Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы
(2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
1-бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2-бөлiм. Сот жүйесі (6 - 22 баптар)
1-тарау. Аудандық және оларға теңестірілген соттар (6 - 9 баптар)
2-тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттар (10 - 16 - 1-баптар)
3-тарау. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (17 - 22 - 1-баптар)
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі (23 - 55 баптар)
1-тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы (23 - 38 баптар)
2-тарау. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі (39 - 46 баптар)
3-тарау. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 - 55 баптар)
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету (56 - 57 баптар)
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер (58 - 59 баптар)
1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Сот билiгi
1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актілерін шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртібімен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2-бап. Мемлекеттік билiктiң нышандары
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекiтедi.
3-бап. Сот жүйесi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды.
Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.
2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды
3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.
4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi
Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:
1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;
2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;
4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
5) заңды күшiне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртібін және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгiленедi.
2-бөлiм. СОТ ЖҮЙЕСI
1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.
Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.
2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынуы негiзiнде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.
7-бап. Аудандық соттың құрамы
1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.
2. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi
1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;
2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9-бап. Аудандық соттың төрағасы
1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) аудандық соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
6) өкiмдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi.
Аудандық сотта төраға, сондай-ақ судьялар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.
Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.
2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әрбір облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы белгiлейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Облыстық соттың органдары:
1) жалпы отырыс;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жалпы отырыстың төралқасы;
2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы;
3) қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы;
4) кассациялық сот алқасы болып табылады.
Апелляциялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
Кассациялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын облыстық сот төрағасы басқарады.
4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.
5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган - Қоғамдық кеңес құрылады.
Қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi
Облыстық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;
2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстық соттың төрағасы
1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2) тармақша 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) кассациялық сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;
3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді;
6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;
8) өкімдер шығарады;
9) облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі.
Облыстық соттың кассациялық сот алқасы отырыстарында төрағалық ету облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі.
3-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық сот төрағасы облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледi.
Облыстық соттың төрағасы облыстық соттың кассациялық сот алқасы отырыстарында төрағалық етуді облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктейді.
2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы
1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;
3) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
4) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпаратты ұсынады;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Апелляциялық сот алқасының төрағасы облыстық сот төрағасына апелляциялық сот алқасында мамандандырылған құрамдарды жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi.
Облыстық соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда облыстық соттың төрағасы оның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктейді.
16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы
1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) сот төрелiгiн iске асыруының сапасы төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;
10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекiткен регламентпен анықталады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы
1. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы:
1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды облыстық соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;
2) осы Конституциялық заңда облыстық соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы жеті мүшеден - облыстық соттың төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағы филиалының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, сондай-ақ облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасын облыстық соттың төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.
4. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру облыстық соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) жасақтайды;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) кадр резервіне алынған адамдардың тізімін Жоғары Сот Кеңесіне жібереді;
4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.