Осы талап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры кандидатты келісу туралы өтінішхат берген күнге дейін бір жыл бойы қолданылады;
6) басшы қызметкер лауазымын атқаратын (атқарған) не басшы қызметкердің міндеттерін орындайтын кандидат қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, осы банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған, кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау фактілері туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.
Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін қаржы ұйымына қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту алынғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі реттен көп емес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
8. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай өткеннен кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.
9. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай негіздер бойынша қайтарып алуға құқылы:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оларды шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті органның осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
6) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алу үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
«58-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) жазбаша ескерту шығаруға;
3) жазбаша келісім жасауға құқылы.
2. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне арналған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы баптың 7-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабарлауға міндетті.
6. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, оларға санкциялар қолдануға құқылы.
8. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айыппұлдар салуға және оларды өндіріп алуға;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға не одан айыруға;
3) осы Заңның 55-бабында аталған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері (қызметкерлері) лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы. Осы Заңның 55-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында тиісті басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуды жүргізеді.
9. Уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге мынадай негіздердің кез келгені бойынша тоқтата тұруға құқылы:
1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың анық еместігі анықталуы;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі басталуының лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідіруі;
3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) уәкілетті орган белгілеген нормативтердің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
6) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары талаптарының орындалмауы;
7) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тарту;
8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде жоймауы;
9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;
10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзуы.
10. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды (алушыларды) тартуға тыйым салуға алып келеді.
11. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры күнтізбелік он күн ішінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау және өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы салымшылардың (алушылардың) назарына жеткізеді.
12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептерін белгіленген мерзімде жоймауы уәкілетті органның лицензиядан айыруына негіз болып табылады.
13. Өзіне қатысты уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. Уәкілетті органның көрсетілген шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган өзінің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.»;
5) 60-баптың 8-тармағындағы «, облыстық маңызы бар қалаларда» деген сөздер «маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың талаптары жобалық қаржыландыру, секьюритилендiру мәмiлелерiне және қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерге қолданылмайды.»;
2) 96-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен және 7) тармақшасындағы «құқығы енгізілмейді.» деген сөздер «құқығы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлік;»;
«8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген, мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клиринг (кепілді және резервтік) қорларына жарналар болып табылатын клиринг ұйымы клиентінің (клиринг қатысушысының) қаржы құралдары енгізілмейді.».
42. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
42-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін рұқсаттарға;»;
2) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Айналдыру нысанында банкті ислам банкіне ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде:
банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияның қолданылуы оған ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берген кезден бастап тоқтатылады;
лицензиар бағалық қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен, тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ислам банкіне қайта ресімдейді.»;
4) 2-қосымшадағы 67, 191 және 192-жолдар алып тасталсын.
43. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 8, 45-құжат):
2-бапта:
1-тармақ тоғызыншы абзацтағы «бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «бесінші абзацтарын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 18) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 25-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға 2017 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру дерекқорын (қабылдау-тапсыру актісі негізінде) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға 2017 жылғы 30 шілдеден кешіктірмей өтеусіз негізде беруге міндетті.»;
екінші бөліктегі «Дерекқорды» деген сөз «2017 жылғы 1 шілдеге дейін дерекқорды» деген сөздермен, «жүзеге асыратын» деген сөздер «жүзеге асырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 5-тармағында көзделген дерекқорды басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру актісін 2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей алуға міндетті.»;
4-тармақта:
«мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметін жүзеге асырған күннен бастап үш ай ішінде» деген сөздер «2017 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпарат беру және мемлекет қатысатын сақтандыру дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандыру есептерін алу туралы» деген сөздер «мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2014 жылғы 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 18-тармағы 12) тармақшасының екінші абзацын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 25) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларын, 8-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының екінші абзацынан бастап он алтыншы абзацын қоса алғанда, 7) және 8) тармақшаларын, 10-тармағы 3) тармақшасының үшінші және он екінші абзацтарын, 6), 10), 19), 22) және 27) тармақшаларын, 28) тармақшасының үшінші абзацын, 29), 33) және 34) тармақшаларын, 12-тармағы 12) тармақшасының жетінші абзацынан бастап он сегізінші абзацын қоса алғанда, 20) және 33) тармақшаларын, 18-тармағының 1), 4), 5), 7), 9), 14) тармақшаларын, 16) тармақшасының алтыншы абзацынан бастап он жетінші абзацын қоса алғанда және 22) тармақшасын, 26-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7), және 8), 42-тармағының 1) тармақшасын;
4) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 5) тармақшасының сексен жетінші, сексен тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағы 18) тармақшасының үшінші абзацынан бастап алтыншы абзацын қоса алғанда, он бесінші абзацын, 39-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4) тармақшасының үшінші абзацынан бастап жетінші абзацын қоса алғанда;
5) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 12-тармағы 15) тармақшасының екінші абзацынан бастап он бірінші абзацын қоса алғанда, он төртінші абзацынан бастап жиырма жетінші абзацын қоса алғанда, 18) тармақшасының жетінші абзацынан бастап он бірінші абзацын қоса алғанда, 39-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацынан бастап он бесінші абзацын қоса алғанда;
6) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабы 12-тармағының 16) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген, жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес төленуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды;
7) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және ол қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 18) тармақшасының он жетінші абзацын;
8) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацын және 16-тармағын;
9) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 18-тармағының 31) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы және 10-тармағы 25) тармақшасының екінші абзацы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.