Бұл ретте осы талапты ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiлер талап ету табыс етілген күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындауға тиіс.
2. Міндетті мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұлар жөнінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге хабар береді.
Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi осындай хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiнікті ұсынуға мiндеттi.
Уәкілетті орган ұсынылған түсiнікпен келіспеген жағдайда, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын осындай салық төлеушiні қосымша құжаттар мен түсiніктерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн шақыруға құқылы.
Уәкiлеттi орган мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша жазбаша түрде уәжді шешім шығарады, ол шығарылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге жіберіледі.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi шешіммен келiсу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.
133-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
133-бап. Деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібі
Деңгейлес мониторинг салық органы мен салық төлеуші арасындағы, оның ішінде салық органының лауазымды адамдарына салық төлеушінің тұрған жері бойынша оның бухгалтерлік және салықтық есепке алу ақпараттық жүйелеріне және есепке алу құжаттамасына қолжетімділік беру көзделетін кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
16-тарау 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16-тарау. АЛДЫН АЛА ТҮСІНДІРМЕ
134-бап. Жалпы ережелер
1. Уәкілетті органның жоспарланып отырған мәмілелерге (операцияларға) қатысты салықтық міндеттеменің туындауы жөніндегі түсіндірмесі алдын ала түсіндірме болып табылады.
Уәкілетті орган:
деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің;
инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша алдын ала түсіндірме береді.
2. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті органға жазбаша нысанда береді және онда мынадай мәліметтер:
1) салық төлеушiнің (салық агентінің) сұрау салуға қол қойған күнi;
2) салық төлеушiнің деректемелері;
3) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) мәміленің (операцияның) мақсаты мен шарттарының, оның ішінде жоспарланып отырған мәміле (операция) бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы;
5) салық төлеушінің (салық агентінің) жоспарланып отырған мәмілеге (операцияға) қатысты салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу мәселесі бойынша ұстанымы;
6) қоса берілетін құжаттардың тiзбесi қамтылуға тиіс.
3. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуда осындай түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.
4. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға заңды тұлғаның басшысы немесе осындай заңды тұлға басшысының міндеттері жүктелген адам (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қол қояды.
5. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға осындай сұрау салуда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
6. Салық төлеуші (салық агенті) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды уәкілетті органға жіберген күннен бастап уәкілетті орган алдын ала түсіндірмені берген күнге дейінгі кезеңде осындай сұрау салуды кері қайтаруды жүргізуге құқылы.
7. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қараудан, осындай сұрау салу осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бас тартуға құқылы.
135-бап. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау тәртібі
1. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган алдын ала түсіндірмені дайындау барысында салық төлеушіні алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар қосымша мәліметтер алу үшін шақыруға құқылы.
3. Алдын ала түсіндірме салық төлеуші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың шегінде жүзеге асырылады.
17-тараудың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тарау 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 19-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
17-тарау.ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
136-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және салық органдары тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.
3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:
1) назарды тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту;
3) қызметі бойынша тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты салықтық бақылауды барынша азайту.
4. Салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.
Салық органдары осындай талдау нәтижелерінің негізінде:
салық төлеушілерді (салық агенттерін) қызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлуді;
осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдануды жүзеге асырады.
5. Тәуекелдерді басқару жүйесі осы Кодексте көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесі қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
137-бап.Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары
1. Салық төлеушілерді (салық агенттерін) бағалау және тәуекел дәрежелері бойынша оларды кейіннен санаттарға бөлу жүргізілетін белгілер жиынтығы тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары болып табылады. Тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары, мынадай өлшемшарттарды:
салықтық жүктемені;
бір жұмыскердің орташа айлық жалақысын;
салықтық есептілікте көрсетілетін шығыстар мен кірістер сомасын;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелерді;
салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсетуді;
бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды;
арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, осы Кодексте белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауды;
тәуекел дәрежесін төмендетуі мүмкін өлшемшартты;
уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды;
қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау мақсатындағы өлшемшартты қоспағанда, құпия ақпарат болып табылады.
2. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында уәкілетті орган айқындайды.
3. Осы баптың 2-тармағын қоспағанда, құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды және онда, соның ішінде мынадай ақпарат:
1) тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша көрсеткіштер;
2) салық төлеушілерге санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат беру тәртібі және мерзімдері;
3) салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттар туралы осындай салық төлеушіге ақпарат беру тәртібі және мерзімдері;
4) салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі туралы ақпартты жаңартып отырудың кезеңділігі қамтылады.
18-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
1-параграф. Салықтық тексерулерді жүргізу бойынша жалпы ережелер
138-бап. Салықтық тексеру ұғымы
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттеменің орындалуын қоспағанда (жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындылары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемеден басқа), салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.
2. Салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады.
139-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар
1. Мыналар:
1) нұсқамада көрсетiлген салық органының лауазымды адамдары және салық органдары осы Кодекске сәйкес салықтық тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;
2) салықтық тексерулер бойынша мынадай тексерілетін тұлғалар:
осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетiлген аумақ учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;
салықтық тексерулердің басқа нысандары кезiнде - нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi (салық агенті) салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
2. Салық органы арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін осындай арнайы білімі және дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге тартуға құқылы.
Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық органының лауазымды адамы қойған жазбаша сұрақтар бойынша тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмелері салықтық тексеру актісіне, оның ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.
3. Салықтық тексеру тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін, тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттарға, ақпаратқа ие адамдарға, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкіліне де қатысты жүзеге асырылады.
4. Салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушіні (салық агентін) іріктеу мақсатында салық органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға құқылы.
140-бап. Салықтық тексерулердің нысандары
1. Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.
2. Салықтық тексеруді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.
3. Салық органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiне салықтық тексерулерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органдары осы мәселе бойынша тақырыптық тексерулерді:
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілгенге дейін;
осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткенге дейін жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Салықтық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 48-бабында айқындалған тәртіппен есептелетін мерзімнен аспауға тиіс.
Бұл ретте, шеңберінде осындай қарсы тексеру тағайындалған салық төлеушіге (салық агентіне) кешенді немесе тақырыптық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге сәйкес келетін кезең үшін қарсы тексеру жүзеге асырылуы мүмкін.
6-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. Салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша кешенді тексеру, тақырыптық тексеру тағайындалған жағдайда, тексерілетін кезеңді айқындау кезінде салықтар бойынша аудитте қамтылған салықтық кезең қосылмайды.
Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 2) - 24) тармақшаларында, 145-бабы 3-тармағының 2) - 12) тармақшаларында көрсетілген салықтық тексерулерге, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге, жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін өнімнің жекелеген түрлерінің, биоотынның өндірісі және айналымы бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.
7. Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға салық органдары көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар жіберуге құқылы.
Осы тармақта көрсетілген сұрау салуларды жіберу, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
141-бап. Кешенді тексеру
1. Салық органы салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің барлық түрі бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру кешенді тексеру болып табылады.
2. Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері, оның ішінде мынадай мәселелер:
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;
халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолданудың құқыққа сыйымдылығы;
трансферттiк баға белгiлеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;
орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
3. Салық төлеуші (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) таратылған (қызметін тоқтатқан) кезде салықтық тексерулер тек қана кешенді тексеру (бұдан әрі - таратудың салықтық тексеруі) нысанында жүргізіледі.
Салық төлеушінің осындай тексеруді жүргізуге арналған салықтық өтінішті ұсыну жағдайларын қоспағанда, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен шығарылған кезде кешенді тексеру жүргізілмейді.
142-бап. Тақырыптық тексеру
1. Тақырыптық тексеру - салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты мынадай мәселелер:
1) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетiн төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салықтық мiндеттеменi орындау;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салықтық мiндеттемені орындау;
3) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау;
4) салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;
5) халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолданудың құқыққа сыйымдылығы;
6) қосылған құн салығының асып кету сомаларының, оның ішінде қайтару ұсынылған соманың анықтығын растау;
7) бейрезидент қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау;
8) бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшiн қайтадан қарау туралы өтінішінде жазылған;
9) осы Кодекстiң 115-бабында айқындалған тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентінің) орындамауы;
10) осы Кодекстiң 29-бабында көзделген талаптардың орындалуы;
11) салық төлеушiнiң (салық агентінің) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымында жазылған;
12) салық органдарында тiркеу есебiне қою;
13) бақылау-касса машиналарының болуы мәселелері бойынша жүргізетін тексеру болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген мәселе бойынша тақырыптық тексеру ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасына қатысты жүргізілмейді;
14) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
15) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15) мынадай:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша алып өткен, өткізген және (немесе) тиеп-жөнелткен кезде;
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкеткен кезде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
16) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
17) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 20-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
17) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;
18) автокөлік құралдарын көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
19) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау;
20) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;
21) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмді орындау;
22) электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру тәртібін сақтау;
23) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар қалдықтарының болуын растау;
24) ірі салық төлеушілер мониторингі шеңберінде шешімді орындамау мәселелерi бойынша жүргiзетiн тексеру болып табылады.
2. Тақырыптық тексеру мынадай:
1) әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалу мен аударудың толықтығы және уақтылы болуы;
2) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;
3) трансферттiк баға белгiлеу;
4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша да жүргізілуі мүмкін.
3. Тақырыптық тексеру осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бірнеше мәселе бойынша бір мезгілде жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрі бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздей алмайды.
4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша осындай бiрлестiктердiң өкiлдерi осы баптың 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде қатысуға тартылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.
5. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органының шешімі негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, осы баптың 1-тармағының 12) - 23) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалады.
6. Тақырыптық тексеру осы Кодекстің 145-бабы 3-тармағының 2) немесе 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
143-бап. Қарсы тексеру
1. Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларды салық органының осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, көрсетілген салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша операциялар мазмұны мен фактісін растау мақсатында тексеруі қарсы тексеру болып табылады.
2. Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
Қарсы тексерулер уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады.
3. Қарсы тексеру деп:
тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салулары бойынша;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы жөніндегі салықтық міндеттеме бойынша және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқ екенін растамайтын түсіндіру ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.
144-бап. Хронометраждық зерттеп-қарау
1. Салық органы салық төлеушінің зерттеп-қарау жүргізілетін кезең ішіндегі нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру хронометраждық зерттеп-қарау болып табылады.