1) 99-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;»;
2) 141-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жылдық жиынтық табысты айқындау кезінде осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері ескерілмейді.»;
3) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
5-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы 2016 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
«29-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым төлейтін, еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (тенге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша біржолғы өтемақы түріндегі кіріс;
5-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
29-2) еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы түріндегі табыс;»;
4) 248-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін;
4-2) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша уақытша иелік етуге және пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;»;
5) 375-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері.»;
6) 396-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «құрылыстар салық салу объектілері болып табылмайды.» деген сөздер «құрылыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы иеленген ғимараттар, құрылыстар;»;
7) 456-баптың кестесі мынадай мазмұндағы 3.14-1., 3.15-1-жолдармен толықтырылсын:
«
3.14-1. | осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқық ауыртпалығын (ауыртпалықты тоқтатуды) тіркегені үшін | 0 |
»;
«
3.15-1. | осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқықты тіркегені үшін | 0 |
».
6. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):
6-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұнында 243-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«243-бап. Банктiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының ақшасын заңсыз пайдалану»;
2) 3-баптың 38) тармақшасында:
«238, 239,» деген цифрлар «238 (бірінші бөлігі), 239 (бірінші және екінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«240, 242 және 243-баптарда» деген сөздер «240, 242, 243 және 250 (екінші бөлігі)-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«236-бапта - төленбеген кедендік төлемдердің бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны;» деген сөздерден кейін «238 (екінші бөлігі) және 239 (үшінші бөлігі)-баптарда - орта кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомада не ірі кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен қырық мың есе асатын сомада келтiрiлген нұқсан;» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 50-бапта:
бірінші бөлік «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында» деген сөздерден кейін «, қаржы ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 238-бабының екінші бөлігінде, 239-бабының үшінші бөлігінде, 250-бабының екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, оның ішінде осы Кодекстің 239-бабының үшінші бөлігінде көзделген қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғалар жасаған, азаматқа, заңды тұлғаға, қаржы ұйымына немесе мемлекетке ірі нұқсан келтіруге алып келген, экономикалық қызмет саласындағы және қаржы ұйымдарындағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге белгіленеді.»;
4) 238-бапта:
бірінші абзацтағы «Әдейі банкроттық» деген сөздер «1. Әдейі банкроттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері жасаған, қаржы ұйымына, банк және (немесе) сақтандыру холдингіне ірі нұқсан келтірген дәл сол іс-әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
5) 239-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлғаның, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органы басшысының, мүшесінің, атқарушы органы басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не өкiлеттiк бойынша орындайтын адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабiлетсiздiгiне алып келген қасақана әрекетi (әрекетсiздiгi), - »;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлғаның, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органы басшысының, мүшесінің, атқарушы органы басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкiлеттiк бойынша орындайтын адамдардың жасаған, қаржы ұйымына ірі нұқсан келтірген іс-әрекеттері -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
6) 242-баптың бірінші абзацы:
«Банк» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы» деген сөздермен толықтырылсын;
«осы банктің,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«243-бап. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының ақшасын заңсыз пайдалану
1. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметкерлерінің банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының меншікті қаражатын және (немесе) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының тартылған қаражатын көрінеу қайтарымсыз кредиттер беру немесе банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы үшін көрінеу пайдасыз мәмілелер жасау үшін пайдалануы, сол сияқты банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының клиенттеріне не басқа да адамдарға банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының негізсіз кепілдіктерін немесе негізсіз жеңілдік шарттарын беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі нұқсан келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметкерлерінің клиенттердің банктік шоттары бойынша ақша сомаларын, оның ішінде валюта қаражатын көрінеу дұрыс аудармауы немесе көрінеу уақтылы аудармауы, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі нұқсан келтірсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.».
8) 250-бапта:
бірінші абзацтағы «Коммерциялық немесе» деген сөздер «1. Коммерциялық немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері жасаған, азаматқа, заңды тұлғаға, мемлекетке, қаржы ұйымына ірі нұқсан келтірген дәл сол іс-әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
7. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
187-баптың 3-1-бөлігіндегі «239 (екiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «239 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мазмұнында:
229, 231 және 259-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
8-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты талаптарды бұзуы»;
«231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу;»;
«259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу»;
8-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 212-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «Қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) 213-бапта:
төртінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
он бірінші бөліктің бірінші абзацы «Банктің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші бөлікте:

он төртінші бөліктің бірінші абзацы «Банктің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (2016 ж. 10 қыркүйекте қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) 220-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:

үшінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзац «банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-бөлікте:
бірінші абзац «банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«заңды тұлғаларға» деген сөзден кейін, «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөлікте:

сегізінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) 227-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын,
екінші абзац «iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) 228-бапта:
8-тармақтың 6) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;