25-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
Мыналар заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
1) осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
2) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 26-бабының 1-5, 7 және 8-тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;
3) уақытша сақтау қоймасы иесінің оны уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
26-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері
Уақытша сақтау қоймасының иесі:
1) тауарларды уақытша сақтау кезінде, осы Кодекспен белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
2) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) сақталатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органдарына олар туралы есеп ұсынуға;
4) уақытша сақтау қоймасының қызметкері болып табылмайтын және кеден органының рұқсатынсыз сақталатын тауарларға қатысты өкілдіктерге ие емес бөтен тұлғаларды жібермеуге;
5) кеден органдары лауазымды тұлғаларының сақталатын тауарларға қол жеткізуіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
6) уақытша сақтау қоймасы жұмыс істеуді тоқтатқан жағдайда, осы қойманың жұмысты тоқтатуы туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде уақытша сақтау орнына тауарларын қойған тұлғаларға осы шешімді жеткізуге;
7) осы Кодекстің 172-бабында көзделген жағдайларда кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
8) заңды тұлғаны, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден органына, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу кезінде олармен мәлімделген мәліметтердің өзгергені туралы, осындай мәліметтердің өзгерген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
27-бап . Уақытша сақтау қойма иесінің жауапкершілігі
Тауарларды уақытша сақтау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін уақытша сақтау қоймасының иесі, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
28-бап. Кеден қоймасының иесі
1. Кеден қоймасының иесі - осы Кодекстің 29-бабында белгіленген, шарттарға жауап беретін, кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
Заңды тұлға, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден қоймасының иесі болып табылады.
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу және аталмыш тізілімнен алып тастау кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
2. Кеден қоймасының иесі, кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттарда, кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
3. Кеден қоймасы иесінің декларантпен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы келісім-шарттық негізде құрылады.
4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
29-бап. Кеден қоймасы иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарты болып мыналар табылады:
1) меншігінде, шаруашылық иелігінде, жедел басқаруында, жалда кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың бар болуы;
2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау келісімшарттың өзге шарттарын бұзу себебі бойынша болатын өзінің азаматтық жауапкершілігіне келетін қатерді сақтау шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады;
3) кеден органына жүгіну күнінде кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің жоқ болуы;
4) кеден органына жүгінгенге дейін бір жыл ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген, кеден ісі саласында құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы;
5) кеден одағының кеден заңнамасымен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттарды сақтауы.
2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылған жағдайда, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен өзгесі белгіленбесе, осындай шарт, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күніне бір жылдан кем емес мерзімге бекітілуі керек.
30-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
Мыналар заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
1) осы Кодекстің 29-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
2) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 31-бабының 1) - 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;
3) кеден қоймасы иесінің оны кеден қоймасы иелері тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.».
31-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері
Кеден қоймасының иесі:
1) кеден қоймасында орналасқан тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) тауарлардың кеден қоймасында сақталуына қатысты осы Кодекспен бекітілген шарттар мен талаптарды сақтауға;
3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) кеден қоймасында сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізу және кеден органына осы тауарлар жөнінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына осындай тауарлар туралы есеп ұсынуға;
5) кеден қоймасының жұмысшылары болып табылмайтын және кеден органдарының рұқсатынсыз сақталып отырған тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөтен тұлғаларды жібермеуге;
6) кеден органдары лауазымды тұлғаларының сақталып отырған тауарларға қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
7) кеден қоймасының жұмысын тоқтатқан жағдайда, осы қойманың қызметін тоқтату туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде осы шешім туралы кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларды хабардар етуге;
8) апаттың кезінде жойылудың немесе дүлей күштің іс-әрекетінің нәтижесінде жоғалтуды, немесе тауарларды кеден органдарының рұқсатынсыз беруді қоспағанда, тауарларды жоғалтқан жағдайда, осы Кодекске сәйкес, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелер пайда болған кезде кедендік кіріс төлемдерін, салықтарын төлеуге;
9) заңды тұлғаны кеден қоймаларын иеленушілердің тізіліміне қосқан кеден органын кеден қоймасын иеленушілердің тізіліміне қосқан кезде онымен ұсынылған мәліметтердің өзгергені туралы осы мәліметтердің өзгерген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ақпараттандыруға міндетті.
32-бап. Кеден қоймасы иесінің жауапкершілігі
Тауарларды кеден қоймасында сақтау кезінде өзін міндеттерін орындамағаны үшін кеден қоймасының иесі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
33-бап. Бажсыз сауда дүкенінің иесі
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі - осы Кодекстің 34-бабымен анықталған шарттарға жауап беретін кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
Заңды тұлға бажсыз сауда дүкенінің иесі болып бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізілгеннен соң есептелінеді.
Бажсыз сауда дүкенінің иелерінің тізіліміне енгізудің немесе осы тізілімнен алып тастаудың тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда кедендік рәсімі бойынша орналастырылған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасынан шығатын жеке тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге не дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне бөлшектеп сатуда сақталуын және өткізілуін қамтамасыз етеді.
3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
34-бап. Бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
Заңды тұлғаларды бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізу шарттары:
1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалану үшін жарамды жеке меншікте, шаруашылық қарамағында, жедел басқаруда немесе үй-жай жалдауында және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес келетін;
2) бөлшектеп сатуға тіркеме немесе рұқсаттама құжаттардың бар болуы, егер оларды алу міндеттемесі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса;
3) кеден органына жүгінген күні кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттеменің болуы;
4) кеден органына жүгінген күнге дейінгі бір жылдың ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
5) кеден одағының кедендік заңнамасымен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттарды сақтау болып табылады.
35-бап. Бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен алып тастау үшін негіздер
Мыналар бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
1) осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
2) осы Кодекстің 36-бабында көзделген міндеттерді бажсыз сауда дүкені иесінің сақтамауы;
3) бажсыз сауда дүкені иесінің оны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
36-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері
Бажсыз сауда дүкенінің иесі:
1) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған және осы тарауға сәйкес сатылмаған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) осы Кодексте белгіленген шарттарды және талаптарды сақтауға;
3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) тауарлардың бажсыз сауда дүкеніне түсуін және олардың көрсетілген дүкенде сатылуын есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ кеден органдарына осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес есептілікті ұсынуға;
5) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер пайда болған кезде осы Кодекстің 306-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуге;
6) заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне қосқан кеден органын бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне қосқан кезде, осы мәліметтердің өзгерген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ол мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.
37-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің жауапкершілігі
Тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде сақтау және сату бойынша талаптарды, сондай-ақ бажсыз сауда кедендік рәсімінің талаптарын сақтамағаны үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
38-бап. Уәкілетті экономикалық оператор
1. Уәкілетті экономикалық оператор - осы Кодекстің 39-бабында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін, осы Кодекстің 41-бабында көзделген арнайы жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар заңды тұлға.
2. Уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесін кеден органдары уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті ұсыну жолымен береді және осы мәртебені берген кеден органы мемлекетінің аумағында танылады.
Уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесі аумағында осы тұлғаға осындай мәртебе берілген кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаға беріледі.
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысаны мен оны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
3. Уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосу туралы куәлік берген кеден органын уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосу туралы куәлікті беру үшін, осы мәліметтердің өзгерген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ол ұсынған мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.
39-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары
Мыналар заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуының шарттары болып табылады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай қамтамасыз етуді енгізу күніне бекітілген валюта бағамы бойынша кемінде бір миллион еуроға балама сомада осы тармақшаның екінші абзацында белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;
Олар Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өлшемдерге сәйкес болған жағдайда кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және (немесе) тауарларды экспорттайтын тұлғаларға осындай қамтамасыз етуді ұсыну күніне кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін, валюта бағамы бойынша бір жүз елу мың еуроға балама сомаға кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады;
2) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған, бірақ кеден органына жүгінген күніне дейін бір жылдан кем емес мерзім ішінде сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру;
3) кеден органына жүгінген күніне кедендік төлемдерді, пайыздарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттеменің болмауы;
4) кеден органына жүгінген күніне кеден одағына мүше мемлекеттердің салықтар және алымдар туралы заңнамасына (салық заңнамасына) сәйкес берешектің (бересінің) болмауы;
5) кеден органына жүгінгенге дейін бір жылдың ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы;
6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;
7) кеден одағының кеден заңнамасымен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге талаптарға сәйкес келуі және өзге де шарттардың сақталуы.
40-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі
Кеден органдары уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізеді және оның кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген нысан мен тәртіп бойынша жариялануын қамтамасыз етеді.
41-бап. Уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын арнайы оңайлатулар
1. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар ұсынылуы мүмкін:
1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;
2) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару;
3) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүргізу;
4) кеден одағының кедендік заңнамасында көзделген өзге де арнайы оңайлатулар.
2. Егер оларға қатысты осындай арнайы оңайлатуларды қолдану жоспарланып отырса, уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты ретінде шығуға құқылы болған жағдайларда ғана осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар қолданылады.
3. Оларға қатысты осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар қолданыла алмайтын тауарлардың тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
42-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпарат беру
1. Уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік шекара арқылы өткізілуі болжанып отырған тауарлар, осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осындай аумақтан кету уақыты және орны, кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе осындай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпаратты электрондық түрде ұсынуы мүмкін.
2. Кеден органдары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің, немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің біреуінің осы мемлекеттермен халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдарымен (қызметтерімен) алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кеден органдарына міндетті түрде алдын ала ақпарат беру жағдайлары, көлемі және оны кедендік мақсаттар үшін ұсыну және қолдану тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
4-тарау. Ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар
43-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары
1. Кедендік операциялар ақпарат берудің электрондық тәсілдеріне, сондай-ақ оларды қамтамасыз етудің құралдарына негізделген ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
2. Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды енгізу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тиісті халықаралық стандарттарды және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдары әзірлейтін, өндіретін немесе сатып алатын ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын қолданады.
4. Кеден мақсаттары үшін ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, оларды қамтамасыз ету құралдарын және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық техникалық құралдарын қолданудың шарттары мен тәртібі, сондай-ақ ақпарат алмасудың электрондық тәсілдеріне негізделген ақпараттық қарым-қатынасты ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын талаптар кеден одағының кедендік заңнамасымен және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
5. Кеден одағының кедендік аумағында кеден органдарының қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсаты үшін ықпалдасқан ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар құрылады.
44-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары
1. Кеден органдарының кедендік операцияларды жүргізу кезінде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар базасында қалыптастырылған ақпараттық ресурстарына қол жеткізу шектеулі. Ақпараттық ресурстарды және оларға қол жеткізуді қалыптастыру тәртібі кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
Кеден органдарының ақпараттық ресурстары ретінде өзіне кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жасалатын, өңделетін және жинақталатын мәліметтер базасын қамтитын құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы түсініледі.
Кеден одағының кедендік заңнамасына қатысты кеден органдарының ақпараттық ресурстары ашық және жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады.
Жалпыға бірдей қол жетімді ақпараттық ресурстар кеден органдарының және Кеден одағы комиссиясының сайттарында орналастырылады.
2. Тұлғалардың кеден органдарының қарамағындағы, шектеулі қол жетімді ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпаратты алу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
45-бап. Ақпараттық процестерге және ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің ақпараты мен құқықтарын қорғау
1. Ақпараттық процестерге және ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің ақпараты мен құқықтарын қорғау кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық техникалық құралымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қорғаудың деңгейі ақпарат деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Ақпаратты қорғау деңгейінің белгілі бір деңгейге сәйкес келуін осы ақпараттық ресурстар қарамағында тұрған кеден органдары қамтамасыз етеді.
46-бап. Кеден органдарының ақпарат алмасуы
Кеден органдары арасында ақпарат алмасу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден органдары шетел мемлекеттерінің кеден органдарымен, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдармен кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда халықаралық ақпарат алмасуға қатысады.
5-тарау. Кедендік статистика
47-бап. Тауарлармен сыртқы саудадағы кедендік статистика
1. Тауарлармен сыртқы сауданың даму жағдайын, серпіні мен үрдісін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының мәліметтерін қалыптастыру үшін кедендік шекара арқылы тауарларды тасымалдау туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.
2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді.
3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін:
оның кеден органдары осындай деректерді ұсынатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға;
оның кеден органдары осындай деректерді ұсынатын кеден одағына қатысушы мемлекеттің халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға ұсынады.
4. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық келісім-шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады.
5. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімде жариялайды.
6. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны не өзге құпия ақпаратты қамтымайтын деректерін мемлекеттік органдарды қоспағанда, оларды алуға мүдделі кеден одағына мүше мемлекеттердің ұйымдарына кеден органдары осындай деректерді ұсынатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады.
48-бап. Арнайы кедендік статистика
1. Кеден органдарына жүктелген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы кедендік статистика жүргізіледі.
2. Кеден органдары арнайы кедендік статистиканың деректерін тек кедендік мақсаттар үшін қолданылады.
49-бап. Статистикалық мақсаттар үшін қолданылатын құжаттар мен мәліметтер
1. Статистикалық мақсаттар үшін кеден одағының кедендік заңнамасына және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғалар ұсынатын құжаттар және мәліметтер пайдаланылады.