534) кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
535) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын өндіріп алу, оларды есептеудің дұрыстығын және уақтылы төлеуді, есепке жатқызуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіріп алу жөнінде шаралар қолдану;
536) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
537) тұлғалардың тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі кезінде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдайлар жасау;
538) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
539) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
540) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
541) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша интернет-алаң арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат пен мәліметтерді төлем ұйымдарының ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
542) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін әзірлеу және бекіту;
543) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жатқызу өлшемшарттары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысандары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
544) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;
545) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;
546) кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
547) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
548) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауды жүзеге асыру;
549) кеден органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
550) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
551) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау;
552) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
553) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
554) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
555) тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
556) мүдделі тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мәселелері және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беру;
557) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, жолданымдарды уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және жауап беруді немесе тиісті іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз ету;
558) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
559) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
560) салықтық бақылауды жүзеге асыру;
561) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
562) есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
563) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
564) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
565) бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) арқылы бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
566) салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін жаңғыртуды және реинжинирингті жүзеге асыру;
567) салық берешегiн, кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
568) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алудың толықтығын және бюджетке аударудың уақтылығын қамтамасыз ету;
569) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгеруін бақылауды жүзеге асыру;
570) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
571) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
572) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасуға өтінішін қарау;
573) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап қоюды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттерге және міндеттерге сәйкес өзге де талап қоюды беру;
574) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүзеге асыру;
575) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
576) салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) салық төлеушінің және салық агентінің шағымдарын қарау;
577) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
578) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыру;
579) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
580) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы, темекi бұйымдарын өндiру жөніндегі қызметті лицензиялау;
581) алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарын өткізу кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
582) Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімін қандай да бір түрге жатқызу;
583) темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы көлемдерінің теңгерімдерін бақылауды, есепке алуды және талдауды жүргізу;
584) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын, сондай-ақ сапасын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
585) мұнай өнімдері мен биоотын айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
586) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
587) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға салыстырып тексеру үшін мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпарат беру;
588) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыру;
589) мұнай өнімдерінің айналымын камералдық бақылауды жүзеге асыру;
590) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
591) арақтарға, айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу;
592) биоотын айналымын камералдық бақылауды жүзеге асыру;
593) этил спиртi, алкоголь өнiмдерi, темекi бұйымдары өндiрісіне және олардың айналымына, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
594) өз құзыреті шегінде және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша ақпарат пен түсіндірмелер беру;
595) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
596) акцизделетіндерін қоспағанда, ізгілік көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын әзірлеу;
597) электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарлар тізбесін интернет-ресурста орналастыру;
598) қосылған құн салығының асып кету сомасының және тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
599) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш нысанын әзірлеу және бекіту;
600) салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде мәмілеге қатысушылар мен параметрлері туралы мәліметтер нысанын әзірлеу және бекіту;
601) мыналардың:
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстардың;
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша пайдаланудың;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдаланудың;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтаудың;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасын тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде сақтаудың сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
602) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Республикасының Заңында және камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
603) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлыққа кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
604) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
605) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізу;
606) аудиторлық қорытындыдағы деректердің және міндетті түрде орындау үшін жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
607) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
608) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
609) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;
610) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
611) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
612) мемлекеттік аудит объектілеріне «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен қажетті материалдарды ұсыну туралы талап жолдау;
613) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, тиісті аудиторлық дәлелдері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру;
614) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастыру, сондай-ақ олар бекітілгенге дейін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбелері туралы ақпарат алмасуды келісілген мерзімдерде жүзеге асыру;
615) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек беруді қамтамасыз ету;
жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есептік ақпаратына талдау жүргізу;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекел объектілері бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар енгізу;
616) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісу бойынша құқықтық актілерді қабылдау;
617) мемлекеттік аудиттің және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға шағым жасау кезінде туындайтын дауларды қарау;
618) сотқа:
бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында;
міндеттемелері тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қоюды беру;
619) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі саласында, бағалау қызметі саласында бағалаушылар палаталарының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
620) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес функцияларды жүзеге асыру;
621) аудиторлық ұйымдардың «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының олардың аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану;
622) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
623) «аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді кәсіби ұйымдарға жіберу және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
624) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелерге жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тарту;
625) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында және кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
626) аудиторлық қызметті лицензиялау;
627) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;
628) аккредиттеу қағидаларын сақтамау фактілері болған жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту шығару;
629) аудиторлардың, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың, аудиторлық ұйымдардың тізілімдерін жүргізу;
630) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұрату;
631) біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерді жіберу;
632) бағалаушылар палатасын «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа беру;
633) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау тәртібін айқындау;
634) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлеу және келісу;
635) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүзеге асыру;
636) таңбалануға және қадағалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды таңбалауды енгізудің және қадағаланудың орындылығын талдай отырып, тауарлардың жекелеген топтарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы үйлестіруші мемлекеттік органмен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
637) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
638) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлар айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;
639) өз құзыреті шегінде таңбалануға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымының мониторингін жүзеге асыру;
640) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептеу;
641) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылдау;
642) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, одан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді жариялауды қамтамасыз ету;
643) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының құрамына қатысу;
644) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
645) бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін және олардың орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарының мақсаттарымен өзара байланысын, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша тиімділігін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұнын бағалау, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеудің жаңа практикаларын (халық қатысатын бюджет) пайдалануды бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;
646) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімін жүргізу;
647) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізімін интернет-ресурста орналастыру;
648) мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор болып таңдаған тұлғаны уақытша басқарушы етіп тағайындау;