364) жалған және әдейі банкроттық белгiлерiн анықтау;
365) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайлар кезінде жасалған мәмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолдану;
366) оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
367) борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын әзірлеу және ұйымдастырушыны айқындау;
368) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын әзірлеу;
369) әкімшінің ағымдағы және сұратылған оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
370) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу;
371) интернет-ресурсында оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін жариялау;
372) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысандарын әзірлеу;
373) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін әзірлеу;
374) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын әзірлеу;
375) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын әзірлеу;
376) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлеу;
377) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
378) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келісу;
379) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың іс-әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
380) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
381) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
382) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
383) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
384) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсініктеме мен түсіндірулер беру;
385) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
386) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурсқа:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны;
банкроттық және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы істі қозғау туралы хабарландыруды;
борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы хабарландыруды;
оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыру;
387) сотқа уақытша басқарушыны, уақытша әкімшіні тіркеуден алып тастау туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалтуды не банкроттықты басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламалар жіберу;
388) оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету;
389) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;
390) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруін жүзеге асыру;
391) тиiстi саланың уәкiлеттi органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келiсу;
392) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу және мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн пайдаланушыларға ақпарат ұсыну;
393) мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты кемiнде үш жылда бiр рет жүзеге асыру;
394) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қабылдау;
395) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
396) «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуы мен оларды пайдалану шарттарына бақылауды жүзеге асыру;
397) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгiленген мәселелер тiзбесi бойынша мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) акционерлерiнiң (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын келiсу;
398) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
399) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
400) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келiсу;
401) республикалық мемлекеттiк меншiкке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
402) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
403) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
404) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
405) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;
406) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру;
407) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды айқындау;
408) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
409) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
410) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылау жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
411) кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін қайта бөлу;
412) қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелердi келiсу;
413) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу;
414) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
415) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
416) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
417) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға олар объектіні жекешелендiргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін хабарлау;
418) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
419) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
420) сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
421) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, сондай-ақ республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болу;
422) Қазақстан Республикасы қатысатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жұмыс iстеу мониторингiн және оларды басқару тиiмдiлiгiн ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
423) акционерлiк қоғамды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретiнде мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жүзеге асыру;
424) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық меншiктегi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесiнiң) мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оларды пайдалану құқықтарын тиiстi саланың уәкiлеттi органына беру;
425) Қазақстан Республикасына тиесiлi акцияларға дивидендтердiң уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесi Қазақстан Республикасына тиесiлi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;
426) акционерлiк қоғамдардың орналастырылатын акцияларын төлеудi және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны енгiзу арқылы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлiктi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерiн енгiзудi жүзеге асыру;
427) өңiрлердiң және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететiн факторларды анықтау мақсатында мемлекеттiк меншiк мониторингiнiң мәнi жөнiндегi ақпаратқа талдауды жүзеге асыру;
428) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтардың қорғауын жүзеге асыру;
429) «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру;
430) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;
431) меншiктiң мемлекеттiк мониторингінің нысанасы бойынша дәйекті және объективтi талдау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
432) меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн мемлекеттiк бюджеттiк қаржы бөлу көлемiн негiздеу;
433) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi нысанасына жататын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн тарту;
434) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату мен алуды жүзеге асыру;
435) зерттеу жүргiзу тапсырылған адамдарды және танысу үшiн ұсынылуға тиiс ақпарат тiзбесiн көрсете отырып, мониторинг объектiсiнiң басшыларын зерттеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар ету;
436) меншiгiнде немесе басқаруында осы объектiлер бар адамдарды мониторинг объектiлерiн зерттеу нәтижелерiмен таныстыру;
437) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;
438) мемлекеттiк меншiк мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектiлерiне жүйелi зерттеудің жүргiзілуін ұйымдастыру;
439) республикалық мүліктің мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
440) Қазақстан Республикасы жалғыз акционерi (қатысушысы) болып табылатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестердiң) директорларының тиiстi кеңесi (бақылау кеңесi) құрамына өз өкiлiн тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлiк қоғамдарда және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде акционерлердiң немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесiне немесе бақылау кеңесiне кандидатураны бекiтуге ұсыну;
441) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгiленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншiгiне алынатын мүлiк үшiн өтемдi төлеудi жүзеге асыру;
442) республикалық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауданы жүргiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымдарын анықтау жөнiндегi конкурсты «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткiзу;
443) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
444) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
445) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
446) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
447) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
448) республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
448-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
448-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру;
448-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;
448-4) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін қажетті мүліктің тізбесін әзірлеу;
448-5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің тізбесін әзірлеу;
449) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
450) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау, қызметтің осы бағытында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
451) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық дерекқор жүргізу;
452) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
453) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
454) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы алынған ақпаратқа талдауды жүзеге асыру;
455) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
456) соттың қылмыстық іске қатысты сұрау салуы бойынша іс жүргізудегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;
457) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну;
458) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операция туралы ақпараттарды, осындай операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
459) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
460) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқорының қалыптастыруын және жүргізуін ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
461) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
462) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
463) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
464) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу;
465) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
466) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау;
467) ҚР Үкіметінің 2019.20.06. № 422 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
468) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;
469) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;
470) сыртқы барлау уәкілетті органымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты сыртқы барлау уәкілетті органына ұсыну тәртібін айқындау;
471) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;
472) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;
473) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
474) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;