1-тармақтың 20) тармақшасының төртінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5. Салық есептілігінің электрондық пішімінің құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтылым, салық есептілігін жасау жөніндегі пішімді-логикалық бақылаудың талаптары және осы бағдарламалық қамтылымды жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған болса, онда осы Кодекстің 256-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптарды орындау мақсаттары үшін салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.»;
21) 69-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жою әдісімен мынадай:
1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40, 41 және 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;
2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының және 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен;
3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі жоқ салық төлеуші табыс еткен;
4) осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;
5) қуынымның ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.
Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.
Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.»;
«4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) - 5) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi.»;
22) 71 және 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін күнтізбелік алпыс күнге дейін ұзартуға құқылы.
Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, тіркеу орны бойынша салық органына хабарлауға міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша беріледі.
72-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
1. Салық төлеуші (салық агенті) мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін электронды түрде табыс еткен кезде оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.
2. Осы бапқа сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына жібереді.
Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе салық есептілігін қабылдау және өндеу жүйелері арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электронды түрде жібереді.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.
3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:
1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша - декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;
2) салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша - декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту осы Кодекстің 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.
4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өзгертпейді.»;
23) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім:
1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;
2) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген;
3) осы Кодекстің 579-бабына сәйкес салық органы салық төлеушіні әрекетсіз деп таныған жағдайларда қабылданады.»;
24) 78-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«егер бастапқы лизинг шарты бойынша аннуитеттік төлем әдісі көзделген болса - қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасы лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан аспаса;
егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген болса - қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспаса;»;
25) 79-бап алып тасталсын;
1-тармақтың 26) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы;
10) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдар;
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны.»;
27) 85-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:
1-тармақтың 27) тармақшасының үшінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1-1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табысы;»;
1-тармақтың 27) тармақшасының төртінші абзацы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«23-1) мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын табысы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.»;
28) 87-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) инвестициялық алтын;»;
1-тармақтың 29) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) мынадай мазмұндағы 89-1-баппен толықтырылсын:
«89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары 1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:
1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);
2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;
3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;
4) осы Кодекстің 90-бабының 3-тармағында және 95-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.
2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды.
3. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.
4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады.
Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:
Т * (А/Б), мұнда:
Т - есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;
А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б - шарт күшіне енген күннен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.»;
1-тармақтың 30) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) 90-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.»;
1-тармақтың 31) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31) 95-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған сол салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.»;
32) 99-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «табыс алып тасталуға жатады.» деген сөздер «табыс;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін инвестициялаудан алынған және оны ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстары алып тасталуға жатады.»;
33) 100-баптың 13, 14 және 18-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылмаған, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған 2009 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі шегерімге жатқызылуға тиіс.
14. Салық төлеушi мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне қызметкерлердiң жыл iшiндегi орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, бiр қызметкерге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мiндеттi мүшелiк жарналардың шектi мөлшерiнен аспайтын мөлшерде төлеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналары шегерiмге жатады.»;
«18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте шегерімдердің сомасы осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.»;
1-тармақтың 34) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:
«105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есептелген шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);
3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);
4) осы Кодекстің 106-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдер;
6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты өзге шығыстары.
2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған осындай шарттарға қолданылмайды.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша:
1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:
Р * (А/Б), мұнда:
Р - есепті салық кезеңінде төлеуге жататын (төленген) шығыстар;
А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б - шарттың күшіне енген күнінен бастап есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарна) түріндегі табыс сомасынан аспауға тиіс.»;
1-тармақтың 35) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
Осы тармақтың ережелері олар бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.»;
1-тармақтың 36) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36) мынадай мазмұндағы 106-1-баппен толықтырылсын:
«106-1-бап. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар мен болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 90-1-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.»;
37) 115-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар;»;
38) 118-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
1-тармақтың 38) тармақшасының екінші абзацы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4-1. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген тіркелген активтерді алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын нақты шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.»;
1-тармақтың 38) тармақшасының үшінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«11-2. халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта бағалауды және осындай күнге құнсыздануды есепке алмай айқындалған, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны 2012 жылғы 1 қаңтарда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының тіркелген активтерінің бастапқы құны болып табылады.»;
39) 119-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:
1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша - шығып қалу көрсетілмейді;
2) І топтың өзге тіркелген активтері бойынша - тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;
3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.
Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.
Осы тармақтың мақсатында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады:
мұндай активтер белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;
күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;
есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған активтер.»;
1-тармақтың 40) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40) 123-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:
1) құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде - мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін құрылыс жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;
2) қалған жағдайларда - мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.»;
41) 11-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-параграфпен толықтырылсын:
«§ 5-1. Ұзақ мерзімді келісімшарттар
130-1-бап. Жалпы ережелер
1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған салық кезеңі шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
2. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100 - 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.
Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертілмейді.