353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу
Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
354-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына минералдық шикiзатты пайдалану туралы ақпаратты ұсынудан бас тарту немесе жалтару
Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералдық шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және анық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
355-бап. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi
Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптарын бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
357-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi тiркеу
Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл іс-әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаса, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
358-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу
1. Судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз, кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
359-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу
1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған өлшеу құралдарын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн бүлдіру -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу
1. Ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi су қорғау аймақтарында және белдеулерінде заңсыз салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту -
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Суда ұңғыманы заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылыстарын заңсыз салу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
361-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу
Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
362-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік деректерiн бұрмалау
Су кадастрын есепке алу мен есептілік деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбау -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру
Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерi үшін оларды реттеуге кедергi келтіру -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу
1. Ортақ су пайдалану қағидаларын:
1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
365-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу - жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
366-бап. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу, қоймалар орналастыру
Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар орналастыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу
1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
368-бап. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу
1. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
369-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу
1. Мемлекеттiк орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау
1. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ормандар мен орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
371-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу
Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру
1. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орманның қурап қалуына немесе ауруына не ластануына әкеп соғатын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық шығарындылармен, қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, дренаж жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру -
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
373-бап. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру
1. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
374-бап. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу және пайдалану
1. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу және пайдалану -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
375-бап. Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың белгiленген тәртiбiн бұзу
Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың тәртiбiн бұзу -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру
Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру -
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
377-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
378-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру және шағылыстыру
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, жануарлардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
379-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу
Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзу
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы -
ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
381-бап. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi бүлдіру немесе жою
Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын, орман тұқымы плантацияларындағы ағаштар мен бұталарды, тұрақты орман тұқымы учаскелеріндегі ағаштар мен бұталарды, артықшылығы бар екпелердегі ағаштар мен бұталарды бүлдіру немесе жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу
1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық -
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.