1. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы ұйымдар соғыс жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге міндетті.
2. Ұйымдар соғыс жағдайы кезеңінде:
ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазакстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерінің меншігіндегі қорғаныс қажетіне керекті мүлікті беруге;
2) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шарттар негізінде мемлекеттің тапсырмаларын (тапсырыстарын) бірінші кезектегі тәртіппен орындауға;
3) өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
14-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Жеке және заңды тұлғалар соғыс жағдайы жөніндегі заңдарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
15-бап. Халықаралық міндеттемелердің орыңдалуы
Қазакстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайы енгізілген ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туыңдайтын Республиканың міңдеттемелеріне сәйкес шаралар қабылдайды.
16-бап. Соғыс жағдайының күшін жою
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе оның жекелеген жерлеріндегі соғыс жағдайы оны енгізуге негіз болған әрекеттер тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен күшін жояды.
2. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтік құқыктық актілер соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде ғана қолданылады және Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күшін жоюға тиіс.
17-бап. Осы Заңды қолданыска енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының