Тексеретін лауазымды адамдардың құрамы, сондай-ақ көшпелі кедендік тексерудің кезеңі өзгерген жағдайларда, көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамаға толықтыру ресімделеді, онда негізгі нұсқаманың нөмірі мен тіркеу күні көрсетіледі.»;
42) 221-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
1. Кедендік тексеру нәтижелері:
1) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде камералдық кедендік тексеру актісімен;
2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде көшпелі кедендік тексеру актісімен ресімделеді.
Кедендік тексеру актілерінің нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) кедендік тексеру актісінің тіркеу нөмірі, оның жасалған орны мен күні;
2) тексеру жүргізу орны;
3) тексеру жүргізген кеден органының атауы;
4) кедендік тексеру тағайындаудың және (немесе) жүргізудің негізі;
5) кедендік тексеру нысаны (камералдық, жоспарлы көшпелі, жоспардан тыс көшпелі);
6) кеден органының тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
7) тексерілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не тұлғаның толық атауы, тексерілетін тұлғаның орналасқан жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын орны туралы мәліметтер, оның сәйкестендіру нөмірлері;
8) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;
9) тексерілетін тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
10) тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
11) кедендік тексеру жүргізуге мамандар ретінде тартылған басқа да бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), олардың лауазымдары;
12) кедендік тексеру басталған және аяқталған күн (кедендік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған және (немесе) жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда олардың кезеңдері көрсетіледі);
13) тексерілетін кезең;
14) тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға табыс еткен құжаттар туралы мәліметтер;
15) кедендік тексеру барысында кедендік бақылаудың өзге де нысандарын пайдалану туралы мәліметтер;
16) алдыңғы тексеру және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер;
17) талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы не олардың жоқ екендігі туралы мәліметтер;
18) кедендік тексеру нәтижелері бойынша түйіндер.
3. Камералдық кедендік тексеру актісін жасау кезінде осы баптың 2-тармағының 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер толтырылмайды.
4. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын кедендік тексеру актісі жасалған күн кедендік тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
5. Егер кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
6. Кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
7. Кедендік тексеру актісі арнайы кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
8. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
9. Кедендік тексеру жүргізу кезінде Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған кезде оның нәтижелері бойынша:
1) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
2) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талап;
3) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылады.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайларда тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 220-бабында көзделген тәртіпке сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін ресімделеді.
Бұзушылықтарды жою туралы талап көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.
Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде шығарылады.
10. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан басқа кеден органында шығарылған кедендік декларацияларына қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде кедендік тексеру актісінің көшірмесі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімдеуді жүргізген кеден органына жіберуге жатады.
11. Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 159 және 160-баптарында көзделген тәртіппен жіберіледі немесе тапсырылады.
12. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және бұзушылықтарды жою туралы талап тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір мезгілде тапсырылады немесе жіберіледі.
Көшпелі кедендік тексеруді өзге кеден органы жүргізген жағдайда, ресімдеуді жүргізген кеден органы бұзушылықтарды жою туралы талапты тексерілетін тұлғаға кеден органы кедендік тексеру актісінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырады немесе жібереді.
13. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны және көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама немесе талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
14. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру нәтижелеріне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқығы бар.»;
43) 242-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды және уәкілетті экономикалық операторлар әкелетін тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады.»;
44) 276-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«276-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі
Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарлар, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығу өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнім, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтар, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар, тірі жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық пошта жөнелтілімдері, экспресс-жүктер, гуманитарлық және техникалық көмек, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, жабдықтар мен құралдар және осындай басқа да тауарлар кедендік рәсіммен бірінші кезекте орналастырылады.
Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі уәкілетті экономикалық операторлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларға да қатысты қолданылады.»;
45) 281-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай құжаттарға:
1) шот-фактура (инвойс), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжат;
2) пайдаланылатын көлік түріне қарай көліктік (тасымалдау) құжаты жатады.»;
2-тармақта:
бірінші абзац және 1) мен 2) тармақшалармынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төменде көрсетілген талаптар қолданылатын тауарлар мен мәмілелерге қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының валюта заңнамасындакөзделген жағдайда валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда тыйым салулар мен шектеулердің, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;»;
3) тармақша алып тасталсын;
46) 286-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) кеден органы талабының негізінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау кезінде электрондық құжат түрінде берілген, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз түрінде кеден органына табыс етуге;»;
47) 287-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«287-бап. Декларанттың жауаптылығы
Декларант, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік декларацияда көрсетілген анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды табыс еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Декларант мынадай жағдайларда:
1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;
2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа тартылмайды.»;
48) 294-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген;
2) тауарларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда, тауарларға уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі.»;
49) 296-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарлар шығаруды кеден органының лауазымды адамы осы Кодексте көзделген тәртіппен, егер Комиссияның шешімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, кедендік декларацияға, шот-фактураға (инвойсқа), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, пайдаланылатын көлік түріне қарай көлік (тасымалдау) құжатына тиісті белгілер енгізу (қою), сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізу арқылы жүргізеді.»;
50) 297-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жекелеген кедендік рәсімдерге қатысты, сондай-ақ кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін қолдануға және тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған кедендік бақылау нысандарына қарай тауарлар шығарудың осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімдерден ұзақтығы қысқа мерзімдер белгілейді.»;
51) 298-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс еткен жағдайда кедендік декларацияны берген кезге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 276-бабында көрсетілген тауарларға қатысты, дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық көмекті қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.»;
52) 317-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «сақтау;» деген сөз «сақтау шарттары сақталған кезде экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
53) 319-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
54) 419-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер Кеден одағының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
55) 464-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерінкеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарлардың сипаты мен санын, жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) оның осы шекара арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып айқындайды.»;
56) 467-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып мұндай тауарларды өткізу нормаларынан асатын, уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;».
12. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
246-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы»;
мынадай мазмұндағы 246-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзуы»;
318-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«318-бап. Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу»;
мынадай мазмұндағы 410-1 және 720-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;
«720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары»
2) 246-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 246-1-баппен толықтырылсын:
«246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзуы -
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді сақтамауы түсініледі.»;
4) 317 және 318-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі -
авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі -
жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі -
техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
көрсетілетін қызметтің және маманданудың тиісті түріне сарапшы аттестатынан айыра отырып және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына қызметке үш жыл мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
318-бап. Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу
Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) мынадай мазмұндағы 410-1-баппен толықтырылсын:
«410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Сараптама ұйымының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген аудит нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы -
сараптама ұйымына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит
жүргізу нәтижелері бойынша объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына
сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы анық емес ақпараты бар қорытынды ұсынуы -
сараптама ұйымына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытынды ұсынуы -
аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, сараптама ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 535-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:
1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;
2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды;»;
7) 551-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:
1) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;
2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды;»;