723) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асыру;
724) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеуге қатысу;
725) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлеуге қатысу;
726) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
727) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
728) республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
729) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
730) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру;
731) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;
732) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарау;
733) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
734) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;
735) мемлекеттік сатып алу саласында республикалық тізілімдерді қалыптастыруды жүзеге асыру және жүргізу;
736) Министрліктің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
737) ведомстволар басшыларының олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрлік актілерінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын, оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекіту;
738) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
739) ведомстволардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;
740) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімдер қабылдау;
741) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауы мен қарауы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
742) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнінің есебі;
743) құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
744) ұлттық бақылану жүйесіне енгізілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді және (немесе) бақылану тетігін іске асыруды қамтамасыз ету;
745) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын айқындау және оны беруді жүзеге асыру;
746) экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті беру бойынша есепке алуды тіркеу тәртібін айқындау;
747) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
748) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
749) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттарын тіркеу, сондай-ақ оларды тіркеу тәртібін айқындау;
750) ауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісінің нысанын бекіту;
751) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 296-бабы 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындау;
752) аванстық төлемдердің, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ өзге де ақшаны төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген сомаларды есепке жатқызу (қайтару) тәртібін айқындау;
753) кеден органдарының тәуекелдерді басқару процесін іске асыру тәртібін айқындау;
754) тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралы декларациясын тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібін айқындау;
755) қызмет аймағында тауарлар бар кеден органынан басқа кеден органында тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындау;
756) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайларды айқындау;
757) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
758) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 41-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, кедендік декларациялауды жүзеге асыру мақсатында оларға қатысты кеден органдары тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдайтын тауарлардың тізбесін бекіту;
758-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
758-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
758-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
758-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
758-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
758-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
758-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
758-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
758-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
758-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
758-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
758-12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебемен республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы тәртібін айқындау;
758-13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебемен республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік сыртқы қарыздарының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын келісу;
759) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік жүйесінің жұмыскерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауаптылықта болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
22. ҚР Үкіметінің 2022.19.04. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Министрліктің мүлкі
23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2022.30.12. № 1132 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы.
2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы.
3. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.
4. «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd жеке компаниясы.
5. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd жеке компаниясы.
6. ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1033 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1033 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.16.11. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің
тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Аршалы аудандық қазынашылық басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Астрахан аудандық қазынашылық басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Атбасар аудандық қазынашылық басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Бұланды аудандық қазынашылық басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Зеренді аудандық қазынашылық басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Біржан сал аудандық қазынашылық басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ерейментау аудандық қазынашылық басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Егіндікөл аудандық қазынашылық басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Есіл аудандық қазынашылық басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жақсы аудандық қазынашылық басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жарқайың аудандық қазынашылық басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қорғалжын аудандық қазынашылық басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Сандықтау аудандық қазынашылық басқармасы.
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Степногорск қалалық қазынашылық басқармасы.
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Шортанды аудандық қазынашылық басқармасы.
19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Целиноград аудандық қазынашылық басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алға аудандық қазынашылық басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Әйтеке би аудандық қазынашылық басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ырғыз аудандық қазынашылық басқармасы.
26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы.
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мұғалжар аудандық қазынашылық басқармасы.
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасы.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Темір аудандық қазынашылық басқармасы.
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ойыл аудандық қазынашылық басқармасы.
31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Хромтау аудандық қазынашылық басқармасы.
32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қобда аудандық қазынашылық басқармасы.
33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Шалқар аудандық қазынашылық басқармасы.
34. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
35. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Балқаш аудандық қазынашылық басқармасы.
38. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық қазынашылық басқармасы.
39. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы.
40. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Іле аудандық қазынашылық басқармасы.
41. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы.
42. - 46. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
47. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Кеген аудандық қазынашылық басқармасы.
48. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Талғар аудандық қазынашылық басқармасы.
50. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасы.
53. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы.
54. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
55. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жылыой аудандық қазынашылық басқармасы.
56. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Индер аудандық қазынашылық басқармасы.
57. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Исатай аудандық қазынашылық басқармасы.
58. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қызылқоға аудандық қазынашылық басқармасы.
59. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Құрманғазы аудандық қазынашылық басқармасы.
60. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақат аудандық қазынашылық басқармасы.
61. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Махамбет аудандық қазынашылық басқармасы.
62. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
63. - 66. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
67. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасы.
68. ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)