ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай толықтыру енгізілсін:
150-баптың бірінші абзацы «орналастыру» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 12 шілде
№ 140-VІІ ҚРЗ