Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің бұрын иеленген акцияларының құны шегеріле отырып) банктің бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
1-1. Өзі орналасқан елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады.
2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін, осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
2-1. Банк холдингін немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар көрсетілген банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.
Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және көрсетілген банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға қолданылмайды.
Егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі талаптар банктің басқа банк акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7, 7-1 тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш беруге міндетті.
4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.
Мыналар:
кәсіпкерлік, еңбек қызметінен немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістер;
өтініш берушінің құжатпен расталған жинақталған ақша қаражаты банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша банктің акцияларын сатып алу үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.
Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен банктің акцияларын сатып алған кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3-1) банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттар көшірмелері қоса тіркелген мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешектер туралы ақпаратты;
4) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оның беруі кезінде, мыналар:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.
Банктің ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде банктің акцияларын иеленген жеке тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:
1) жеке тұлғаға меншік құқығымен тиесілі мүліктің құны (банк бұрын иеленген акциялардың құны шегеріле отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және ол бұрын иеленген банк акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістері, сондай-ақ оның құжаттамалық расталған ақшалай жинақтары бағалаушы айқындаған, сыйға тартылған банк акциялары құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.
5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен екінші бөлік өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Егер өтініш беруші осы Заңның 61-4 және 61-11-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің ірі қатысушысы мәртебесін алушы банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылған жағдайда өтініш берушінің басқару органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады;
1-1) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) иелік ететін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындау немесе оларды бақылау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
1-2) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2-1) өзінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, оның ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
4) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
6) өтініш берушінің және банктің мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларының талдамасын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, өтініш берушінің банк активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.
6. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды:
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш берушінің сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігін білдіретін жазбаша растауын, не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай шешім осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы өтінішін ұсынады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасының және 5-тармағы 3) тармақшасының өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруі бөлігіндегі талаптары мынадай шарттардың біреуі орындалған кезде:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А-дан төмен емес кредиттік рейтингі болса;
2) өтініш беруші тұрған елдің қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар (қатысу үлесі, жарғылық қызмет түрлері) және өтініш берушінің ірі қатысушылары жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ өтініш берушінің қаржылық жағдайы туралы ақпарат болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына қолданылмайды.
7. Банк холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
1-1) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын;
1-2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
7-1. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ету үлесі бар банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяу бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам пайызын иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар;
6) олардың бірі екінші тұлғаға оның сыйға берген ақшасы немесе өтеусіз алған мүлкі есебінен банктің акцияларын сатып алуға мүмкіндік жасаған тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары талаптарының (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;
өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;
уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймау;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) сатып алушы тарап болып табылатын жағдайлар;
өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғада, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
өтініш берушіде - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкерінде - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар;
өтініш беруші заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалар - ірі қатысушылар және банк холдингтері бойынша, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдарының арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы;
өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамалары олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
банк ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы негіз болып табылады.
Егер банк холдингі мәртебесін алғысы келетін тұлға еншілес қаржы ұйымын құратын немесе сатып алатын не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алатын жағдайда, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде осы Заңның 11-1-бабының 6-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйым құруға (сатып алуға), ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуға негіздері болған кезде, уәкілетті орган банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартады.
Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
өтініш беруші міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;
өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;
өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегере отырып) банктің акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болса;
өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының бар екенін және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде алты айдан аспайтын мерзімде банктің акцияларын өткізу жөніндегі талаптар тұрғысынан осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12. Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруі банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа:
1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды;
2) егер өтініш берушінің банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын қалыптастыруға алып келетін болса, банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.
Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына осы баптың 9-тармағында көзделген негіздерден басқа, мыналар:
өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатқызылмайтын жағдайлар;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдер заңнамаларының олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы негіз болып табылады.
12-1. Мынадай:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;