101-бап. Кедендік бақылауды өткізуге маманның қатысуы
1. Қажет болған жағдайларда кедендік бақылауды жүргізу кезінде нақты әрекеттерге қатысу үшін осы әрекеттерге мүдделі емес, кеден органына жәрдем беру үшін, соның ішінде техникалық құралдарды қолдану кезінде қажетті арнайы білімі және дағдылары бар маман тартылуы мүмкін.
2. Маман ретінде тұлғаны тарту, келісім негізінде жүзеге асырылады.
3. Маман:
1) оның қатысуымен жүзеге асырылатын нақты іс қимылдарға қатысты материалдармен танысуға;
2) ол қатысқан кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі әрекеттердің нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және ол жасаған әрекеттер бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге жататын өтініштер немесе ескертулер жасауға құқылы.
4. Маман:
1) ол жасайтын әрекет бойынша арнайы білімді, түсіндірме беруді талап ететін әрекеттерге қатысуға;
2) көрсетілген әрекеттерді жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.
5. Маман алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге де құпия ақпаратты ол жарияламауы, өзге де мақсаттарда пайдаланбауы, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс.
6. Кеден органдарында маманды тартумен байланысты пайда болған шығыстар, егер кедендік бақылауды жүргізу барысында кеден ұйымының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталса, оған немесе оның тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда қызмет көрсету үшін мұндай төлемді кедендік бақылау жүргізілген кеден органы кеден одағына мүше мемлекеттің бюджеті есебінен жүзеге асырады.
102- бап. Кедендік бақылауды жүргізуде жәрдем көрсету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тарту
1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуде жәрдем көрсету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
2. Басқа мемлекеттік органдардан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны, сондай-ақ кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.
3. Басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартумен байланысты шығыстар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттері шеңберіне кірмесе, осы Кодекстің 101-бабының 6-тармағымен айқындалған тәртіппен өтеледі.
103-бап. Кедендік шекарадағы кеден органдары мен бақылаушы мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасасу
1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін және басқа бақылаушы мемлекеттік органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары мұндай әрекеттерді жалпы үйлестіруді және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған тәртіппен оларды бір уақытта өткізуді қамтамасыз етеді.
2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылау тиімділігін көтеру мақсатында кеден органдары мен бақылаушы мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып, кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті ақпаратпен (мәліметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады.
3. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеделдету мақсатында кедендік тексеріп қарау кедендік шекарада бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілуі мүмкін.
104-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол бермеу
1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде мүдделері кеден органдарының әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) және шешімдерімен қозғалатын тасымалдаушыға, оның ішінде кедендік тасымалдаушыға декларантқа, олардың өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.
2. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарының не оның лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) келтірілген шығындар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес толық көлемде өтеуге жатады.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары лауазымды тұлғаларының заңды шешімдерімен, әрекеттерімен тұлғаға келтірілген шығындар өтеуге жатпайды.
105-бап. Кеден органдарын кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолданудан босату
1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолданудан босатылуы осы Кодекспен, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық келісімдерімен және өзге де халықаралық келісімдермен белгіленеді.
2. Кедендік қарап тексеруге:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің басшылары және олармен бірге отбасыларының мүшелерінің;
2) егер көрсетілген тұлғалар кедендік шекарадан қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өтсе, үкімет басшылары, кеден одағына мүше мемлекеттердің үкімет мүшелерінің;
3) кеден одағына мүше мемлекеттерге ресми іссапармен келетін шетел мемлекеттерінің басшылары, шетел мемлекеттерінің үкімет басшылары, сыртқы істер министрлерінің;
4) кеден одағына қысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес өзге де тұлғалардың жеке жүктері жатпайды.
3. Кедендік қарап тексеруден:
1) шетел әскери кемелері, әскери әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;
2) кеден одағына мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарының арнайы мәлімдеулеріне сәйкес кедендік шекара арқылы өткізілетін әскери мүлік;
106-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу кезінде тұлғалар туралы ақпарат жинауы
1. Кедендік бақылауды өткізу мақсатында кеден органдары тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізумен байланысты сыртқы экономикалық қызметті немесе мына мәліметтерді қосатын кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат жинауға құқылы:
1) мекемелердің құрылтайшылары туралы;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы;
3) кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүлік құрамы туралы;
4) ашық банктік шоттар туралы;
5) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қызметі туралы;
6) мекеменің орналасқан жері туралы;
7) салық органында салық төлеуші ретінде есепке тұруы және салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу, есептік) нөмірі туралы;
8) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген тұлғалардың төлеу қабілеттілігі туралы;
9) жеке тұлғаларға қатысты - азаматтардың дербес деректері туралы (аты, тегі, әкесінің аты, туылған күні және орны, жынысы, тұрғылықты мекенжайы, жеке тұлғалығын растайтын құжаттар дерегі, салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу, есептік) нөмірі, сондай-ақ олардың кедендік шекара арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар кеден органдарында бар өзі туралы құжаттамалық ақпаратпен танысуға және оның толықтығы және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы ақпаратты анықтауға құқылы.
3. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде ақпарат жинау, сондай-ақ кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттік органдардан көрсетілген ақпаратты алу тәсілімен жүзеге асырылады.
107-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде техникалық құралдарды және кемелерді пайдалану
1. Кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін көтеру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолданылу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.
Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуы тиіс және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуі тиіс.
2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдары су және әуе кемелерін пайдалана отырып жүргізуі мүмкін.
3. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
108-бап. Кедендік бақылау үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар
1. Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден өкілі және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға тауарларды тасымалдауды, өлшеуді немесе оның санына өзге де анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, орамның зақымданған жерлерін жөндеуді, орамды ашуды, кедендік бақылауға жататын тауарларды орауды не қайта орауды, мұндай тауарлар болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашуды жүргізуге міндетті.
2. Тасымалдаушы ол тасымалдайтын тауарларға және мұндай тауарлар тасымалданатын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операцияларды жүргізуге ықпал етуге міндетті.
3. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығындарға әкеп соқпауы тиіс.
109-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайлар мен басқа да орындарды бірдейлендіру
1. Кедендік бақылаудағы тауарларды, көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және онда кедендік бақылауға жататын тауарлар болуы мүмкін басқа да орындарды кеден органдары бірдейлендіруі мүмкін.
Бірдейлендіру пломбалар қою, мөр басу, санмен, әріппен және өзге де таңба қою, бірдейлендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттап жазу, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауардың ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
2. Сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі және оларды дайындауға қойылатын талаптар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
3. Кеден мақсаттары үшін сәйкестендіру құралдары ретінде пломбалар, мөрлер немесе шетел мемлекеттерінің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жіберушілер немесе тасымалдаушылар қолданатын сәйкестендірудің өзге де құралдары танылуы мүмкін.
4. Тауарлар мен көлік құралдары жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда, сәйкестендіру құралдарын тек кеден органдары өзгертуі, алып тастауы немесе жоюы мүмкін немесе бұл олардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Кеден органына сәйкестендіру құралдарының өзгерістері, алынып тасталуы немесе жойылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қатердің бар екендігіне дәлелдеме беріледі.
Сәйкестендіру құралдарының өзгеруі, алынып тасталуы, жойылуы немесе айырбасталуы туралы кеден органы кеден одағы Комиссиясының шешімімен белгіленетін нысан бойынша акті жасайды.
16-тарау. Кедендік бақылауды жүргізу нысандары мен тәртібі
110-бап. Кедендік бақылау нысандары
Кедендік бақылау нысандары:
1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2) ауызша пікір сұрау;
3) түсіндірмелер алу;
4) кедендік қадағалау;
5) кедендік тексеру;
6) кедендік тексеріп қарау;
7) жеке кедендік тексеріп қарау;
8) тауарлардың арнайы маркалармен маркалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;
9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру;
10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;
11) тауарларды есепке алу жүйесін және есептілікті тексеру;
12) кедендік тексеру болып табылады.
111-бап. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру
1. Кеден органдары мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқалылығын және (немесе) оларды толтыру және (немесе) ресімдеу дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексереді.
2. Кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
3. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік құжаттардағы ақпараттарды тексеру мақсатында жазбаша түрде қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұрату және егер осы Кодексте өзгеше тікелей көзделмесе, оларды тексеру тауарларды шығаруға кедергі жасамауы тиіс.
112-бап. Ауызша пікір сұрау
Осы Кодекске сәйкес кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары жеке тұлғалардан, олардың өкілдерінен, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттігі бар ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғалардан жазбаша нысанда көрсетілген тұлғалардың түсініктемелерін ресімдеместен, пікір сұрауға құқылы.
113-бап. Түсіндірмелер алу
1. Түсіндірмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының тасымалдаушылардан, декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы.
2. Түсіндірме Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жазбаша нысанда ресімделеді.
3. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру қажет болған жағдайда, кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін жазбаша нысандағы хабарламаны ресімдейді.
114-бап. Кедендік қадағалау
Кедендік қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың, соның ішінде кедендік бақылаудағы көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге операциялардың жасалуын ашық, мақсатты, жүйелі немесе бір жолғы, тікелей немесе жанама түрде көзбен шолып, соның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып қадағалауы.
115-бап. Кедендік тексеру
1. Кедендік тексеру - көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпастан, тексерілетін объектілердің және олардың бөліктерінің бүтіндігін қайта монтаждамастан және бұзбастан, тауарларды, соның ішінде көлік құралдарын, соның ішінде жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ кедендік ыдыстарды, кедендік пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзге де тәсілдермен тексеруі.
2. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, соның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдерін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын тексеруі кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін жайларында кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған сәйкестендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растауды алу үшін жүзеге асырылады.
3. Кедендік бақылау аймағында кедендік тексеру декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
4. Кедендік тексеру тексерілетін объектінің ішкі құрылымын көзбен қарауды және мұндай объектінің физикалық ерекше сипаттамасының болуы туралы өзге тәсілмен қамтамасыз ететін техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілуі мүмкін.
5. Егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын болса, тексеру нәтижесі бойынша кеден органдарының лауазымды тұлғалары Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды.
Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік тексерудің жүргізілгені туралы акті жасауға не көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжатта белгі қоюға міндетті.
Кедендік тексерудің жүргізілгені туралы актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға табыс етіледі.
116-бап. Кедендік тексеріп қарау
1. Кедендік тексеріп қарау - оларға салынған кедендік пломбаларды немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұзу, бөлшектеу, демонтаждау немесе тексерілетін объектілерді және олардың бөлшектерін өзге тәсілдермен бұзу арқылы кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты іс-әрекеті.
2. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге өкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы мұндай тұлғалар белгілі болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғаны кедендік қарап тексерудің жүргізілетін жері және уақыты туралы хабардар етеді. Кедендік тексеруді жүргізудің басталу уақыты осындай тұлғалардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеруі тиіс.
Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері осы баптың 4-тармағымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз бастамасы бойынша кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы.
3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеріп қарау барысында және (немесе) көшпелі кедендік тексеру барысында жүзеге асырылатын кедендік тексеріп қарау кедендік бақылау аймақтарын құрмастан жүргізілуі мүмкін.
4. Кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарын қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын жүргізетін жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады.
5. Кеден органы декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
1) көрсетілген тұлғалар келмегенде не мұндай тұлғалар белгісіз болғанда;
2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздік, адам өмірі мен денсаулығына, жануарлардың тіршілігі мен саулығына, қоршаған ортаға, кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық мәдени игілігін сақтауға қауіп, эпизоотиялық ахуалдың туындау қаупі болған кезде және кейінге қалдыруға болмайтын, соның ішінде егер тауарлар оңай жалындайтын заттар, қауіпті жарылғыш нәрселер, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотроптық, қатты әсер ететін улы токсинді, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да ұқсас тауарлар болып табылатынына белгілер болған, егер тауарлар жағымсыз иіс шығаратын өзге де жағдайларда;
3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелту кезінде;
4) тауарларды кеден одағының кедендік аумағында олардың әкетілуін көздейтін кедендік режимді бұза отырып қалдыру кезінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы.
