9. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы қылмыстық немесе азаматтық iстiң не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істің материалдарына тiркеледi, екiншi данасы адвокаттар алқасына ұсыну үшін iс бойынша қатысқан адвокатқа беріледi.
Адвокаттардың қаулының немесе ұйғарымның екiншi данасын ұсынуы бойынша адвокаттар алқасы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландыруға жататын сағаттар саны мен қаражат сомасы туралы өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) жасайды және оны тиiстi республикалық бюджеттік бағдарлама әкiмшісiнiң аумақтық органына (бұдан әрi - аумақтық орган) - есептi айдан кейiнгі айдың 2-күніне дейiнгі мерзiмде, ал желтоқсан үшiн есепті айдың 15-күнінен кешiктірмей жiбередi. Өтінiмге мiндеттi түрде: адвокаттардың алдын ала тергеуге, анықтауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге, сотқа қатысқан күні мен уақытын есепке алу тiзiлiмi және қаулылар мен ұйғарымдардың көшiрмелерi қоса беріледi.
ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда ; ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара)
10. Өтінiмдер түскеннен кейiн аумақтық орган адвокаттарға төленуге жататын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты тиiсті республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшісiне - есептiден кейiнгі айдың 10-күнiнен кешiктiрмей, ал желтоқсан үшін есептi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей жiбередi.
Аумақтық органға ағымдағы жылдың 15 желтоқсаннан кейiн келiп түскен қаулылар немесе ұйғарымдар келесi жылдың қаржыландыруы есебiнен төлеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда
11. ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. ҚР Үкіметінің 2005.30.09 № 978 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)