1) жыл сайын бірінші тоқсанда - коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдерін;
2) жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде - тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті.»;
2-1, 2-2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
2-2. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.»;
«4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.»;
30) 75-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін тұрғынжайда тұрып жатқан азаматқа (отбасына) тұрғынжай беру нормасын есептеген кезде оның меншігіндегі тұрғынжай алаңының мөлшері ескеріледі. Бұл талап жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған жағдайға қолданылмайды.»;
31) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа да ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай олардың тiлегi ескеріліп, төменгi қабаттардан немесе лифтiлерi бар тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) берiледi.
Мүгедектерге ғимараттың үлгiсi, жайлылық дәрежесі және тұруға қажеттi басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.»;
32) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Заңның 67-бабының 3-1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тұрғынжай беретін органға тұрғын үй комиссиясы бекіткен тұрғынжайға мұқтаждардың тізімдерін жібереді.
Тұрғынжай беретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясының шешімі тұрғынжайға мұқтаждардың ұсынылған тізімдері негізінде қабылданады.»;
33) 78-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берудiң жариялылығы мен ашықтығы»;
бірінші сөйлем «танысу үшiн берiледi» деген сөздерден кейін «және осы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 93-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«93-бап. Бiр отбасына бiрiккен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) талап етуi бойынша шарттың өзгертiлуi»;
35) 97-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;»;
36) 101-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда:
«3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:» деп жазылып, 3) тармақшадағы «қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлерді» деген сөздер «қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 101-1-баптың 1, 2, 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғынжайға құқығын іске асыруы олар осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап тұрғын үй төлемдерін тиісті арнаулы мемлекеттік органға бөлінетін мемлекеттік бюджет қаражатынан олардың жеке арнайы шотына ай сайын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы отбасы мүшесінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және штаттық жасырын қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
2. Тұрғын үй төлемдері осы баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде көзделген ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қоспағанда, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Арнаулы мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әрбір қызметкері тұрғын үй төлемдері үшін жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.»;
«5. Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі он жылдан кем қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж, бірақ 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде онымен қамтамасыз етілмеген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдарда олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің бүкіл кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
Осы тармақтың күші арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тұрғын үй төлемдерін алуы бөлігінде тұрғынжайын купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асырған қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырған қызметкерлерге қолданылмайды.
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үйге мұқтаж деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтен босатылған кезде, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілсе, қызметтен босатылған күнге төленген айырма шегеріле отырып, арнаулы мемлекеттік органдарда олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің бүкіл кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
Осы тармақтың күші арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тұрғын үй төлемдерін алуы бөлігінде тұрғынжайын купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асырған қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырған қызметкерлерге қолданылмайды.
7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары, ауруы немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен босатылған кезде оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтен босатылған күнге төленген айырма шегеріле отырып, қызметтің бүкіл кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.
Егер қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігу (контузия, жарақаттану, жаралану) немесе қызмет өткеру кезеңінде ауырған қызметкердің қызметтен босауына себеп болып табылса, ол бойынша әскери-дәрігерлік комиссия қызметкерді қызметке жарамсыз (есептен шығара отырып, жарамсыз болу) деп таныса, қызметтен босатылу сәтінде іс жүзінде аударылған сома шегеріліп, еңбек сіңірген күнтізбелік жиырма жылына тең кезең үшін оған тұрғын үй төлемдері аударылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігу (жаралану, контузия, жарақаттану) немесе ауырғаны қызметкердің заңға қайшы әрекеттер жасауы кезінде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (оларға ұқсас заттардан) масаң күйде болуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өзінің денсаулығына өзге де зиян келтіруі салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденген жағдайларда төленбейдi.»;
38) 101-4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қаражатты тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналар төлеу үшін пайдалану;»;
39) 106-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тұру үшiн жарамды тұрғынжай осы елдi мекен шегiнде болуға әрі санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс.»;
40) 109-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда:
«2. Мемлекеттiк мекемелердің жұмыскерлері мен судьялар, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:» деп жазылып, 3) тармақшадағы «тұрғын үйлерді» деген сөздер «тұрғынжайларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
41) 116-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрмысқа жайлы тұрғынжай берiлгенге дейiн көшiрiлуге тиiстi азаматтар осы елдi мекенде орналасқан әрi санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетiн уақытша тұрғынжайларға (олардың келiсiмiмен) орналастырылады.».
2. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
15-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары мыналарды да:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдерін;
2) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып, қамтуға тиіс.».
3. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заң:
1) мемлекет қатысатын компаниялар тұрғын үйдің бір жүз пайызын сатып алу бойынша жүргізетін мемлекеттік сатып алуды;
2) екінші деңгейдегі банктердің ашық кредиттік желі негізінде бір жүз пайыз қаржыландыруды жүзеге асыруын;
3) тұрғын үй құрылысын инвестициялауға немесе құрылысты ұйымдастыруға акцияларының бақылау пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде мемлекет иеленетін заңды тұлғалардың қатысуын қоспағанда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға жататын барлық қатынастарға қолданылады.».
4. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-1-тармағына сәйкес жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған;»;
2) 44-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Заңның 42-бабының 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы орналасқан жер бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін;»;
3) 106-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердi тұрғынжайдан шығару туралы атқарушылық құжат сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда, тұрғынжайдан шығару - куәгерлердiң, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен, ал кәмелетке толмаған балалары бар меншік иесін, сондай-ақ оның қорғаншылығында немесе қамқоршылығында кәмелетке толмағандар бар меншік иесін тұрғынжайдан шығарған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен мәжбүрлеп жүзеге асырылады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) тұрғын үй қорын басқару саласында;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 270-V