7. Банкке ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берілген кезден бастап:
1) банктік және өзге де операцияларды жүргізуге бұдан бұрын берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылады;
2) банкті ислам банкіне айналдыру аяқталды деп есептеледі.
Банк ислам банкінің банктік және өзге де операцияларын жүргізуге, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұдан бұрын берілген лицензияның тұпнұсқасын қайтаруға міндетті.»;
29) 60-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктерді (банк холдингтерін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту, айналдыру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықтырылсын:
«1-1. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру тәртібі осы Заңның 4-2-тарауында белгіленеді.»;
30) 7-1-тарау мынадай мазмұндағы 61-5-баппен толықтырылсын:
«61-5-бап. Банктік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үздіксіздігін қамтамасыз ету
1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінің резервтік орталығының, резервтік байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз етеді.
2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық және басқа да құралдарға енгізілетін және банктік көрсетілетін қызметтердің клиентке қолжетімділігіне әсер ететін, қолданысқа енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер (жаңартулар) туралы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында немесе шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде клиенттерді хабардар етеді.
3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттерге көрсетілетін қызметтерді ұсынудың кепілді үздіксіз деңгейін қамтамасыз етеді, ол банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында белгіленеді және банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға жатады.
4. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелері жұмысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.»;
31) 63-баптың 1-тармағындағы «20-бабының 2-тармағында» деген сөздер «20-бабының 3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 74-4-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде, тарату комиссияларының анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;»;
12-тармақтың 33) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
33) 75-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның талаптары, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 1, 2, 3, 4, 5, 5-1, 11, 11-1, 11-2, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 17-2, 18, 21, 52-4, 54-1, 60, 60-1, 61-4, 67-1, 76-1, 77, 78-баптарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.».
13. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат):
1) 5-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ипотекалық ұйым қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету жөніндегі жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған кезде, уәкілетті орган пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
2) 5-4-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған кезде, оған осы бапта белгіленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі.
2. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде ипотекалық ұйымға мынадай шектеулі шараларды қолдануға құқылы:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;
2) жазбаша ескерту жасау;
3) жазбаша келісім жасау.
Ипотекалық ұйымға анықталған бұзушылықтарды (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне арналған нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның ипотекалық ұйымға, осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін ипотекалық ұйым өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы уәкілетті орган мен ипотекалық ұйым арасында жасалған жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге ипотекалық ұйым тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.
Ипотекалық ұйым уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалуы туралы хабардар етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ипотекалық ұйымға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау бойынша мерзімді уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.»;
13-тармақтың 3) тармақшасының талаптары орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады
3) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ипотекалық шартты жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiкті кепiлде ұстаушының меншiгiне өткен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары борышкер - жеке тұлғада өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге де мүлік немесе кіріс болмаған кезде, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде және сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану күніне жеке тұлғаға тиесілі немесе негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сот тәртібімен сату жағдайына қолданылады.».
14. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 15-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын.
15. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 23-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жарғылық капиталының ең төмен мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнге бір жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан кем болмауға тиіс.».
3-тармақтың бірінші бөлігі «қаржы компанияларын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асыру осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік орган қызметкерінің лауазымдық міндеттеріне кірсе, онда осындай қызметкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында еңбек қатынастары туындамайды және олардың арасында еңбек шарты жасалмайды.».
16-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат, № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткіліксіз болған кезде төлемдік талап-тапсырманы орындау, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, банк шотына ақшаның түсуіне қарай жүзеге асырылады.
Ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін, ақша жөнелтуші-жеке тұлғаның ағымдағы шотына берілген төлемдік талап-тапсырма төлемдік талап-тапсырмада көрсетілген барлық соманың банк шотына түскені күтілместен, ақша жөнелтушінің ағымдағы шотындағы ақша сомасының және (немесе) ақша жөнелтушінің ағымдағы шотына кейіннен түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде орындалады.».
17. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның күші мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының қызметіне қолданылмайды.».
18. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
18-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 1, 3, 5, 10-1, 16-2, 16-3, 18, 18-1, 18-2, 19, 21, 24, 25, 26, 26-1, 32, 35, 40, 41, 49, 50, 51, 52, 53-4, 59, 60, 61, 62, 63, 74-1-баптарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылмайды.»;
2) 3-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлығын, адалдығын растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;»;
мынадай мазмұндағы 18-3) тармақшамен толықтырылсын:
«18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының субординарлық борышы - осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі»;
23-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен (болған кезде) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кірмейді;»;
3) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымы ғана жүзеге асыра алады.»;
18-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 5-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен шарттар жасасқан жағдайларға қолданылмайды.»;
18-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 10-бап:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;»;
6) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарына, сондай-ақ капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысатын ұйымдарға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығарған, субординарлық борыш талаптарына сәйкес келетін облигацияларды иеленуге және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қарыздар ұсынуға тыйым салынады.»;
18-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7) 16-1-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын құруға рұқсат етіледі.
7. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.»;
8) 18-1-баптың 5-тармағында:
бірінші бөлік 3) тармақшадағы «анықтауы негіз болып табылады.» деген сөздер «анықтауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тараптардың келісуі бойынша тапсырыс шартын тоқтату негіз болып табылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, осы тұлғаға ол шығарылған кезден бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырыс шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырыс шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға тиіс.»;
18-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
9) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқықтық мәртебесі филиалды әділет органдарында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ретінде мемлекеттік тіркеумен және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың болуымен айқындалады.»;
10) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келетін жағдайда, шығару проспектісімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.»;
11) 6-тарау мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Субординарлық борыш
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты ол туындаған кезден бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келмейтін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;