Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.
Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.
Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Қорытынды жобасының мазмұны мен оны Үкіметке ұсыну мерзімдері үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 109-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 109-2-тармақ өзгертілді
109-2. Әзірлеушісі өздері болып табылатын заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарындағы отырыстарға орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жұмыс топтарына - департаменттердің директорлары немесе комитеттердің төрағалары;
2) бас комитеттердің отырыстарына - бірінші басшылардың орынбасарлары;
3) Палаталардың жалпы отырыстарына - орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.
Үкімет бастамашы болған заң жобасы бойынша Мәжілістің немесе Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасауға уәкілеттік берілген орталық атқарушы органның бірінші басшысын ауыстыру Палатаның берілген заң жобасын қараудың шұғыл жағдайында ғана және объективті негіздер болған кезде ғана Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың осы тәртіпті сақтауын, сондай-ақ Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың басқа да тұлғаларының Парламентке келу, оның ішінде Парламентте өткізілетін үкіметтік сағаттарға, парламенттік тыңдауларға және басқа да іс-шараларға қатысуын бақылауды Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 109-3-тармақпен толықтырылды
109-3. Уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарының отырыстарына қатысу барысында Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша Үкімет қорытындысында көрсетілген оның бірыңғай ұстанымын қатаң сақтауға міндетті.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және ол бұзылған жағдайда бұл туралы Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 110-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламент Мәжілісінің немесе Сенатының жалпы отырысында таныстыратын уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
Үкімет енгізген заң жобасын Парламентте таныстыратын уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) өзге мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы болып табылатын басқа уәкілетті тұлғаға ауыстырған кезде Кеңсе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған баяндамашыны ауыстыру туралы хаттарды бір мезгілде Парламент палаталарының әрқайсысына қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 111-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
111. Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады
Өкілдік Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын, Мемлекет басшысы Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі туралы және Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 112-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді және Президент Әкімшілігімен міндетті түрде келісуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде қорытындыны осы Регламентке 5-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және Кеңсеге жібереді.
Қорытындыдан басқа Кеңсеге міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Парламент қабылдаған заңда мәселелері қозғалатын өзге де мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері, Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына енгізген заң жобасының нұсқасы мен депутаттардың әр түзетуі бойынша негіздемемен Парламент қабылдаған заңның салыстырма кестесі, депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындылары енгізіледі. Мұндай салыстырма кестені әзірлеуді заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заң бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысы (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісуге жататын Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.
Үкіметке енгізілген қорытындының мазмұны және оны енгізу мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапты болады.
Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен 113-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 113-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113-1. Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай):
1) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің) жобаларын қарау үшін;
2) Әділет министрлігіне тиісті ведомстволық актілерді, сондай-ақ «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу туралы ақпаратты жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 114-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;
3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтінін, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса тіркелуі қажет.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.
Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.
Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсенің Басшысы айқындайтын жағдайларды қоспағанда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қабылданады.
Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Әділет министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, қорытады және тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен 114-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 114-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114-1. Оған қатысты бұрын Үкіметке Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілген халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акті қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заңның жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Регламенттің 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолы қойылған тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 114-2-тармақпен толықтырылды
114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 6-8-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.12. № 1685 Қаулысымен 6-8-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 6-8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-8. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 115-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысымен келісім бойынша шақырылған өзге де адамдар шақырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 115-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
115-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) Директорлар кеңесінің отырысына мыналарды:
1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;
2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;
3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;
4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;
5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;
6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстыруларын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларын) қамтитын материалдарды олардың отырысының күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
Директорлар кеңесінің түсіндірме жазбасы мен шешімдерінің жобаларына қоғамның атқарушы органының басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюға тиіс.
Егер, құжат қоғамның тобына кіретін заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілетін материалдарға тиісті заңды тұлғаның (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бірінші басшысы да қол қоюға тиіс.
115-3. Қоғамның қызметіне әсер ететін қандай да бір мәселелерді шұғыл түрде шешудің қажеттілігі туындаған жағдайда, қажетті материалдарымен бірге хабарламаны жіберу мерзімі Директорлар кеңесі төрағасының шешімімен қысқартылуы мүмкін.
115-4. Отырысты өткізу туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге жазбаша және/немесе электрондық нысанда беріледі.
115-5. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын Кеңсе Басшысы жүргізеді.
115-6. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы ол жүргізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.
115-7. Директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырысының хаттамасына келісу парағына Кеңсе Басшысы хаттама жобасын жібергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Директорлар кеңесінің отырысына қатысушы Директорлар кеңесінің мүшелері қол қояды.
Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің келісім парағы және отырыста болмаған мүшелерінің (олар болған жағдайда) жазбаша пікірлері қоса беріледі.
115-8. Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесі отырыстарының стенограммасын жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.
115-9. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша оның қарауына енгізілген мәселелер жөнінде Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауы сырттай дауыс беру арқылы болуы мүмкін. Сырттай дауыс беру Директорлар кеңесінің отырысын өткізбей-ақ қолданылады.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін, егер Директорлар кеңесінің төрағасы өзге мерзімді белгілемесе, оның өткізілуі туралы хабарлай отырып, дауыстарды санау күніне дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Құжаттарды алдын ала зерделеу талап етілмейтін мәселелер бойынша бюллетень дауыстарды санау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуі мүмкін.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень және өзге де ақпарат (материалдар) Директорлар кеңесінің мүшелеріне почта, электрондық немесе өзге де байланыс арқылы жіберілуі тиіс немесе жеке өзіне тапсырылады.
115-10. Бюллетеньдер дауыс берудің соңғы күні 16 сағат 30 минуттан кешіктірілмей қоғамның орналасқан орны бойынша берілуі тиіс.
115-11. Шешім сырттай дауыс беру арқылы жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары бұрыштама қояды және:
1) қоғамның атауын және орналасқан орнын;
2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша ресімдеу күні мен орнын;
3) Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметті;
4) отырысты шақыруды жүзеге асырушы тұлғаны (органды) көрсетуді;
5) отырыстың күн тәртібін;
6) шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазбаны;
7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімді;
8) өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
115-12. Директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімді және сырттай дауыс беру қорытындыларын Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне шешімдерге қол қойылған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
7. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың
өзара іс-қимыл жасау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 117-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 117-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
117. Прокурорлық қадағалау актілері тіркеледі және кейіннен Премьер-Министрді хабардар ету үшін Премьер-Министр Хатшылығына беріледі.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау бойынша тиісті тапсырма Премьер-Министр қолымен ресімделеді.
Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Кеңсеге енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жауап жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген әрбір мәселеге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде, сондай-ақ заңдылықтың тиісті бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартудың қабылданған шаралары туралы ақпаратты білдіруге тиіс.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.
Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама қоюы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдің (оның міндеттерін атқарушы адамның) қолымен Үкімет бланкісінде ресімдейді, оған құзыретіне мәселелерді қарау кіретін құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, сондай-ақ Заң бөлімі мен Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары алдын ала бұрыштама қояды.
8. Үкіметтің актілерін жариялау тәртібі
118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.
Үкіметтің интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 120-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 120-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
120-1. Мемлекеттік орган Кеңсе тарату барысында өзіне жіберген, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет—ресурсында мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
121. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді басылымдарда бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
122. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Байланыс және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
9. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары
Іссапарларының тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 123-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)