42) мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын әзірлеу және бекіту;
43) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
43) шоттардың бірыңғай жоспарын әзірлеу және бекіту;
44) берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындау;
45) жосықсыз бағалаушылардың тізілімін жүргізу;
46) мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
47) республикалық бюджеттің, облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдерді көрсету тәртібін әзірлеу және бекіту;
48) өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп бойынша жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу;
49) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
50) мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
51) мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын әзірлеу және бекіту;
52) қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысаны мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
53) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін республикалық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін келісу;
55) конкурстық (аукциондық) құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келісу;;
56) мемлекеттік меншіктегі концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру тәртібін айқындау;
57) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
58) Министрліктің құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
59) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
60) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің, оның ішінде веб-порталдардың жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда, сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
61) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарын айқындау;
62) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
63) мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту;
64) мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
65) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекіту;
66) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;
67) ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
68) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын әзірлеу;
69) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шарттарын бекіту;
70) мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;
71) мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілік тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту;
72) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау;
73) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау;
74) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алудың жыл сайынғы есебін дайындау, сондай-ақ оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру қағидаларын бекіту;
75) мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
76) мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын айқындау;
77) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртектің нысанын әзірлеу және бекіту;
78) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы әзірлейтін және бекітетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;
79) мемлекеттік кепілдік беру, мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда дерексіз республикалық бюджет қаражатын қайтару мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілдермен (агенттермен) өзара іс-қимыл жасау;
80) өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген, мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың есебін жүргізу;
81) ҚР Үкіметінің 2022.19.04. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
82) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеу және бекіту;
83) ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
84) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттарын (корреспонденттікті қоспағанда) бекіту;
85) электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына республикалық бюджет жобасын бағалау жөніндегі қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсыну;
87) салық және бюджет саясатының, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдауға қатысу;
88) салық және бюджет саясатын, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
89) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың жай-күйі мен алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды дайындау;
90) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
91) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
92) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;
93) республикалық бюджет жобасын әзірлеу тәртібін әзірлеу;
94) мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін әзірлеу және бекіту;
95) бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындау;
96) республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
97) шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
98) салық органына түбіртектерді пайдалану, сондай-ақ салық сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді беру тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
99) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
100) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
100) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына қатысты актілерді бекіту және интернет-ресурста орналастыру;
101) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
102) әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындау;
103) әкімшінің біліктілік емтиханын өткізу тәртібін белгілеу;
104) бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту;
105) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
106) бағалау қызметі саласында оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағат көлемін бекіту;
107) бағалаушылар палаталарының қағидалары мен стандарттарын келісу;
108) бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік этикасының үлгілік кодексін және бағалаушылар палатасының өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жолданымдарды қарауына қойылатын талаптарды бекіту;
109) әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін айқындау;
110) коэффициенттерді есептеу және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау тәртібін айқындау;
111) оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
112) оңалту жоспарының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
113) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;
114) Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңдарына сәйкес банкроттың (борышкердің) мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін және ұйымдастырушыны айқындау;
115) уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төмен шегін белгілеу;
116) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін белгілеу;
117) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпараттың нысандарын, сондай-ақ оны беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
118) уақытша және банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібін, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау;
119) егер өтініш беруші салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
120) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және жоюға болмайтын, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын әзірлеу және бекіту;
121) кредиторлар талаптары тізілімінің тәртібі мен нысанын әзірлеу және бекіту;
122) Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңдарына сәйкес кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібін айқындау;
123) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтаудың мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидаларын және нысанын әзірлеу және бекіту;
123-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы мәлімдемеу нысанын әзірлеу және бекіту;
123-2) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және банкрот деп тану туралы шешім нысанын әзірлеу және бекіту;
123-3) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысы қорытындысының нысанын әзірлеу және бекіту;
123-4) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысының банкроттың міндеттемелерін тоқтату үшін негіздердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды нысанын әзірлеу және бекіту;
123-5) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;
123-6) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын әзірлеу және бекіту;
123-7) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысының қорытынды есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;
123-8) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
124) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын (мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын) келісу;
125) бюджеттік жоспарлау саласында басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
126) бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
127) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңдардың жобаларын әзірлеу, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыну;
128) ұлттық жобаларды, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын бюджеттік қаржыландыру көлемдерімен қамтамасыз етілу бөлігінде келісуді жүзеге асыру;
129) бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
130) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін айқындау;
131) тиісті саладағы (аядағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
132) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
132) міндетті немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;
133) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оны жасау тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлеу және бекіту;
134) бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
135) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
136) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытынды дайындау;
137) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарау;
138) республикалық бюджет туралы заңды іске асыру, тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
139) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу;
140) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
141) бюджет түсімдері бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында бөлу кестесін, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында кірістерді бөлу нормативтерін, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бекіту;
142) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытынды ұсыну;
143) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге қорытындылар қалыптастыру;
144) концессиялық жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру жөнінде ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
145) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытынды қалыптастыру және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
146) желілер, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
147) мемлекеттік кірістер органдарының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы дерекқорды және орналастыруға жататын көрсетілген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді жүргізу тәртібін, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін айқындау;
147-1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялау;
148) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;
149) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
150) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін бекіту;
151) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін бекіту;
152) нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;
153) жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін бекіту;
154) нысаналы трансферттерді аудару, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп нысанын бекіту;
155) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркеу тәртібін және оның мониторингі тәртібін айқындау;
156) бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін келісу;
157) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;
158) Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және бекіту;
159) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
160) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкіл жіберу;
161) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіптік ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
162) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын әзірлеу және бекіту;
163) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
164) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;
165) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту;
166) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бекіту;
167) арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету рәсімдерін әзірлеу және бекіту;
168) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
169) концессия шарты бойынша концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) алатын тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтардағы концессионердің құндық теңгерімдерін азайтатын құнды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
170) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;
171) есептілікті ұсыну тәртібін, нысандары мен мерзімдерін, есептілікті ұсыну тәсілдерін, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
172) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған еркін қоймада орналастыру үшін еркін қойманың кедендік рәсімімен міндетті түрде орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының жекелеген санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
173) Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойманың кедендік рәсімі қолданылмайтын шетелдік тауарлардың және (немесе) шетелдік тауарлар санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
174) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай, еркін қойма аумағынан әкетуге мемлекеттік кірістер органдарының рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
175) еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған, тауарларды дайындау (алу) процесінде, өндірістік процестерді қамтамасыз етуде, еркін қойма аумағында пайдаланылатын жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп-ұстауда және пайдалануда өтеусіз жоғалған тауарларды (өндірістік ысыраптарды) дайындауға (алуға) қатысатын немесе жәрдемдесетін тауарларды (өндірістік ысыраптарды) толық немесе ішінара жұмсаған (тұтынған) жағдайда, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында еркін қойманың кедендік рәсімінің іс-қимылын аяқтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;