63-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аударуға жұмсалатын шығындарын өтеу бөлігінде;»;
66-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай Бағдарлама операторына - экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударған, оның ішінде субсидия, тұрғын үй, жатақханадан бөлме алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамтудың түрлері бөлінісінде) Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы ақпарат;».
4. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:
«Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
«Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган» деген жолдағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі»;
«Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар» деген жолдағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері;»;
8-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Бағдарлама операторы);»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.»;
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 11-сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Мүгедектердің және халықтың іс-қимылы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.»;
19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жобаларға теріс қорытындылар берілген кезде өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.
Оң қорытынды берілген кезде өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Бағдарлама операторына қаржыландыру көлемдерін, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін қоса бере отырып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін жібереді.
20. Бағдарлама Операторы өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған қорытынды негізінде және құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып, жобаларды қарайды.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органның және Бағдарлама операторының келісімімен көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың соңғы нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жібере алады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Бағдарлама операторы өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргізеді.»;
33-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
«4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу.»;
36-тармақта:
4), 6), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит беру мерзімі - 3 жылдан аспайды, 500 мың теңгеден жоғары сомаға - 5 жылдан аспайды;»;
«6) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит алған алушыларды қоспағанда, түпкілікті қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және/немесе кредиттік серіктестіктерге микрокредит бойынша негізгі борышты өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін;»;
«9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді. Бұл ретте 500 мың теңгеге дейінгі микрокредиттер бойынша түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі 5 %-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) 500 мың теңгеге дейін микрокредит бойынша түпкілікті қарыз алушыға негізгі борышты өтеу бойынша алты айдан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады;»;
«11) түпкілікті кредит алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған қаражаты есебінен осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес қайта кредит беруге жол беріледі.»;
41-тармақтың 6) тармақшасында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімдер жібереді;»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Бағдарламаға қатысушылар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту үшін қажет болса, техникалық паспортты, жер актісін, жер учаскесін бөліп беруді және техникалық жағдайларды ұсынады.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Оқуды аяқтағаннан кейінгі үш жыл ішінде бітірушілер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады. Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидия мөлшері айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын жергілікті бюджет қаражатын есебінен қоса қаржыландыруға жол беріледі.»;
82-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:
өңірлік комиссиялар облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
4) өңірлік не аудандық/қалалық комиссия ұсынымының негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға қоныс аударатын үміткерлерге қолданылмайды;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық өңірлерде үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын болады;»;
85-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын:
86-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді;»;
87-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бір аудан шегінде қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді.»;
98-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«98. Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджетте көзделген:
1) 2013 жылға - 102,8 млрд. теңге;
2) 2014 жылға - 97,7 млрд. теңге;
3) 2015 жылға - 91,7 млрд. теңге;
4) 2016 жылға - 101,0 млрд. теңге;
5) 2017 жылға - 104,3 млрд. теңге қаражат шегінде жүзеге асырылады.»;
15-бөлімде:
4-бағанда:
реттік нөмірлері 1, 5-жолдардағы «ӨДМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 5, 10-жолдардағы «Еңбекмині» деген аббревиатура «ДСӘДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолдың 5-бағанындағы «Еңбекмині» деген аббревиатура «ДСӘДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі».