143) шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі;
144) шартты зейнетақы міндеттемелері - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер есебінен төленетін зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелері;
145) шартты зейнетақы шоты - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған, жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот;
146) ымдау тілі маманы - мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет әлеуметтік қорғау туралы көрсететін маман.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғаларға осы Кодекстің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Кодекске сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінде қойылатын шарттарда көзделген шектерде қолданылады.
5. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын филиалдарына қолданылады.
6. Қазақстан Республикасының медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
3-бап. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) әлеуметтік қорғау саласында адам мен азаматтың тең құқықтылығы және олардың құқықтарын шектеуге жол бермеу;
2) алдын алушылық;
3) атаулылық, қолжетімділік және сараланған тәсіл;
4) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ынтымақтастығы және ұжымдық жауапкершілігі;
5) экономикалық ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен әділдігі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттеріне мөлшерлес болу қағидаттарына негізделеді.
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Әлеуметтік қорғау саласында адам мен азаматтың тең құқықтылығы және олардың құқықтарын шектеуге жол бермеу
Әркім әлеуметтік қорғау саласында өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктерге ие болады. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына, денсаулық жағдайына, оның ішінде мүгедектігіне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
5-бап. Алдын алушылық
1. Алдын алушылық экономикалық, физиологиялық, өндірістік, демографиялық сипаттағы әлеуметтік тәуекелдерді ерте анықтауды және олардың туындауына септігін тигізетін себептер мен жағдайларды жоюды көздейді.
2. Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету жөніндегі алдын алу шараларын мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, жұмыс берушілер, азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
6-бап. Атаулылық, қолжетімділік және сараланған тәсіл
1. Әлеуметтік қорғау дербестендірілген сипатта болады және осы Кодекске сәйкес құқығы бар адамдардың жеке-дара айқындалған тобына ғана қолданылады.
2. Әлеуметтік қорғау шаралары және оларды азаматтарға ұсыну шарттары олардың еңбек үлесі, еңбекке қабілетсіздік себептері мен дәрежесі, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажетсінуі ескеріле отырып, сараланған тәсіл негізінде айқындалады.
7-бап. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ынтымақтастығы және ұжымдық жауапкершілігі
1. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы ортақ жауапкершілігі өмір сапасы, әлеуметтік әл-ауқат, сондай-ақ әлеуметтік тәуекелдерді төмендету үшін жауапкершілікті тепе-тең бөлу арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру шараларын бюджет қаражаты, міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қаржыландыру көздері есебінен іске асыруға бірлесіп қатысады.
8-бап. Экономикалық ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен әділдігі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттеріне мөлшерлестігі
1. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде экономикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жария және ашық болуға тиіс.
2. Мемлекеттік органдар әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі мүдделерінің әділ теңгерімін, сондай-ақ экономикалық ресурстар мен әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттерінің мөлшерлес болуын қамтамасыз етеді.
2-тарау. АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ
9-бап. Ең төмен әлеуметтік стандарттар және адамдардың әлеуметтік саладағы құқықтары
1. Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, отбасы және балалар, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында ең төмен әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Әлеуметтік қорғалу құқығы
1. Осы Кодексте белгіленген жағдайлар туындаған кезде адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қорғау:
1) балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау;
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан жағдайда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
3) жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынылуға мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
6) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу арқылы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылы (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;
7) зейнетақымен қамсыздандыру;
8) асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау;
9) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде беріледі.
2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1-бап. Омбудсменнің құзыреті
1. Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында омбудсмен:
1) халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты жолданымдарды және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
2) халықтың әлеуметтік осал санаттарының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру бойынша жәрдем көрсетеді;
3) халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдарға халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының профилактикасына бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді;
5) мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жолданымдарды қарау үшін қажетті халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қозғайтын ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдардан сұратады және алады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Халықтың әлеуметтік осал санаттарына осы Кодекс шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алатын адамдар жатады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілейді;
2) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
3) Қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындайды;
4) Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;
6) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
7) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
9) судья теріс себептер бойынша лауазымнан босатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекітеді;
10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін бекітеді;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларын бекітеді;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекітеді;
13) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
14) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;
16) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекітеді.
12-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Уәкілетті мемлекеттік орган:
1) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;
2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту сала сындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
3) Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілейді;
2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияны береді;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) мыналарды:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын;
зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляция деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын;
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын;
әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын;
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін;
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстардың тізбесін;
толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін;
Қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін;
Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді;
Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсынысты;
еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы ұсынысты әзірлейді;
2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) мыналарды:
атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын;
тексеру парақтарының нысандарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын;
мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орнының стандарттарын;
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын;
бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін;
жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын;
халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын;
халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын;
халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін;
атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын;
Қордың комиссиялық сыйақы алу қағидаларын;
әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын;
артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайларын;
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларын;
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын;
мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын;
мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту қабілетіне байланысты мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары;
мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын;
мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын;
медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын;
тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын;
тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын;
мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын;