- «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» - аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін педагогтерге;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» - денсаулық сақтау саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, ғылым және техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар ғалымдарға;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген инженері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, энергетика, байланыс, жобалау саласында жұмыс істеген және технологияларды дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, құрылыс, сәулет және жобалау саласында жұмыс істеген, құрылыс техникасын дамытуға және жетілдіруге елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп, металлургия, технологиялар, автоматтандыру және басқа да салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен шахта құрылысын дамытуға, жаңа техника мен технологияларды зерттеу мен жетілдіруге елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге, сондай-ақ кәсіпорындағы аварияларды жою және жазатайым оқиғалардың алдын алу кезінде көрсеткен бастамасы мен батылдығы үшін кеншілерге;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, геологиялық барлау өндірісіне озық технологияларды енгізгені және жер қойнауын барлағаны үшін, минералдық-шикізат базасын, геологиялық барлауды құрғаны үшін, геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, топографиялық-геодезиялық қызметтер мен геологиялық-зерттеу ұйымдарын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге;
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» - белгіленген ғарыштық ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеушілік және практикалық міндеттерді мінсіз орындаған азаматтарға;
- «Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, көлік саласында жұмыс істеген теміржол, әуе, су, автомобиль, құбыржол көлігі және басқа да көлік түрлерінің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне, сондай-ақ тасымалдау және көлікте көрсетілетін қызметтер сапасын жетілдіргені, материалдық және отын ресурстарын үнемдегені үшін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту бағытында елеулі үлес қосқан басқа да жұмыскерлерге;
- «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен жұмыскерлеріне, оның ішінде малшыларға, өсімдік өсірушілерге, фермерлерге, агрономдарға, ветеринарларға, бағбандарға және аграрлық саланың басқа да жұмыскерлеріне, сондай-ақ ғылыми және басқа да ұйымдардың, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласына қызмет көрсететін ұйымдардың ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жұмыскерлеріне;
- «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» - бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасына ие болған, су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге, гидротехниктерге, мелиораторларға;
- «Қазақстанның халық әртісі» - бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» (Заслуженный артист Казахстана) және (немесе) «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (Заслуженный деятель Казахстана) құрметті атағына ие болған, Қазақстан Республикасының театр, цирк, музыка өнері мен кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан адамдарға;
- «Қазақстанның халық жазушысы» - бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» («Заслуженный деятель Казахстана») құрметті атағына ие болған, Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға айрықша үлес қосқан адамдарға және (немесе) әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттарына беріледі.».
4. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «тәрбиеленуші-балалардың», «тәрбиеленуші балалар», «тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушілер)», «тәрбиеленуші балалардың», «тәрбиеленуші балаға», «Тәрбиеленуші-балалардың», «тәрбиеленуші-балаларына», «Тәрбиеленуші-балаларға», «Тәрбиеленуші-балалар», «Тәрбиеленуші-балаларды», «тәрбиеленуші-балалар» деген сөздер тиісінше «тәрбиеленушілердің», «тәрбиеленушілер», «тәрбиеленушілер», «тәрбиеленушілердің», «тәрбиеленушіге», «Тәрбиеленушілердің», «тәрбиеленушілеріне», «Тәрбиеленушілерге», «Тәрбиеленушілер», «Тәрбиеленушілерді», «тәрбиеленушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасындай ортада тұруы және тәрбиеленуі үшін жағдай жасауға бағытталған отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің құқықтық жағдайын айқындау, сондай-ақ олардың мәртебесін бекіту болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) ізгілік;
2) әділеттілік;
3) жеке адамның еркін дамуы;
4) тәрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін басымдылықпен қорғау;
5) балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері отбасы мүшелерінің өзара көмек және қолдау көрсетуі.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «міндеттердің» деген сөз «негізгі міндеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 3-тармағындағы «тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы туралы, оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушінің мүлкін басқару жөніндегі жұмысы туралы қорғаншы және қамқоршы органға кем дегенде жылына бір рет есеп беріп отыруға» деген сөздер «баланың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық паспортының көшірмесін, оны тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы және оның мүлкін басқару туралы есептерді қорғаншы және қамқоршы органға кем дегенде жылына бір рет ұсынуға» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі «балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйеніп,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-бапта:
5) тармақшадағы «өмірде қиын ахуалға тап болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) баланың заңды өкілдері - ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;»;
мынадай мазмұндағы 8-3 және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-3) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін адам;
8-4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) патронат - жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиелеуге алуға ниет білдірген адам жасасатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиелеуге берген кездегі тәрбие нысаны;»;
15) тармақша алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, баланың құқықтарының негізгі кепілдіктерін нығайту және құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып танылады:
1) балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау басымдығы;
2) балалардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту;
3) әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
3. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру;
2) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және іске асыру;
3) балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың бойында патриотизм, азаматтық және бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, Қазақстан халқының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдарды құру;
5) балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру және оның тиімді жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
6) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу.»;
4) 6-бап алып тасталсын;
5) 7-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкілеттіктері
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының өкілеттіктеріне:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
3) балалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа да мүдделі уәкілетті органдардың қызметін, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласында үйлестіру;
5) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
6) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу;
7) осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкілеттіктеріне:
1) балалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
2) осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «құқықтары кепілдіктерін жүзеге асырудағы» деген сөздер «құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «мүдделеріне орай» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 27-бапта:
5-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
тақырыптағы, 1 және 5-тармақтардағы «және баланы қабылдайтын отбасы», «баланы қабылдайтын отбасына» деген сөздер тиісінше «баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы», «баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бір отбасында тәрбиеленген туған ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына, осы мән-жайлар балалардың заңды мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.»;
7) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды тәрбиелеуге қабылдаған отбасыларға жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады.»;
8) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Баланың заңды өкілдері барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдарда, оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнаулы өкілеттіксіз баланың туу туралы куәлігі, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты негізінде балаларға өкілдік етуді және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.»;
9) 51-бап алып тасталсын.
6. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 4) және 4-1) тармақшалары алып тасталсын.
7. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді, педагогтерді оқыту, тағылымдамадан өту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта есепке ала отырып, басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шет елге) ауыстыру;»;
13-1) тармақша «жүз пайыз қатысатын,» деген сөздерден кейін «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
37-2) тармақшадағы «білім беру» деген сөздер «ғылым және жоғары білім» деген сөздермен ауыстырылсын;
48-4) тармақшадағы «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты мамандықтары (біліктіліктері) немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ұлттық және жалпы адамзатқа тән құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, Қазақстан халқының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім беруді озық қарқынмен дамытуды қамтамасыз ету;
14) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және да мытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
4. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.»;
4) 4-баптың 21) тармақшасында:
«мемлекеттік білім беру ұйымдарының», «бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу» деген сөздер тиісінше «білім беру ұйымдарының», «арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда» деген сөздер алып тасталсын;
5) 5-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
19) тармақшада:
7-тармақтың 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту;»;
екінші және үшінші абзацтардағы «мамандықтар бойынша» деген сөздер «білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсету үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;»;
7-тармақтың 5) тармақшасының оныншы абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
21) және 23) тармақшалардағы «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-1), 117) және 118) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«117) осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
118) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 5-3-бапта:
бірінші бөліктің 16) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктегі «16),» деген цифрлар алып тасталсын;
7) 6-бапта:
2-тармақта:
6) тармақшадағы «, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;