4. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітеді.
5. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
6. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар нормативтік құқықтық акт болып табылады.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану шарттары
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жайылымдарды беру және пайдалану шарттары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Осы Заңның 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.
2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды беру кезінде мынадай шарттар ескерілуге тиіс:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының болуы;
2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің болуы және олардың жай-күйі;
3) жер учаскесінің өнімділігі.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарлары бір жыл бойы (пайдаланылмау фактісі алғашқы анықталған кезден бастап) жайылмаса не олардың саны уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасының елу пайызынан аз болса және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабылмаса, мұндай жайылымдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қойылуға жатады.
4. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді.
15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі.
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.
5. Бір аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің пайдалануына беруді аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұсынысы бойынша ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
6. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
7. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы жайылымдарды басқа облыстың пайдалануына беруді облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
16-бап. Шалғайдағы жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі
1. Бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
2. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 15-бабының 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.
Шалғайдағы жайылымдарды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесіне енгізу Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын жайылым пайдаланушылардың табиғи су айдындарына және бюджет қаражаты есебінен салынған суландыру құрылыстарына тең қол жеткізу құқығы бар.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
16-1-бап. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар
1. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеу нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жерлерге түгендеу жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.
2. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар топырақтың құнарлылығын сақтаудың, көпжылдық шөптердің және аридтік өсімдіктердің (дақылдардың) шығымдылығы жоғары сорттарын егу арқылы жаңа шалғын өсірудің, суландырудың табиғи процестеріне және басқа да іс-шараларды өткізуге ықпал ету болып табылады.
3. Жайылымдарды мониторингілеу жайылымдардың жай-күйін, оларды пайдалану нәтижесінде туындап жатқан өзгерістерді бақылау, олардың жай-күйін бағалау мен болжау, жағымсыз процестерді анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
4. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ жайылым пайдаланушылар қамтамасыз етеді.
5. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
17-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
17-1-бап. Өтпелі ережелер
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар бекітілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленіп, бекітіледі.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы ақпанның 20-ы
№ 47-VI ҚРЗ