3. Мердігердің (бас мердігердің) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мердігерлік шарты бойынша орындаған жұмысы үшін төлемдер төлеу инжинирингтік компания растаған орындалған жұмыстар актілері негізінде уәкілетті компанияның банктік шотынан жүргізіледі.
4. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың құрылыс мақсаттарына пайдалануды осы Заңның 20-бабында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.
5. Аяқталмаған құрылыстың меншік иесі уәкілетті компания болып табылады.
6. Құрылыс салушының және уәкілетті компанияның банктік қарызды тартуынан және Кепілдік беру қорынан кепілдік алуынан басқа, олардың өзге міндеттемелері бойынша аяқталмаған құрылыспен азаматтық-құқықтық мәмілелерге тыйым салынады.
7. Мердігер (бас мердігер), құрылыс салушы және уәкілетті компания кепілдік мерзімі ішінде жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген тұрғын үй (тұрғын ғимарат) көрсеткіштері сапасының сақталуына және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді.
8. Құрылыс салушы және уәкілетті компания жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
9. Уәкілетті компания тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестің алаң бірлігін жобалау құнының тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңына арақатынасымен айқындалатын құннан төмен емес өткізуге міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Құрылыс салушы уәкілетті компанияның міндеттемелері бойынша үлескерлер алдында субсидиарлық жауаптылықта болады.
11. Уәкілетті компанияның осы Заңның 9 және 10-баптарында көзделген тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысын аяқтау бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы оның тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалануға қабылдау мерзімін бұзуы болып табылады. Құрылыс мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен әрқайсысы үш айдан үш мәрте созуға жол беріледі.
20-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуда ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету
1. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысына бағытталған ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті компания және мердігер (бас мердігер) екінші деңгейдегі бір банкте ғана біреуден аспайтын банктік шот ашуға міндетті.
2. Уәкілетті компанияның банктік шотынан ақшаны пайдалану банктік шот шартының талаптарына сәйкес, инжинирингтік компания растаған орындалған жұмыс актісі негізінде осы баптың 8-тармағына сәйкес қаржыландыру мақсаттары үшін жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті компанияның ақшасын, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақшаны, қарыз қаражатын (болған жағдайда) орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақшаны орналастыру және пайдалану және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен жүзеге асырылған кезде банктік шот уәкілетті компанияның тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақшасын орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
6. Уәкілетті компания:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақша;
2) тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақша, оның ішінде әрбір үлескерден түскен түсімдер бөлінісінде;
3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын қаржыландыру мақсатында ұсынылған қарыз қаражаты (болған жағдайда) бөлінісінде банктік шот бойынша ақшаны есепке алуды қамтамасыз етеді.
7. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарт үлескердің ақшасын тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерді төлеу есебіне аудару үшін негіз болып табылады.
8. Уәкілетті компанияның ақшаны мақсатына қарай жұмсауды сақтауы оларды:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға арналған шығындарға, авторлық және техникалық қадағалауларға;
2) банктік шоттар бойынша комиссияға және банктік қарызға қызмет көрсету бойынша сыйақыны төлеуге;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысымен және жобаны іске асырумен байланысты өзге де шығыстарына, жобалық құнының он пайызынан аспайтын мөлшерде, оның ішінде жарнама бойынша шығыстарға, басқарушылық персоналды ұстау бойынша шығыстарға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникациялық қызметтерге, офисті жалдауға байланысты шығындарға, сапаны бақылау жөніндегі техникалық паспорттарды дайындау, зертханалық сынақтар бойынша шығыстарға, салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары төлемдеріне пайдалануымен қамтамасыз етіледі.
9. Уәкілетті компания мен оның мердігерінің (бас мердігерінің) арасындағы тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалануға қабылданғанға дейінгі ақшалай өзара есеп айырысулар тек банктік шот арқылы ғана жүзеге асырылады.
10. Үлескерлер ақшасының мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда, инжинирингік компания үш жұмыс күні ішінде Кепілдік беру қорын, жергілікті атқарушы органды немесе екінші деңгейдегі банкті (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) хабардар етеді.
11. Уәкілетті компанияның банктік шотта орналастырылған ақшасы салынып жатқан тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға қабылданғанға дейін құрылыс салушының немесе уәкілетті компанияның осы Заңда көзделмеген үшінші тұлғалармен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелерінің нысанасы бола алмайды.
21-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар және аттестатталған сарапшылар қызметінің ерекшеліктері
1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингік компания, аттестатталған сарапшылар қызметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Инжинирингтік компания құрылыс барысына және үлескерлер ақшасының мақсатына қарай пайдалануына мониторингті, жобалау құны шеңберінде орындалған жұмыс көлемін тексеруді жүзеге асырады.
3. Инжинирингтік компания Кепілдік беру қорына, екінші деңгейдегі банкке немесе жергілікті атқарушы органға (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ай сайын ұсынуға міндетті.
4. Инжинирингтік компанияның басшылары мен аттестатталған сарапшылар құрылыс жобасы бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету үшін Кепілдік беру қорының, құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, осы құрылыс жобасы мердігерінің (бас мердігерінің) басшыларына қатысты үлестес болмауға тиіс.
5. Инжинирингтік компанияның басшылары мен аттестатталған сарапшылар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, құпиялылықты, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтауға міндетті.
6. Аттестатталған сарапшыға:
1) егер аттестатталған сарапшы осы құрылыс жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қатысқан болса, инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
2) құрылыс салушымен немесе уәкілетті компаниямен және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың өзге де қатысушыларымен еңбек, қаржылық немесе басқа да тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
7. Инжинирингтік компания мынадай талаптарға сәйкес болуға міндетті:
1) тапсырыс берушілердің көрсетілген инжинирингтік қызметтер туралы кемінде үш пікірін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға берілген құрылыс объектілері бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәжірибесі болуы тиіс;
2) өз құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға құқығы бар кемінде үш аттестатталған сарапшы болуы тиіс;
3) штатында ақшаның мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшін маман (мамандар) болуы тиіс.
8. Инжинирингік компания тараптардың келісімімен айқындалатын міндеттемелерін орындау бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат
1. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу мақсатында жүгінген жеке және заңды тұлғаларға танысу үшін мынадай:
1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның атауы мен заңды мекенжайы туралы;
2) мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын анықтаманың болуы туралы;
3) Кепілдік беру қорымен жасасқан кепілдік беру туралы шарттың болуы және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Кепілдік беру қорынан кепілдік алу тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда, оның негізгі шарттары туралы;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының болуы туралы;
5) құрылыс салушы өткізген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысы жобалары туралы;
6) құрылысы болжанатын тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы объектісі туралы;
7) уәкілетті компанияның жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттың болуы туралы ақпаратты ұсынады.
2. Құрылыс объектісі туралы ақпарат:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны;
2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектінің орналасқан жерінің көрсетілуін және сипаттамасын;
3) оның аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді;
4) мердігердің (бас мердігердің) атауын, осы саладағы жұмыс тәжірибесін, лицензиясының бар-жоғын, өзі мердігер (бас мердігер) ретінде әрекет етіп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері туралы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негізгі мәліметтерді қамтиды.
3. Уәкілетті компания өзінің интернет-ресурсында:
1) объектінің атауы және оның орналасқан жері;
2) айына бір реттен сиретпей жаңартылатын фотоесеппен расталған құрылыс барысы;
3) құрылыстың аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді орналастырады.
4. Уәкілетті компания осы Заңда белгіленген ақпаратты толық және анық бермеген жағдайда, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
23-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері
Құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар Кепілдік беру қорымен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалатындығын көрсете отырып, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жарнамасын жүзеге асыруға құқылы. Жарнамада құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
6-тарау. КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ
24-бап. Кепілдік беру қоры
1. Кепілдік беру қоры өз қызметін осы Заңның, жарғының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жүзеге асырады.
2. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауға кепілдіктер беру Кепілдік беру қорының негізгі қызмет түрі болып табылады.
3. Кепілдік беру қорының қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету кепілдік жарналар және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
4. Кепілдік беру қорының органдары:
1) акционерлердің жалпы жиналысы - жоғары орган;
2) директорлар кеңесі - басқару органы;
3) басқарма - атқарушы орган болып табылады.
Кепілдік беру қорында оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
25-бап. Кепілдік беру қорының міндеттері мен функциялары
1. Кепілдік беру қорының негізгі міндеттері:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету;
2) кепілдік беру жағдайы басталған кезде үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
3) үлестік тұрғын үй құрылысының нарығын ынталандыру мақсатында жүзеге асырылатын өзге де міндеттер болып табылады.
2. Кепілдік беру қоры негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) құрылыс салушының және оның уәкілетті компаниясының Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі өтінімін қарайды;
2) кепілдік беру жағдайы басталған кезде тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауға, пайдалануға қабылдауға және үлескерлерге тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерді беруге кепілдік береді;
3) инжинирингтік компанияның есептеріне талдау жүргізеді;
4) кепілдік жарналары есебінен кепілдік жағдайларын реттеуге арналған резервті қалыптастырады және басқарады;
5) Кепілдік беру қорының құзыретіне жататын мәселелер бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
6) осы Заңда айқындалған міндеттерді орындау үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
26-бап. Кепілдік беру қорының құқықтары мен міндеттері
1. Кепілдік беру қоры:
1) объектіге келудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті компанияны алдын ала хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңнамасы талаптарын сақтап, құрылыс объектісінің аумағына кедергісіз кіруге;
2) құрылыс салушыдан, уәкілетті компаниядан тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысы бойынша, оның ішінде құрылыс барысы, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарттар туралы кез келген ақпаратты және осы Заңда айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты сұратуға;
3) жобалау-сметалық құжаттамадағы өзгерістерді келісуге;
4) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құрылыс салушыға - борышкерге қатысты әкімші - уақытша басқарушы, уақытша әкімші (өкілі арқылы) функцияларын жүзеге асыруға;
5) құрылысты аяқтау жөніндегі өз шығыстарын өтеу үшін тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) өткізілмеген үлестерді, сондай-ақ уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатуды ұйымдастыруға;
6) осы Заңның 32-бабының 3-тармағында айқындалған негіздер бойынша кепілдік беру туралы шартты жасасудан бас тартуға;
7) кепілдік беру жағдайы басталған кезде, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға қабылданғаннан кейін құрылыс салушыға, уәкілетті компанияға Кепілдік беру қорының тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауға жұмсалған шығыстарын өтеу туралы талап қоюға;
8) осы Заңда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2. Кепілдік беру қоры:
1) кепілдік беру жағдайы басталған кезде тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысын аяқтау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға;
2) өтінім оң нәтижемен қаралған кезде уәкілетті компаниямен және құрылыс салушымен кепілдік беру туралы шарт жасасуға;
3) құрылыс барысын бақылауды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталуын, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында инжинирингтік қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес инжинирингтік компаниямен шарт жасасуға;
4) кепілдік беру туралы шарттар тізілімін жүргізуге;
5) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның және инжинирингтік компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасының талаптарын бұзуы фактілері туралы бұзушылық анықталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органға хабарлауға;
6) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының барысы туралы ақпаратты, оның ішінде инжинирингтік компанияның есептерін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;
7) Кепілдік беру қорының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде кепілдік беру туралы шарттардың тізілімін ай сайын жариялап отыруға;
8) кепілдік беру процесін айқындайтын құжаттарды өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;
9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылыс жобасы бойынша құжаттарды тексеру кезеңінде сметалық құжаттамаға бағалау жүргізуге міндетті.
27-бап. Кепілдік беру қорының жарғысы
1. Кепілдік беру қорының жарғысында:
1) Кепілдік беру қорының атауы, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысаны, қызметінің нысанасы мен мақсаттары;
2) Кепілдік беру қорының заңды мекенжайы;
3) Кепілдік беру қоры басқару органдарының құрылымы, оны қалыптастыру тәртібі мен құзыреті;
4) Кепілдік беру қоры мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен міндеттері;
5) Кепілдік беру қорының мүлкін қалыптастыру көздері;
6) Кепілдік беру қорын қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату шарттары;
7) дауыс беру рәсімі, дивиденттерді төлемеу туралы ережелер және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген басқа да талаптар көзделуге тиіс.
28-бап. Кепілдік беру қорына қойылатын талаптар
1. Кепілдік беру қоры қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаттары үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген капиталдың жеткіліктілік нормативін сақтайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген норматив мәнінің нашарлау жағына қарай күтілетін өзгерісі және шекті мәніне жетуі кезінде Кепілдік беру қорының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуға тиіс.
3. Кепілдік беру қоры тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
4. Кепілдік беру қорының бағдарламалық-техникалық құралдары және негізгі қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де жабдығы болады.
5. Кепілдік беру қоры капитал жеткіліктілігінің нормативін есептеу үшін:
1) Кепілдік беру қорының меншікті капиталын;
2) тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерді (берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді) пайдаланады.
6. Капитал жеткіліктілігінің нормативі меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерге арақатынасы ретінде есептеледі.
7. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні кемінде 0,05 құрауы тиіс.
8. Капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеу үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілік пайдаланылады.
9. Кепілдік беру қоры жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
29-бап. Кепілдік беру қорының кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерві
1. Осы Заңда көзделген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысын аяқтау бойынша кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін Кепілдік беру қоры кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті:
1) уәкілетті компаниялардың кепілдік жарналарының бір бөлігі;
2) тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысын аяқтау бойынша төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен Кепілдік беру қоры алған ақша;
3) Кепілдік беру қорының активтерін қаржылық құралдарға (депозиттер, бағалы қағаздар және басқалары) инвестициялаудан алынған инвестициялық кірістің бір бөлігі есебінен қалыптастырады.
2. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерв қаражаты Кепілдік беру қорының кепілдік беру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін орындаумен байланысты шығыстарды жүзеге асыру мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.
3. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және нысаналы мөлшеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерв қаражаты жеткіліксіз болған кезде Кепілдік беру қоры жарғылық капитал қаражатын пайдалануға құқылы.
30-бап. Кепілдік жарна
1. Кепілдік жарна бір мезгілде төленеді.
Кепілдік жарнасы уәкілетті орган бекіткен Кепілдік жарнасының мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес белгіленеді.
2. Уәкілетті компания кепілдік беру туралы шартқа сәйкес төлеген кепілдік жарнасы қайтаруға жатпайды.
3. Жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының артуына байланысты жобалық құн кепілдік беру туралы шарттың қолданысы ішінде он және одан көп пайызға қымбаттаған кезде кепілдік жарнасының сомасы қайта қаралуға жатады.
7-тарау. КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
31-бап. Кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім
1. Құрылыс салушы мен уәкілетті компания тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен жүзеге асыру үшін Кепілдік беру қорына кепілдік беру туралы шартты жасасу туралы өтініммен жүгінеді. Өтінімді қарауды Кепілдік беру қоры уәкілетті орган бекіткен және Кепілдік беру қорының интернет-ресурсында орналастырылған кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
2. Өтінімге:
1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның құрылтай құжаттары;
2) құрылыс салушының осы Заңның 8-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) уәкілетті компанияның осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындағанын растайтын құжаттар;
4) өтінімді қарағаны үшін комиссия төлегені туралы құжат;
5) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама;
6) құрылыс жобасын қаржыландыру жоспары қоса беріледі.
32-бап. Өтінімді қарау
1. Кепілдік беру қорының өтінімді қарауы мынадай:
1) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
2) кепілдік беру туралы шартты жасасу не жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезеңдерін көздейді.
2. Кепілдік беру қорының кепілдік беру туралы шартты жасасу не жасасудан уәжді бас тарту туралы шешімі ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелеріне негізделеді.
3. Кепілдік беру қоры кепілдік беру туралы шартты жасасудан мынадай негіздердің бірі немесе бірнешеуі бойынша бас тартуға міндетті:
1) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның Кепілдік беру қорымен осы баптың 5-тармағында көрсетілген шарттарды уақтылы жасаспауы;
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өтінім беру күніне 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен көп мөлшерде өтелмеген берешегінің болуы;