (ішінара) немесе толық блокпен ең болмағанда бір ортақ жағы болған және осындай ортақ жағы көрсетілген аумақтарда орналаспаған жағдайда, осындай блокқа;
3) осы Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын блокқа қатысты да берілуі мүмкін.
Барлауға арналған лицензияға көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесінің ішінара аумағына шығатын блокты енгізуге осы учаскелер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Бұл жағдайда барлау учаскесінің аумағы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтардың шекаралары бойынша, оның ішінде толық емес (ішінара) блоктардан қалыптастырылды деп есептеледі. Барлауға арналған лицензияға енгізілген толық емес (ішінара) блокты қалыптастыру үшін негіз болған мән-жайлар тоқтатылған кезде барлау учаскесі аумағының шекараларын айқындау мақсатында осы блок толық деп танылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген қағида осы Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын және барлау учаскесінің аумағына енгізілген блоктарға қолданылмайды. Осындай блоктар шегінде бұл блоктар осы Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көзделген аумақтар мен объектілерді қозғайтын бөлікте жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салу қолданылады.»;
4) 188-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер өтініште көрсетілген аумаққа осы Кодекстің 186-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген блок немесе мәлімделген аумақтың басқа блогымен ортақ жағы жоқ блок жатқызылса, мұндай блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы құзыретті орган өтініш берушіні хабардар етеді. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіне берілуге жататын барлық блоктан немесе олардың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш беруші барлық блоктан бас тартпаса немесе блоктардың бір бөлігінен бас тартса, өтініш осы тармақтың ережелері ескеріліп, мәні бойынша қаралады.
Егер өтініште көрсетілген қандай да бір толық емес (ішінара) блок немесе толық емес (ішінара) блоктар осы Кодекстің 186-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттарға сай келмесе, аталған блок (блоктар) та осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары бойынша лицензияға енгізілмейді.»;
5) 209-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«209-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесі
1. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесі аумағының сыртқы шекаралары осы Кодекстің 19-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес болуға және өндірістік аумақтың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін тәсілмен айқындалуға тиіс. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесі аумағының сыртқы шекараларын көрсетілген талаптарға сәйкес айқындау мүмкін болмаған кезде олар бұрыштарының саны барынша аз болуы мүмкін көпбұрышты құрауы мүмкін.
Пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің шекараларын айқындаған кезде: осы Кодекстің 204-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген есепте белгіленген пайдалы қатты қазбалар ресурстарының контурлары, байқау гидрогеологиялық ұңғымалары, кеніштің орналасқан жері және оның шекараларын дамыту перспективасы, кеніштің қосалқы объектілері және инфрақұрылым объектілері, аршылымның (жанасқан жыныс) және селдір (кондициялы емес) кеннің орналасу объектілері есепке алынады.
Тау-кен қайта өңдеу өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері де өндіру учаскесінің шекараларын айқындау кезінде орналастырылуы және есепке алынуы мүмкін. Тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияға сәйкес жер қойнауының жекелеген учаскесінде орналастырылуы мүмкін.
2. Егер өзге жер қойнауы учаскесінің шекаралары пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру, көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін оны сыртқы шекаралары бойынша ғана қалыптастыруға мүмкіндік бермесе, пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесі аумағының ішкі шекаралары да болуы мүмкін. Бұл жағдайда өндіру учаскесі аумағының ішкі шекаралары көрсетілген өзге жер қойнауы учаскесінің сыртқы аумақтық шекараларымен айқындалады.»;
6) 210-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыстар өндіруге арналған жекелеген лицензия бойынша мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
ауданы бес гектарды қоса алғанға дейінгі учаске аумағында өндіру кезінде 530 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
ауданы бестен асатын бір жүз гектарды қоса алғанға дейінгі учаске аумағында өндіру кезінде 1063 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
бір жүзден асатын он мыңға дейінгі гектарды қоса алғанда әрбір келесі гектар үшін есептеген кезде қосымша 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
он мың гектардан асатын әрбір келесі гектар үшін есептеген кезде қосымша 120 еселенген айлық есептік көрсеткіш.
3. Егер өндіруге арналған лицензияға және тау-кен жұмыстарының жоспарына сәйкес қара металдар кенін өндіру көзделсе, осындай лицензия бойынша өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыстар мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
ауданы бес гектарды қоса алғанға дейінгі учаске аумағында өндіру кезінде 3170 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
ауданы бестен асатын бір жүз гектарды қоса алғанға дейінгі учаске аумағында өндіру кезінде 6350 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
бір жүзден асатын он мыңға дейінгі гектарды қоса алғанда әрбір келесі гектар үшін есептеген кезде қосымша 60 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
он мың гектардан асатын әрбір келесі гектар үшін есептеген кезде қосымша 720 еселенген айлық есептік көрсеткіш.»;
9-тармақтың 7) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
7) 277-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің пайдалы қатты қазбаларды және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлігінде 25-бабы 2-тармағының, 186-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының, 203-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Кодекстің 186-бабы 2-тармағының, 203-бабы 2-тармағының және 250-бабы 2-тармағының ережелерін қолдану мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензияны беру кезінде:
1) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ теңестіріледі;
2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі (барлау учаскесінің аумағын) операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағына пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа геологиялық теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ теңестіріледі;
3) пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі (өндіру учаскесінің аумағы) операцияларды жүргізу немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағына пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа немесе тиісінше, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт немесе барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ теңестіріледі деп белгіленсін.»;
9-тармақтың 8) тармақшасының бірінші - тоғызыншы абзацтары 2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8) 278-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін өткізілген пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жеңімпазы болған тұлғаға, сондай-ақ өзіне қатысты құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не өтпеді деп танылған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын беру төмендегілер ескеріле отырып, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні қолданыста болған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және шарттарда құзыретті органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт құзыретті орган бекіткен модельдік келісімшарттардың ережелері негізінде жасалады;
2) осы Кодекстің 196-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған, бекітілген барлау жоспары бар пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарт жобасы құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы жарияланған (конкурс өтпеді деп танылған) немесе тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он айдан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. Көрсетілген мерзімді құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлғаның өтініші бойынша ұзартуы мүмкін;
3) осы Кодекстің 216-бабына сәйкес жасалған және осы Кодексте көзделген келісулер алынған, тау-кен жұмыстарының бекітілген жоспары бар пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жобасы құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындысы жарияланған (конкурс өтпеді деп танылған) немесе тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма бір айдан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. Көрсетілген мерзімді құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлғаның өтініші бойынша ұзартуы мүмкін.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарын осы баптың 12-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес құрылатын, құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жұмыс тобы айқындайды. Тараптар келіскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасы құқықтық сараптамаға жатады. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жобасы да мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның экономикалық сараптамасына жатады. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жобасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының экономикалық сараптамасына жатады. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес келісімшарт жобасы ұсынылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде жасалуға тиіс. Көрсетілген мерзімді құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлғаның өтініші бойынша ұзартуы мүмкін.
Осы тармаққа сәйкес жасалған өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей пайдалы қатты қазбалар жөніндегі уәкілетті органның кешенді сараптамасының оң қорытындысы алынған жою жоспарының болуын қамтамасыз етуге міндетті. Жою жоспарына енгізілетін кейінгі өзгерістер және жою жоспарына кешенді сараптама жүргізу осы Кодекстің 217-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы тармаққа сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар осы тараудың ережелерін қолдану мақсаттары үшін осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға теңестіріледі.»;