4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ
17-бап. Экологиялық ақпарат
1. Экологиялық ақпарат:
1) табиғи орта құрамдастарының, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің, табиғи кешендердің, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, генетикалық түрлендірілген организмдерді қоса алғанда, биоәртүрліліктің жай-күйі және олардың арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ экожүйелік көрсетілетін қызметтер, генофонд және тірі организмдердің генетикалық ресурстары туралы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген элементтерге әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті факторлар туралы;
3) мемлекет қолданатын әкімшілік, заңнамалық, бағдарламалық және өзге де шаралар, оның ішінде қоршаған орта саласындағы әзірленіп жатқан, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті нормативтік құқықтық актілер, саясаттар, жоспарлар, бағдарламалар мен келісімдер, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген элементтерді қорғауға бағытталған жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен іс-қимылдар туралы;
4) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті қызметі, сондай-ақ осындай элементтерді қорғауға бағытталған, жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен іс-қимылдар туралы;
5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасы және оны қолдану жөнінде есептер туралы;
6) шығындар мен пайданы талдау, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген жоспарланған шаралар және қызметті жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар шешімдер қабылдаған кезде пайдаланылған экономикалық талдаудың өзге түрлері мен жол берулер туралы;
7) егер қолдануға болатын болса, ластағыш заттардың тамақ тізбегіндегі концентрацияларды қоса алғанда, адамдар денсаулығының, экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі, адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайлары, мәдениет объектілерінің, ғимараттар мен құрылысжайлардың өздеріне осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қоршаған орта элементтерінің жай-күйі немесе осы элементтер, осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген факторлар, қызмет немесе шаралар арқылы әсер ететін немесе әсер ете алатын дәрежедегі жай-күйі туралы;
8) климаттың өзгеруге осалдығы, климаттың өзгеруінің бұрыннан бар және болжамды әсерлері, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралар туралы жазбаша, көрнекі, дыбыстық, электрондық немесе кез келген өзге де материалдық нысандардағы кез келген ақпаратты білдіреді.
2. Экологиялық ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және шектелуге және құпияландыруға жатпайды.
18-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу
1. Жұртшылықтың мемлекеттік органдарда бар, оның ішінде олар шығарған немесе алған не мемлекеттік органның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кез келген жеке немесе заңды тұлғаның иелігіндегі толық, анық және уақтылы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.
2. Экологиялық ақпарат иелері экологиялық ақпаратты осы Кодекстің 20-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу бойынша беруге міндетті. Экологиялық ақпарат беру туралы сұрау салумен жүгінген өтініш берушіден оның осындай ақпарат алуға өз мүдделілігінің негіздемесін ұсынуды талап етуге ешкім де құқылы емес.
3. Мыналар:
1) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары мен мекемелері;
2) қызметінің немесе көрсететін қызметінің қоршаған ортаға қатысы бар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;
3) қызметінің немесе көрсететін қызметінің қоршаған ортаға қатысы бар квазимемлекеттік сектор субъектілері;
4) өздері иеленетін экологиялық ақпарат бөлігінде - жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпарат иелері деп танылады.
4. Жұртшылықтың экологиялық ақпарат қамтылған, жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға еркін және тегін қол жеткізуге де құқығы бар.
19-бап. Экологиялық ақпарат беру нысаны
1. Экологиялық ақпарат:
1) мұндай негіздерді көрсете отырып, оны өзге нысанда берудің объективті және ақылға қонымды негіздері болған;
2) ол бұрын жұртшылыққа өзге нысанда берілген жағдайлардан басқа ретте өтініш берушіге экологиялық ақпарат беру туралы тиісті сұрау салуда көрсетілген нысанда берілуге тиіс.
2. Экологиялық ақпарат беру туралы сұрау салуда мұндай нұсқау болған кезде, өтініш берушіге тиісті экологиялық ақпараты бар немесе оны қамтитын нақты құжаттаманың көшірмелері де берілуге тиіс.
20-бап. Экологиялық ақпарат беру мерзімдері мен тәртібі
1. Экологиялық ақпарат беру және беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етіледі.
3. Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік беруден:
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салынған экологиялық ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;
2) егер сұрау салу «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер бұл Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға алып келсе;
4) егер сұрау салуда экологиялық ақпарат иесі қабылдаған актілерді құқықтық бағалау, экологиялық ақпарат иесінің не оған ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау немесе ол аяқталғанға дейін өзге де талдау жұмысын жүргізу туралы мәселе қойылса;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
6) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңестер қорытындылары бойынша әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттардың мазмұнын ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін;
8) егер бұл зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға алып келсе;
9) егер бұл алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын бұзуға алып келсе, бас тартылуға тиіс.
Қоршаған ортаға эмиссиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпарат коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия деп таныла алмайды.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ашылуға жатпайтын ақпаратты құпиялығына нұқсан келтірілмей өзге ақпараттан бөлу мүмкін болған жағдайларда, соңғысы өтініш берушіге берілуге тиіс.
5. Мемлекеттік органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған жағдайларда, алынған сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде, өтініш беруші бұл туралы хабардар етіле отырып, тиісті мемлекеттік органға қайта жіберіледі.
21-бап. Экологиялық ақпаратты жинау және тарату
1. Мемлекет экологиялық ақпаратты жинау және тарату жөніндегі шараларды, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу және ашық қолжетімділікте орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндамасын әзірлеу және жариялау;
3) мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу және оған еркін қолжетімділік беру;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүргізетін экологиялық ағарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде экологиялық ақпаратты ұдайы тарату арқылы қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдар жұртшылыққа ақпаратқа қол жеткізу мәселелерінде, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардың иелігіндегі экологиялық ақпараттың түрі мен көлемі туралы және осындай ақпаратты беру және оған қол жеткізу шарттары мен тәртібі туралы толық ақпарат беру арқылы қолдау көрсетуге міндетті.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы:
1) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикатордың нақты нәтижелері туралы;
2) мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы;
3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы және жергілікті бюджеттің осындай іс-шараларға арналған шығыстары туралы;
4) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен төлемнің жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы:
1) мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы туралы;
2) экологиялық залалды ремедиациялау жөніндегі іске асырылған іс-шаралар туралы;
3) республикалық бюджеттің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстары туралы;
4) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады.
22-бап. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі
1. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі - әркімнің экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету, жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын болғызбау мен қысқартуға жәрдемдесу мақсатында жүргізілетін ресми интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырылған, ластағыш заттардың қоршаған ортаға эмиссияларының жай-күйі және қоршаған ортаның ластану деңгейлері туралы құрылымданған электрондық дерекқор.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізуді ұйымдастырады.
Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Осы баптың мақсаттары үшін ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне қатысты:
1) «ластағыш» термині өздерінің қасиеттеріне орай және осындай заттарды қоршаған ортаға енгізу салдарынан қоршаған ортаға немесе адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиянды болуы мүмкін және ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне енгізілген затты немесе заттар тобын білдіреді;
2) «шығарынды» термині қандай да бір қызмет нәтижесінде, оның әдейі немесе авариялық, жоспарлы немесе жоспардан тыс болып табылатын-табылмайтынына қарамастан, ластағыштардың қоршаған ортаға кез келген енгізілуін, оған қоса жер бетіне және су объектілеріне төгілуін, атмосфералық ауаға эмиссияны, ластағыштардың су объектілеріне ағызылуын, ластағыштардың жер қойнауына айдалуын, қалдықтардың көмілуін немесе олардың жер бетінде не сарқынды суларды түпкілікті тазартусыз кәріз жүйесі арқылы орналастырылуын білдіреді;
3) «көшіру» термині жоюға немесе қалпына келтіруге арналған ластағыштардың немесе қалдықтардың, сондай-ақ тазартуға арналған сарқынды сулар құрамындағы ластағыштардың объект шегінен тыс жерге орын ауыстыруын білдіреді;
4) «объект» термині сол бір тұлғаның меншігіндегі немесе сол бір тұлға пайдаланатын сол бір учаскедегі немесе іргелес учаскелердегі бір немесе бірнеше өнеркәсіптік қондырғыны білдіреді.
4. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінің ақпараты оны жергілікті жерде көрнекі көрсету мақсатында тиісті картографиялық материалдарға байланыстырыла отырып келтіріледі.
5. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі:
1) стационарлық ұйымдастырылған көздер бойынша есептілікке қатысты нақты объектілерге байланыстырыла отырып;
2) ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне сәйкес ластағыштың әрбір түрі және қалдықтардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке;
3) нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларды айқындау негізінде жүргізіледі.
Қоршаған ортаға эмиссияларды анықтаудың нұсқаулық-әдістемелік құжаттарын, оның ішінде ауыр металдар мен төзімді органикалық ластағыш заттар эмиссияларын есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі Қазақстан Республикасында қолданылатын қоршаған орта сапасының нормативтері, ластағыш заттардың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, ластағыш заттардың шығарындылары мен көшірілуі жөніндегі басқа да ғылыми негізделген ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ластағыш заттардың эмиссиясын жүзеге асыратын объектілер туралы ақпаратты қамтиды.
7. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне берілетін әрбір объект туралы ақпаратта:
1) есептілік ұсынылатын объектінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, географиялық орналасқан жері (объектінің координаттары) және қызмет түрі немесе түрлері, сондай-ақ бірінші басшының аты және тегі;
2) есептілік ұсыну талап етілетін әрбір ластағыштың атауы және сәйкестендіру нөмірі;
3) объектіде шығарылуы жүзеге асырылған әрбір ластағыштың есепті жылдағы саны (жиынтық, сондай-ақ ластағыштарды жер қойнауына айдауды қоса алғанда, ауаға, суға немесе жерге шығарылуы бойынша бөлшектелген саны);
4) қауіпті және қауіпті емес қалдықтар арасында аражікті белгілеп, тиісінше «В» немесе «У» белгілерін көрсете отырып (қалдықтардың қалпына келтіруге немесе жоюға арналғанына қарай), есепті жылы объектінің шегінен тыс жерге көшірілген қалдықтардың саны (қауіпті қалдықтар үшін объектінің шегінен тыс жерге көшіру жылына екі тоннадан немесе қауіпті емес қалдықтар үшін жылына екі мың тоннадан асқан жағдайда), сондай-ақ қауіпті қалдықтарды трансшекаралық көшіру кезінде - қалдықтарды қалпына келтіруді немесе жоюды жүзеге асыратын субъектінің атауы мен мекенжайы, өзіне көшірілген ластағыштар түсетін объектінің географиялық орналасқан жері;
5) есептілік ұсыну талап етілетін және есепті жыл ішінде объектінің шегінен тыс жерге көшірілген сарқынды сулардағы әрбір ластағыштың саны;
6) ақпараттың өлшемдерге, есеп-қисаптарға немесе бағалауларға негізделген-негізделмегенін көрсете отырып, ластағыштар мен қалдықтардың саны туралы ақпарат алу үшін пайдаланылған әдіснаманың типі қамтылуға тиіс.
8. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген объектілердің операторлары жыл сайын 1 сәуірге дейін ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне өткен күнтізбелік жыл үшін осы баптың 7-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын есептілікті ұсынуға міндетті.
Осындай ақпарат тиісті болатын күнтізбелік жыл есепті жыл болып табылады.
9. Осы баптың 8-тармағында белгіленген есептілікті ұсыну жөніндегі міндет ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген, өндіріс қуатына қолданылатын шекті мәндерден асатын бір немесе одан көп қызмет түрін жүзеге асыратын және төменде санамаланған:
1) қолданылатын шекті мәндерден асатын мөлшерлерде кез келген ластағыштардың шығарындыларын жүзеге асырады;
2) тазартуға арналған сарқынды сулардағы, қолданылатын шекті мәндерден асатын мөлшерлердегі кез келген ластағышты объект алып жатқан өнеркәсіптік алаңның шегінен тыс жерге көшіруді жүзеге асырады деген өлшемшарттардың кез келгеніне сәйкес келетін объектілердің операторларына қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуі саны үшін қолданылатын шекті мәндер ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленеді.
10. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне ақпаратты операторлар ластағыштардың шығарылуы мен көшірілу тіркелімінің ақпараттық жүйесіндегі есептілік нысанын толтыру және осы нысанға тиісті оператор өзінің атынан көрсетілген тіркелімге ақпарат беруге уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы береді.
11. Оператор ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуін айқындауды ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалатын ең үздік қолда бар ақпаратты пайдалана отырып жүзеге асырады. Оператор есепті ақпарат өздерінің көмегімен алынған деректерді, сондай-ақ деректерді жинаудың пайдаланылған әдіснамасының сипаттамасын тиісті есепті жылдың соңынан бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.
12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне операторлар беретін ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастырады.
Берілген ақпараттың толықтығы мен сапасына оператор жауапты болады.
13. Ақпарат ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне енгізілуге және әрбір есепті жыл аяқталған кезден бастап он бес айдан кешіктірілмей жұртшылыққа қолжетімді болуға тиіс.
14. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінің деректері ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі енгізілген сәттен бастап кемінде алдыңғы он есептік жыл үшін жұртшылыққа қолжетімді болуға тиіс.
15. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінде ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуін іздестіру және оларды:
1) объект және оның географиялық орналасқан жері;
2) қызмет түрі;
3) объектінің операторы;
4) ластағыш және (немесе) қалдықтар;
5) шығарынды жүзеге асырылатын қоршаған ортаның әрбір құрауышы;
6) ластағыштарды көшірудің соңғы пункті және тиісті жағдайларда қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялардың түрлері бойынша сәйкестендіру мүмкіндігін көздеуге тиіс.
23-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама
1. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі - Ұлттық баяндама) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы талдамалық есеп болып табылады, ол жыл сайынғы негізде халыққа Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беру мақсатында жасалады.
2. Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Ұлттық баяндамада:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы;
2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы;
3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өңірлердегі экологиялық ахуал туралы;
4) есепті кезеңде Қазақстан Республикасының экология заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатын және табиғи ресурстарын пайдалану саласындағы саясатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі және орнықты даму бөлігінде іске асыру туралы;
6) климаттың өзгеруінің әсерлері, климаттың өзгеруінің болжанатын әсерлері, климаттың өзгеруіне осалдылық және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралар туралы;
7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.
4. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық және интерактивті баяндамаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес Ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат береді.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қолда бар деректердің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар берген ақпараттың негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеуді және оны ресми интернет-ресурста жариялауды ұйымдастырады.
Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
24-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндама
1. Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпаратты адамдардың кең ауқымының түсінуі үшін және жұртшылықтың осындай ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту үшін қолжетімді нысанда тарату мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы (бұдан әрі - Интерактивті баяндама) әзірлеуді ұйымдастырады.
2. Интерактивті баяндама өткен жылғы Ұлттық баяндаманың негізінде әзірленеді және оны әзірлеуге жауапты тұлғаның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
25-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры
1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры экологиялық ақпаратты және қоршаған орта, табиғи ресурстар, орнықты даму және экология мәселелеріне қатысты өзге де нормативтік, статистикалық, есепке алу, есеп беру, ғылыми және талдамалық ақпаратты жазбаша, электрондық, аудиокөрнекі немесе өзге нысандарда орталықтандырылған жинау, есепке алу, жүйелеу, сақтау, тарату жүйесін білдіреді.
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету, экологиялық ағарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
3. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді ұйымдастырады.
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпараты мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық нысанда интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырылады.
6. Мемлекеттік органдар мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпарат береді.
7. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпарат көздері мыналар болып табылады:
1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;
2) қалдықтардың мемлекеттік кадастры;
3) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
4) мемлекеттік көміртегі кадастры;
5) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі;
6) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары;
7) Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестері;
8) парниктік газдардың шығарылуын азайту жөніндегі тиісті кезеңге арналған іс-шаралар жоспары және Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерін орындау туралы есептер;