Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 және
2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 915 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«21» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыруларда:
3-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында «21» деген сандар «13» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |