1) клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын жүргізу;
2) қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды қайта қарау немесе қажеттілігіне қарай бұзу бойынша қосымша шаралар қолдануға міндетті.
Осы баптың 6 және 8-тармағында көзделген, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қаржы мониторингі субъектілері Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғамен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қолданбайды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерімен іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті тиісінше тексеруі
Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды клиенттермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін қабылдайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi тиiсiнше тексеруі
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осындай шаралар іскерлік қатынастар орнатылған кезде қабылданған жағдайды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген шараларды қабылдайды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын шетелдік қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыру кезінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:
ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);
егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.
8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің шетелдік жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі
Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік жария лауазымды адамдарға қатысты қосымша:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) клиенттiң шетелдiк жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы шетелдік жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;
3) осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды одан әрі жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің рұқсатын алуға;
4) қаражат көздерін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдауға міндетті.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызмет сипаты, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының корреспондент банктің шоттарына тікелей қолжетімділігі бар клиентке тиісінше тексеру жүргізгені және оның корреспондент банктің сұратуы бойынша клиентті тиісінше тексеру жөнінде қажетті ақпарат бере алу мүмкіндігінің бар екені жөнінде растау алуға;
3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат жинау
1. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі туралы ақпарат, операцияға қатысушылар туралы ақпаратты қоса алғанда, операция туралы ақпарат және қажеттігіне қарай күдікті операцияны айқындау белгісі, қаржы мониторингіне жататын операция жөнінде қосымша ақпарат қамтылады.
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және күдікті операцияны айқындау белгілерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері құжаттай тіркейді және уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ немесе орыс тілінде электрондық тәсілмен береді.
Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты мынадай мерзімдерде:
осы Заңның 4-бабының 1-тармағы бойынша жасалған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей;
осы Заңның 4-бабының 3-тармағы бойынша осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде;
осы Заңның 4-бабының 5-тармағы бойынша клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциясы танылған және осындай танылу нәтижелері тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты:
1) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар, егер бұл мәліметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың атынан өкілдік ету және оларды қорғау мәселелері бойынша заң көмегін көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;
2) нотариустар ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен байланысты емес нотариаттық әрекеттерді жүзеге асырған кезде, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде бермейді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3-1. Осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган қажет болған жағдайда қаржы мониторингі субъектісіне оның қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі жөнінде сұрау салу жібереді.
Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-1-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсаттарда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.
Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тиісті сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.
Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісінің жазбаша өтініші бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы емес.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Уәкілетті органнан Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген халықаралық ақша аударымдары бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақша аударымдары жүйесінің операторымен жасалған шарт негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тиісті сұрау салуды алған кезден бастап ақша аударымдары жүйесінің операторынан мынадай мәліметтер мен ақпаратты:
1) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);
2) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), туған күнін, туған жерін және жеке басты куәландыратын құжатының нөмірін сұратады.
Ақша аударымдары жүйелерінің операторлары жасалған келісімге сәйкес банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тиісті сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қажетті ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.
4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.
11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингінің субъектілері өздерінің көрсететін қызметтерін басқа тұлғалар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру немесе оған жәрдемдесу мақсаттары үшін пайдаланбайтындай шаралар қабылдайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингінің субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлейді, сондай-ақ ережелерді сақтауға және бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасын;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын;
ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға міндетті.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-2-тармақ жаңа редакцияда; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптарды:
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар бөлігінде), 6), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ тауар биржалары үшін уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13), 15), 16) және 18) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Клиенттің дерекнамасын, шот туралы мәліметтерді (банктер және шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін) және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына жатады.
Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына жатады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтер валюта сомасы мен түрлерін қоса алғанда, клиенттің операцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтуға тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға осы Заңға сәйкес берген жағдайда қаржы мониторингі субъектілері, олардың лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді айқындау мақсатында жүргізіледі.
2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректер жинау жөніндегі әдіснаманы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдерге бағалау жүргізу қорытындылары бойынша кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекітеді.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, олардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды үйлестіру мақсатында уәкілетті орган Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілдері келісу бойынша кіреді.