7) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) өзінің интернет-ресурсында сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесін орналастыру болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.
Сақтандыру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері мен дерекқорына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.
Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 80-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
80-бап. Дерекқор
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.
2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарлы сақтандыру туралы, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) уәкілетті орган;
4) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады.
4. Мыналар:
1) уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ақпарат беру мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;
4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы);
5) сақтандыру және актуарийлік есептер саласында консультациялық қызметтер көрсетуді ұсынатын консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;
7) сақтандыру омбудсманы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісі келісімінің негізінде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге де адамдарға ақпарат беруге жол берілмейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру қолжетімділік деңгейлеріне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:
1) осы баптың 4-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар дерекқордың барлық субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
4) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
5) осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан кезде, сондай-ақ дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.
Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1), 3), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сұрау салуы сақтандыру есебін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Дерекқорға сұрау салуды беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан сұрау салу береді, ол туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде болады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы олардың сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.
Дерекқор субъектісіне сақтандыру есебі оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде ұсынылады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есебін алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген алушыға сақтандыру есебін ұсынуы оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.
Осы баптың 4-тармағының 2), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында көзделген мақсаттарда және тәртіппен ұйымның интернет-ресурсы арқылы сақтандыру есебін алуға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы алуға құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру агенттері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлінісінде) ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде береді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары лицензияда көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынады.
2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқорға беретін ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында тізбеленген ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде береді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға ақпаратты берген кезде оны бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.
82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Ұйым:
1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін беруге;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.
Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;
5) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;
6) сақтандыру есебін беру туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;
7) сақтандыру есептерін беру және берілген сақтандыру есептерінің есебін жүргізу туралы сауал салудың есебін жүргізуге;
8) қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын тиісті негіздер болған кезде түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) электрондық мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
10) осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқордың ақпараттық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатында уәкілетті органның сұратқан ақпаратын, оның ішінде:
берілуі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттармен талап етілетін осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің ақпарат бермеуі, уақтылы бермеуі не толық көлемде бермеуі туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын бұза отырып, осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері туралы ақпаратты беруге;
12) уәкілетті органға дерекқордың қол жеткізуіне рұқсат беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу міндетіне кіретін сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасасқан сақтандыру шарты туралы мәліметтердің дерекқорда бар екендігі туралы ақпаратты оған беруге;
14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің өліміне байланысты зиянның өтеміне құқығы бар адамның жазбаша өтініші алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру полисінің бар не жоқ екендігі туралы жазбаша мәліметтер беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуге, оның ішінде:
сақтандырушыға сақтандыру агентінің бірыңғай тізілімде бар екендігі туралы ақпаратты ұсынуға және сақтандыру шарттарын жасасқан кезде делдалдық қызметтер көрсетуге сақтандыру агенттерінің өкілеттіктерін растауға;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерін бірыңғай тізілімнен алып тастауға міндетті.
2. Ұйым:
1) ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпаратты берушілерден дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін толық және дұрыс ақпаратты талап етуге;
3) ақпарат берушінің ұсынған ақпаратын оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат беруші, сақтандыру есебін алушы, дерекқор субъекті деректерінің ақпараттық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сай келмеуіне байланысты оны дерекқорда пайдаланбай қайтаруға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) кәсіпкерлік қызметке байланысты ақпараттық материалдарды өзін-өзі реттейтін ұйымнан сатып алуды жүзеге асыруға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) дерекқорды қалыптастыру және пайдалану үшін ақпаратты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерінен алуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды
3-3) сақтандыру есептерін алушыларға сақтандырылған көлік құралының тарихы жөнінде ақпаратты беруге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
3. Ақпарат берушілер:
1) ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімде оны қалыптастыру үшін дерекқорға ақпарат беруге;
3) дерекқор субъектісінің талабы бойынша ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
4) ұйымға дерекқор субъекті туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпарат беруге;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) электрондық мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;
7) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымға үш жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
4. Ақпарат беруші:
1) берілетін ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды ұйымнан талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) ақпарат алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
5. Осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
1) ақпарат алушы ретінде тіркеу кезінде өздері берген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;
2) алынған ақпаратқа қатысты оның жабықтығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) алынған ақпаратты осы Заңда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
4) дерекқор субъектісін оның талабы бойынша ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ішкі құжаттарға сәйкес осы ақпараттың көшірмесін беруге;
5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру және (немесе) алу туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді мойнына алуға міндетті.
6. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
7. Дерекқор субъектісі:
1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;
2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының дерекқордан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;
3) ақпарат беруші туралы ақпаратты алысымен сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін мәлімдеуге;
4) ақпарат берушіге және ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен өтініш жасауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары
Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт:
1) тараптардың толық атауын, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтерді;
2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқаманы;
3) дерекқордан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысанын;
4) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттерін;
5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібін;
6) дерекқорды қалыптастыру үшін ақпараттың түрлерін, көлемін, мерзімін (кезеңділігін), оны беру тәртібін;
7) сақтандыру есептерінде қамтылатын ақпараттың түрлерін, мерзімін (кезеңділігін), көлемін және сақтандыру есептерін алу тәртібін;
8) шарттың қолданыс мерзімін, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тарту кезінде оны өзгертудің, бұзудың негізі мен тәртібін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандығы немесе тиісінше орындағандығы үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшерлерін;
9) ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ақпарат берушінің міндеттемесін;
10) алынатын барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ұйымның міндеттемесін;
11) шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптарды қамтуға тиіс.
Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тарту өз еркімен қайтарған, сондай-ақ сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айырған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы Заңның 81-бабында көзделген қолданыстағы сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ұйымға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасу кезінде ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа:
1) осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары;
2) дерекқорды құру және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдары үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдық, техникалық іс-шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндеттілігі туралы талаптар міндетті түрде енгізілуге жатады.
84-бап. Ұйымға тіркелу
Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын есептік тіркеу туралы анықтаманы;
3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді.