ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 127-бап өзгертілді
127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізу
1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткізу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы өкiлеттігiнің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзімi аяқталуына бір жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзілмейдi.
15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
128-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 129-бап өзгертілді; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 129-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртібі
1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөніндегі сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткізудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.
2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртібімен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.
4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.
5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi.
6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.
7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.
130-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi
Республика Конституциясында көзделген, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң қолданысқа енгізілгеннен кейiн тағайындайды.
132-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 133-бап өзгертілді
133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы
Осы Конституциялық заң:
1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;
2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:
1) 59-бапта:
2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.
Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктердің;
5-тармақтың 4-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
6-тармақтың 3-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкi туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
7-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;
2) 73-бапта:
2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.
Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің;
4-тармақтың 4-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
5-тармақтың 3-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкi туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;
3) 89-бапта:
2-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.
Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;
3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
5-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
6-тармақтың 5) тармақшасы бірінші бөлігінің алтыншы абзацы және 6) тармақшасы бірінші бөлігінің жетінші абзацы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;»;
«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтардың;
4) 104-бапта:
1-1-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;
2-тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анық еместiгі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;
5) 118-бапта:
1-1-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.
Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;
2-тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;
6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының