ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VII, 164-құжат; 2016 ж., № 5, 33-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2016 жыл - 2 479 726 312 мың теңге;».
2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қазанның 7-і.
№ 14-VI