5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
2. Қор өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды
27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қордың басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Қордың басшы қызметкерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
1) атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (заң, қаржы-экономикалық) білімі;
бағалы қағаздар нарығында және қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не халықты әлеуметтік қорғау саласында басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілі;
2) бас бухгалтер үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық) білімі;
қаржы-бухгалтерлік жұмыста кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы керек.
3. Қордың басшы қызметкері болып:
1) жоғары кәсіптік білімі жоқ;
2) осы баптың 2-тармағында көзделген қызмет салаларында ең аз қажетті жұмыс өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервациялауға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған осы заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайлана (тағайындала) алмайды.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Қордың қызметi
Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.
Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
1. Қордың:
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
3) Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
4) қаржы қозғалысы туралы Орталықтан ақпарат алуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтаруды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қор:
1) Орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
3) жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
3. Қор:
1) Қор активтерiн кепiлге беруге;
2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөніндегі, инвестициялық кiрiс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
1. Қордың активтерi:
1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
3) артық төленген әлеуметтiк аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдаланыла алады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қордың активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi.
2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Орталықтың, мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының