Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындауда отын ретінде;
технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін;
ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;
осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған табиғи газ танылады.
Өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған табиғи газ да танылады;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газға бөлінеді. Бұл ретте, сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тауарлық шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға - егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ көлемі деп мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады.»;
1-тармақтың 90) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
90) 334-баптың 5-тармағының бірінші абзацы және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың құны мынадай тәртіппен:»;
«2) осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдаланған кезде және (немесе) өндірілген табиғи газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - нақты көлемін шығару ретінде:
сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының;
жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының нақты көлемі ретінде айқындалады.
Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілестіріле өндірілсе, табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде:
табиғи газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады.»;
1-тармақтың 91) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
91) 339-баптың кестесінің 1-жолының 3-бағанындағы «, шекемтастар» деген сөз алып тасталсын;
92) 357-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 26-1), 27), 29) - 32), 34), 41) тармақшаларында және 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген табыстар, сондай-ақ:»;
93) 365-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көзделген норма, егер мұндай автокөлік құралдары 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер болып табылса, осы тармақшаларда аталған адамдарға қатысты қолданылмайды.»;
94) 367-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац және екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:»;
«Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:
Р/с № | Салық салу объектісі | Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.): | |
3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда | 35 |
3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда | 46 |
3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда | 66 |
4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда | 130 |
5 000-нан жоғары | 200 |
»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 1 500-ден жоғары 2 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 000-нан жоғары 2 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 500-ден жоғары 3 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда текше сантиметр, қырық алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, алпыс алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда алғанда текше сантиметр, жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 5 000-нан жоғары текше сантиметр болған кезде қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.»;
95) 372-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
1-тармақтың 96) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
96) 373-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «гаражға арналған» деген сөздер «гараждар орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
97) 387-бапта:
1-тармақтың 97) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Кодекстiң 381-бабы кестесінің 23 - 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер учаскелерін айқындау және уәкілетті мемлекеттік органдардың салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
98) 406-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Базалық құн, теңгемен |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар | |
1 | Алматы | 60 000 |
2 | Астана | 60 000 |
3 | Ақтау | 36 000 |
4 | Ақтөбе | 36 000 |
5 | Атырау | 36 000 |
6 | Қарағанды | 36 000 |
7 | Қызылорда | 36 000 |
8 | Көкшетау | 36 000 |
9 | Қостанай | 36 000 |
10 | Павлодар | 36 000 |
11 | Петропавл | 36 000 |
12 | Талдықорған | 36 000 |
13 | Тараз | 36 000 |
14 | Орал | 36 000 |
15 | Өскемен | 36 000 |
16 | Шымкент | 36 000 |
17 | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
18 | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
19 | Кенттер | 4 200 |
20 | Ауылдар | 2 700 |
Бұл ретте, елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес белгіленеді.»;
99) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«408-бап. Салық мөлшерлемелері
Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
1 | 2 | 3 |
1. | 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
2. | 2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы |
3. | 4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда | 2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы |
4. | 6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы |
5. | 8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы |
6. | 10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы |
7. | 12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы |
8. | 14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы |
9. | 16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы |
10. | 18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы |
11. | 20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы |
12. | 75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы |
13. | 100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы |
14. | 150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы |
15. | 350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы |
16. | 450 000 000 теңгеден жоғары | 2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы |
»;
100) 428-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады.»;
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің қолдануға құқығы жоқ.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен, не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.»;
101) 450-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.»;
102) 451-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 102) тармақшасының екінші абзацы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1. Бюджетке төленуге жататын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдалану үшін төлемдердің, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.
1-тармақтың 102) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту сондай-ақ:
1) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде;
2) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған табыстарға қолданылады.»;
1-тармақтың 103) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
103) 456-баптың кестесінің 3 және 3.14-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. | Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
»;
«
3.14 | Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (туындататын) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені (ауыртпалығын тоқтатқаны) үшін | 0 |
»;
104) 468-баптың 1-тармағындағы «айдан» деген сөз «тоқсаннан» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 105) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
105) 481-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.»;
1-тармақтың 106) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
106) 495-баптың 6-тармағының 1.3.6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.3.6. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,009 | |
»;
107) 502-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасында аң аулаған кезде шетелдіктер үшін төлемақы сомасы белгіленген мөлшерлемелерге және 10 коэффициентіне көбейтілген жануарлар саны (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағы) негізге алына отырып есептеледі.»;
1-тармақтың 108) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
108) 526-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«526-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақының жылдық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.»;
109) тармақшаның бірінші, екінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
109) 527-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
109) тармақшаның үшінші абзацы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1. Жылдық төлемақы сомасы жылдық төлемақы мөлшерлемесі мен кеменің регистрлік тоннадағы жалпы сыйымдылығы негiзге алына отырып айқындалады.
109) тармақшаның төртінші - алтыншы абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Бір ай үшін төлемақы мөлшері көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу арқылы айқындалады.
3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір ай үшін төлемақы мөлшерін кеме жүзетін су жолдарының нақты кезеңіне көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, салық кезеңі үшін төлемақы сомасы бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Төлемақы төлеу төлемақы жөніндегі декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.»;
5-тармақтағы «айлық ставка» деген сөздер «бір ай үшін төлемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
110) 528-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнама деп:
1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда;
2) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің аумағы шегіндегі республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамаларды қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамалар танылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - жол органы)» деген сөздер «Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Жол органдары» деген сөздер ««Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор»» деген сөздермен ауыстырылсын;
111) 530-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде жарнама объектісінің ауданы және орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:»;
кестеде:
4-бағанның тақырыбындағы «Облыстық маңызы бар қалалар» деген сөздер «Облыстық маңызы бар қалалар және жолдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-жолдың 2-бағанындағы «шатыр үсті неонды»» деген сөздер «шатырүсті жарық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін жарнама объектісінің орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқылы.»;
112) 534-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;»;
113) 538-баптың 2), 3), 4), және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына визаны бергені және ұзартқаны үшін - 200 пайыз;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресімдеу үшін - 100 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгені туралы құжаттар бергені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 пайыз;»;
«6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы құжаттарды жоғалғандарының не бүлінгендерінің орнына бергені үшін - осы баптың тиісінше 4) тармақшасында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.»;
114) 540-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін - 200 пайыз;»;
115) 541-бапта:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - тарату ісін жүргізу мүдделеріне орай берілген қуынымдар, арыздар, шағымдар бойынша;»;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері - уақытша әкімшіліктің мүдделеріне орай берілген қуынымдар, арыздар, шағымдар бойынша;»;
116) 547-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;»;
117) 551-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін өңдеу және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқауларды жолдау;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;
15-2) шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;»;
118) 553-бапта:
5) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«16 жасқа дейінгі балаларға;»;
9) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәлік және анықтамалар бергені үшін;»;
«13) шетелде уақытша және тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қойғаны және оларға консулдық есепке алынғаны туралы анықтамалар бергені үшін алынбайды.»;
119) 557-баптың 3-тармағында:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктердi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер бөлiгiнде бередi.
Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін монополияға қарсы органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;»;