6. Кедендік тексеріп қарау осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларда 2 (екі) куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
7. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша 2 (екі) данада кедендік тексеріп қарау актісі жасалады. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кедендік тексеріп қарау жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары және оны жүргізу кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар болмаған кезде кедендік тексеріп қарауды жүргізу себептері;
3) кедендік тексеріп қарау нәтижелері;
4) акті нысанымен көзделген өзге де мәліметтер.
8. Егер бұл тұлға анықталса, кедендік тексеріп қарау актісінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне табыс етіледі (жіберіледі).
117-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау
1. Жеке кедендік тексеріп қарау кедендік шекара арқылы ететін және кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде кеден органы басшысының (бастығының), кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша шешімі бойынша жүргізілетін кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.
Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім кеден органы лауазымды тұлғасының баянатына бұрыштама қою жолымен жазбаша нысанда қабылданады не жеке құжатпен ресімделеді.
2. Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды тұлғасы тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.
Жеке тұлғаның жеке кедендік жеке тексеріп қарау туралы шешімімен танысу фактісін көрсетілген тұлға мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімдегі тиісті жазбамен куәландырылады. Мұндай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органының лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылатын белгі жасалады.
3. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды тұлғасының әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге, тексеріліп қаралатын тұлғаның денсаулығына құқыққа жатпайтын зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс.
4. Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:
1) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу басталғанға дейін оны жүргізу тәртібімен және жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;
2) өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;
3) түсініктеме беруге және қолдаухат мәлімдеуге;
4) кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін, өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;
5) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе отырып, өтініш жасауға;
6) ана тілін пайдалануға, сондай-ақ аудармашының қызметтерін пайдалануға;
7) ол аяқталғаннан кейін жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу актісімен танысуға және актіге енгізуге жататын өтініштер жасауға;
8) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағымдануға құқығы бар.
5. Жеке кедендік тексеріп қарау барысында тексеріліп қаралатын тұлға немесе оның заңды өкілі жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының заңды талаптарын орындауға міндетті.
6. Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуіне және олардың тарапынан жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның денесін тексеріп зерттеуді медицина қызметкері ғана, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізуге тиіс.
Медициналық қызметкер жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді орындаудан жалтаруға құқылы емес.
Кәмелетке толмаған немесе қабілетсіз жеке тұлғаны жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналар, қамқоршылар, қорғауға алушылар) немесе оның алып жүретін тұлғалар қатысуға міндетті.
7. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін нысан бойынша 2 (екі) данада акті жасалады. Бұл акті жеке кедендік тексеріп қарау барысында не тікелей ол аяқталғаннан кейін жасалуға тиіс.
Актіге жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғасы, оған қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға не оның заңды өкілі немесе оны алып жүрген тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - медициналық қызметкер қолдарын қояды.
Оған қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлғаға не оның заңды өкіліне немесе оны алып жүрген тұлғаға жеке кедендік тексеріп қарау туралы актінің екінші данасы ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі.
118-бап. Тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру
1. Кеден органдары тауарларда немесе олардың орамдарында арнайы таңбалардың, сәйкестендіру белгілерінің немесе кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, олардың кеден одағының кедендік аумағына әкеліну заңдылығын растау үшін пайдаланылатын өзге де тәсілдермен тауарларды белгілеулердің болуына тексеру жүргізеді.
2. Тауарларда арнайы маркалардың, сәйкестендіру белгілерінің және тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер онда мұндай тауарлар табылған тұлға, декларант не өзге де мүдделі тұлға керісінше дәлелдемесе, кеден одағының кедендік аумағына кедендік операцияларды жасамастан және тауарларды шығармастан жүзеге асырылған тауарларды әкелу ретінде қаралады.
119-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру
1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру кедендік бақылаудағы, соның ішінде шартты шығарылған, уақытша сақтау орындарындағы, кеден қоймаларындағы, бажсыз сауда дүкендеріндегі және кедендік бақылаудағы тауарлар болуы мүмкін өзге де жерлердегі, сондай-ақ оларда тауарлар осы Кодекспен көзделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес болуы тиіс тауарлардың болуын растау мақсатында жүргізіледі.