ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 7-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат):
1) мазмұнында:
«5-тарау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу» деген тақырыптан кейін мынадай мазмұндағы 42-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«42-1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы»;
525-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-бөлімнің, 64-1-тараудың, 629-1 - 629-8-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«13-1-бөлім. Бұйрықтық іс жүргізу
64-1-тарау. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі
629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері
629-2-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулының мазмұны
629-3-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны сотқа жіберу тәртібі
629-4-бап. Бұйрықтық іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімі
629-5-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұны
629-6-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімінің көшірмесін жіберу
629-7-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне шағым жасау
629-8-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі істі тоқтату туралы қаулының және айыптау үкімінің заңды күшіне енуі»;
2) 7-баптың 12) және 39) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) жасырын тергеу әрекеті - осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, мүдделеріне қатысы бар тұлғаларға алдын ала хабарламай жүргізілетін әрекет;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«39) санкция - қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процестік әрекет жасауына соттың рұқсаты;»;
3) 14-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күзетпен ұстауға және үйқамаққа алуға осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және күзетпен қамауға не үйқамаққа алынған адамға сотқа шағым жасау құқығын бере отырып, соттың санкциясымен ғана жол берiледi.
Осы Кодексте адамды соттың санкциясынсыз жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетіні тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, адам соттың санкциясынсыз - қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуға ұшырауы мүмкін.
Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi.»;
4) 38-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық процестi жүргiзетін органның тиісті заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге:»;
5) тармақтағы «адамның құқығы бар.» деген сөздер «адамның;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:
«6) өзіне қатысты кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның құқығы бар.»;
5) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
«42-1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қағаздағы және (немесе) электрондық форматтарда жүргізіледі.
2. Қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық сот ісін өз қалауы бойынша электрондық форматта жүргізе алады, ол туралы уәжді қаулы шығарылады.
Қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, ол туралы уәжді қаулы шығарылады.»;
6) 52-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған, қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.»;
7) 53-баптың екінші бөлігінде:
5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5) күдіктіге, айыпталушыға қатысты тергеуші, анықтаушы, анықтау органы, прокурор таңдаған күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға және олардың мерзімдерін ұзартуға;»;
8) тармақтағы «тінтуге құқықты.» деген сөздер «тінтуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5-1) және 9) тармақтармен толықтырылсын:
Жасырын тергеу әрекеттерін және олардың мерзімдерін ұзартуды санкциялау бөлігінде 7) тармақшаның бесінші абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді және оның мерзімдерін ұзартуды санкциялауға, сондай-ақ адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін ұзартуға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім беруге;»;
«9) үлгілерді мәжбүрлеп алуды және мәжбүрлеп куәландыруды санкциялауға құқықты.»;
8) 55-бапта:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:
8) тармақшаның төртінші абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуды санкциялау;»;
7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7) кепіл қолдануды санкциялау;»;
16) тармақтағы «санкциялау мәселелерін қарайды.» деген сөздер «санкциялау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақтармен толықтырылсын:
«17) мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау;
18) үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселелерін қарайды.»;
екінші бөлікте:
7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша сараптама тағайындау не қылмыстық қудалау органының, жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, оның ішінде, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, өзге тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы мәселені қарайды;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақтармен толықтырылсын:
«8-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы мәселені қарайды;
8-2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім береді;»;
9) 56-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.
Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, не прокурордың немесе қорғау тарапының өтінішхаты болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы мәселені шешеді.
Осы Кодекстiң 55-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5) және 6) тармақтарында, екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi қарау кезiнде сот отырысын өткiзу мiндеттi. Сот отырысын өткiзу мiндеттi болған жағдайда, қорғау тарапы мен прокурорға сот отырысының уақыты мен орны туралы күнi бұрын хабарланады.
Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.»;
«4. Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеп-тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың және қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиіс емес.»;
10) 58-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыретi шегiнде осы Кодекстің нормаларын қолдану мәселелерi бойынша, оның ішінде қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыретi шегiнде қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер қылмыстық қудалау органдарының орындауы үшін міндетті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi олардың құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсу бойынша қабылданады.»;
11) 59-баптың екінші бөлігінде:
7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7) прокурорға - айыптау актісімен бірге қылмыстық iстердi, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен онша ауыр емес қылмыстар туралы істерді жіберуге;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақпен толықтырылсын:
«8-1) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға;»;
12) 60-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодексте көзделген жағдайларда, тергеуші прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді. Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде тергеуші бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.»;
жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
12) тармақшаның бесінші абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«7. Заңда прокурордың келісімін, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеушi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде барлық шешiмдi өзі дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.»;
13) 62-бапта:
төртінші бөлік 5) тармақтағы «шағымдарды қарауға құқылы.» деген сөздер «шағымдарды қарауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:
«6) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға құқылы.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Анықтау органының бастығы мүлiкке тыйым салуды қолдану, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару; күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыларды келіседі; айыптау актісін келіседі, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтiрiлген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы бекітеді; қылмыстық істерді келісілген айыптау актісімен бірге прокурорға жібереді; сотқа қылмыстық теріс қылықтар туралы хаттамалық нысандағы және бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істерді жібереді; онша ауыр емес қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыларды келіседі және оларды прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз етедi.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда анықтау органының бастығы прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.»;
14) 64-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай мазмұндағы 16-1) тармақпен толықтырылсын:
«16-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;»;
15) 65-баптың бірінші бөлігінде:
1) және 2) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокурор айыптау актісін бекіткен, онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекіткен;
2) қылмыстық теріс қылық туралы хаттама бекітілген және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған;»;
3) тармақтағы «аяқталған адам айыпталушы болып танылады.» деген сөздер «аяқталған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
«4) анықтау органының бастығы қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекіткен адам айыпталушы болып танылады.»;
16) 70-баптың үшінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жасырын тергеу әрекетін қоспағанда, оның ішінде қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, тергеу судьясының алдында сараптама тағайындау не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекетін жүргізуі туралы өтінішхат беруге;»;
17) 71-баптың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) тармақпен толықтырылсын:
«8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;»;
18) 73-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) тармақпен толықтырылсын:
«8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;»;
19) 74-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақпен толықтырылсын:
«6-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;»;
20) 107-бапта:
бірінші бөліктің 10) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
Тергеу судьясының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту не жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы қаулысына өтінішхат келтіру бөлігінде 20) тармақшаның бесінші абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту, жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы, адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім беруден бас тарту туралы қаулысына өтінішхат келтіруге құқылы.»;
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында көзделген жағдайда, жабық сот отырысына қатысатын адамдар тізбесін шағымды, өтінішхатты қарайтын судья айқындайды.
Тергеу судьясының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту не жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы қаулысына өтінішхат келтіру бөлігінде 20) тармақшаның сегізінші абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген мәселелерді қарау осы Кодекстің 234-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
Тергеу судьясының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту не жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы қаулысына өтінішхат келтіру бөлігінде 20) тармақшаның оныншы абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
сегізінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында және 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда, сот қаулысы прокурорға табыс етіледі (жіберіледі).»;
21) 121-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәлелдеу iстi заңды, негiзді және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, бағалаудан және пайдаланудан тұрады. Дәлелдеу осы Кодекстің 23-тарауында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.»;
22) 122-баптың үшінші бөлігінің 1) және 5) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап етіп алуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені қарау кезінде талап етіп алдырылатын анықтамалар, мінездемелер және өзге де құжаттар қорғаушыға жиырма төрт сағат ішінде ұсынылады;»;
«5) қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамдардың келісуімен, оларға сұрау салу арқылы, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып алуға құқылы.
Сұрау салу барысы мен нәтижелері жазбаша түрде не электрондық жеткізгіште көрініс тауып, қорғаушының, жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша қылмыстық іске қоса тігілуге жатады және оларды қылмыстық істі жүргізуші орган осы Кодекстің талаптарына сәйкес зерттегеннен және бағалағаннан кейін дәлелдеме мәртебесіне ие болады.»;
23) 131-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Анықтау органының лауазымды адамы, анықтаушы, тергеуші осы Кодекстің 129-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ұстап алу хаттамасын жасайды. Күдіктінің жалпы денсаулық жағдайын және дене зақымдануының бар-жоғын анықтау үшін ол осы Кодекстің 223-бабында көзделген тәртіппен куәландырылуға жатады.
Ұстап алу хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
2) күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негізі, уәждері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып);
3) күдіктінің құқықтары түсіндірілгені туралы мәліметтер;
4) жеке тінту нәтижелері;
5) ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;
6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны.
Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды.
Хаттамаға медициналық куәландыру қорытындысы қоса беріледі.»;
«4. Мынадай:
1) аса ауыр ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
2) террористік немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
3) жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
4) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ адам өліміне алып келген қасақана қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде;
6) жердің шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолдарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тергеу судьясына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетін жағдайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бойынша - қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алынуы мүмкін.»;
24) 133-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер нақты ұстап алынған кезден бастап - қырық сегіз сағат ішінде, ал кәмелетке толмағандарға қатысты жиырма төрт сағат ішінде ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келiп түспесе, ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығы, осы Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) - 6) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны өзiнiң қаулысымен дереу босатады және бұл туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.
Осы Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) - 6) тармақтарында көзделген жағдайларда, егер ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына нақты ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келіп түспесе, ол осы адамды өзінің қаулысымен дереу босатады және бұл туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.»;
25) 136-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217, 218, 231, 234, 248 және 249-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардан басқа, экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасады деп күдік келтіріліп, айыпталып жатқан адамдарға, осы Кодекстің 147-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайды.»;
26) 145-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепiл тергеу судьясының санкциясымен не соттың қаулысы бойынша ғана қолданылады.
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны сотқа жібереді. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.»;
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тергеу судьясының кепіл енгізу туралы қаулысы орындалмаған жағдайда, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселеге бастамашылық жасайды.»;
27) 147-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам ұстап алынған мерзім ішінде прокурор осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен танысуға құқылы.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатын зерделеу нәтижелері бойынша өтінішхатқа келісім білдіреді не оны қолдаудан уәжді қаулымен бас тартады және (немесе) өзге бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені шешеді. Қаулының көшірмесі мүдделі адамдарға жіберіледі.
Прокурор ұстап алу мерзімі өтерден кемінде сегіз сағат бұрын тергеу судьясына өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін қоса бере отырып, күзетпен ұстауды санкциялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыны ұсынуға міндетті.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
28) 153-баптың үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурордың келісуі немесе нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартпау шарасының күші прокурордың келісуімен ғана жойылуы немесе ол өзгертілуі мүмкін.»;
«5. Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісуімен жүргізіледі.»;
29) 158-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында лауазымынан уақытша шеттету жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің лауазымынан шеттету қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.