4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан халқының бірлігін, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;
3) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге міндетті.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 39-3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары
1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиыны жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелер:
1) жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысына жіберілетін қатысушылардың құрамын айқындау;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
4-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
6) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
3. Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер:
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1) тармақшаның редакциясын қараңыз
1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
2) 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 2) тармақшаның редакциясын қараңыз
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 3) тармақшаның редакциясын қараңыз
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 4) тармақшаның редакциясын қараңыз
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылды; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 4-1) тармақшаның редакциясын қараңыз
4-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
4-3) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімін сайлауды өткізуге аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына одан әрі ұсыну үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметіне аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
4-4) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
4-5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
5) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысын құру мен оның қызметінің тәртібі аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты бекітетін жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде айқындалады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 4-тармақтың редакциясын қараңыз
4. Мониторинг аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің бекітілген көрсеткіштерінің атқарылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жинақтап қорыту мақсатында жүргізіледі.
Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті көрсеткіштерінің жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін.
Жергілікті қоғамдастық комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу үшін мамандар тартуға құқылы.
Мониторинг жүргізу бойынша әдіснамалық және әдістемелік басшылықты бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарылады.
Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөнінде ұсынымдар қабылдайды.
Тиісті аумақ әкімі жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиналысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытынды енгізеді.
5. Жергілікті қоғамдастық жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерінің өздері шақыруы мүмкін не осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар әрі оны шақыру қажеттігі туралы өтінішке тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және тұрғылықты жерін көрсете отырып, қол қойған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынының бастамашылары тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiміне жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізу туралы өтініш жасауға міндетті.
Тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмінің оң шешімі алынғаннан кейін жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізуге жол беріледі.
6. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуге жол беріледі. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайланады.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері әзірлейді және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары бекітеді.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарына тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жергілікті қоғамдастық жиналысын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерінің өздері шақыруы мүмкін не ол жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдері ұйымдастырады.
Жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Жергілікті қоғамдастық жиыны оған осы аумақта тұратын және қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында сайланған өкілдерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы оған жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген мүшелердің кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері немесе олар уәкілеттік берген тұлға ашады.
Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы сайланады. Күн тәртібін жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы бекітеді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне беріледі.
11. Жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.
12. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің міндетті түрде қарауына жатады.
13. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.
39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;
6) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
39-5-бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы
1. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 39-6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
39-6-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауаптылығы
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының алдында жауапты болады.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 39-7-баппен толықтырылды
39-7-бап. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерін республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімі негізінде тиісті әкімдік қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округінің шегінде қала әкімі ұсынған құрамда құрады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесінің, оның басшысының қызмет нысаны, негізгі міндеттері, өкілеттіктері, басшыны сайлау тәртібі, қабылданатын шешімдердің мәртебесі және өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелері үлгілік ереже негізінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі әзірлеген және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихаты бекіткен ережеде айқындалады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
40-бап.2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Осы Заңның өзге заң актілерімен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртібі
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. 20-баптың 3 және 4-тармақтары тоқтатыла тұрған кезеңде:
«3. Мәслихат депутатының өкілеттіктері мынадай:
1) ол заңға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайланған немесе тағайындалған;
2) соттың оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген;
3) мәслихаттың өкілеттіктері тоқтатылған;
4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
8) оның отставка туралы жеке өтінішіне байланысты;
9) ол өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен қатарынан үш реттен артық болмаған;
10) ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған жағдайларда, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтардың қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының