Фильмдерге дубляж жасаудың, оларды субтитрлеудің мазмұнын аудару не оларды кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету олардың негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.»;
5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2-бап. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының төртінші – оныншы абзацтарын;
2) 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 2) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 29 желтоқсан
№ 94-VII