«4. Төлеушiнiң банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.».
6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат):
11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың 2 - 7-тармақтарында көзделген тәртіппен плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, стеллалар, транспаранттар, афишалар түрінде және өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы арқылы өтетіндерді қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде есептеледі және төленеді.».
7-тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) мүгедектердің мамандандырылған ұйымдары - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ ондағы қатысу үлестерінің жүз пайызы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мына талаптарға сай келсе:
мүгедектердің орташа жылдық саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса;
бір жылда мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 35 пайызын құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдар;».
8-тармақ 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):
33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық есептілігінің жасалуы бойынша талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін талаптарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының деңгейінде ғана белгіленеді.».
9. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.»;
2) 22-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац, 1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;»;
«5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi кепілдік берілген өтемді төлеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.».
10. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат):
3-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашу және жүргiзу;».
11. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат):
1) 2-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) белгіленім кезеңі - мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) белгіленім күні - ресми танылған ақпарат көздерінде тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) жарияланған баға белгіленімі бар күн;»;
«10-1) қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдарлар - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына қатер төндіретін әлеуметтік және экономикалық салдарлардың жиынтығы;»;
2) 10-баптың 10-тармағында:
11-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2011 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы өтінішті мәмілеге қатысушы ұсынылып отырған бағаның және (немесе) баға белгілеу тәртібінің (әдістемесінің) экономикалық негіздемесін, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындау қатерін растайтын құжаттарды (есептерді, негіздемелерді) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу қажеттігінің негіздемесін қоса тіркей отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шешімдердің бірін:
1) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орындылығы туралы шешім қабылдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы ұсыныстарды жолдайды;
2) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орынсыздығы туралы шешім қабылдайды және мәмілеге қатысушыға дәлелді бас тартуды жолдайды.»;
3) 13-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның мақсаттары үшін белгіленім кезеңі келісімшарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс:
мұнай бойынша:
1) тауарды теңіз көлігімен өткізген кезде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін бес белгіленім күнінен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін бес белгіленім күнінен аспауға;
2) тауарды теңіз көлігімен өткізуді қоспағанда, магистральдық құбыржол көлігімен және көліктің өзге түрімен өткізу кезінде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін;
мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша - тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға;
бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша - тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік жүз жиырма күннен аспауға тиіс.».
12. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) 1-1, 1-2, 2, 3, 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 8, 9, 9-1, 9-2, 10, 11, 11-1, 13, 13-1, 14, 15, 15-1, 16-1, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-баптар алып тасталсын;
12-тармақтың 2) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 23-баптың 1-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қайта сақтандыру шарттары бойынша төлеуге жататын (төленген) сақтандыру сыйлықақылары;»;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 24, 25, 27, 28, 29, 30, 30-1, 31, 32, 33, 34, 34-1, 35, 36, 36-1, 37, 38, 39, 40, 41, 43, 44, 45, 46, 47 және 48-1-баптар алып тасталсын;
4) 48-2-баптың 3-тармағындағы «осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 48-3, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 58 және 60-баптар алып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
13-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «Жеке кәсiпкерлiк» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк» деген сөздермен ауыстырылсын.
14-тармақ 2011 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтеуге құқылы.».
15. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы.
Құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы заттар болып табылады.».
16. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 23-24, 125-құжат):
2-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «қаңтардан» деген сөз «шілдеден» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «қаңтарға» деген сөз «шілдеге» деген сөзбен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат):
1) 1-бапта:
4-тармақта:
17-тармақтың 1) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) 47-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа), бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ осы тарауда белгіленген мерзімдерден аспайтын мерзімге ауыстыру салықтар, бюджетке төленетін басқа да төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.
Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы Кодекстің 51-2-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылған салық төлеушінің өтініші негізінде жүргізіледі.»;
«4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-1, 51-2-баптарында өзгеше белгiленбесе, салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;
13) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.»;
17) тармақшаның он жетінші - жиырма төртінші абзацтары алып тасталсын;
24) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
118) тармақшаның бесінші - он бірінші абзацтары алып тасталсын;
125) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;
144) тармақша алып тасталсын;
2) 16-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
3) 2-баптың 8-тармағындағы «2014» деген цифрлар «2015» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
11) тармақшада:
«117) тармақшаның он жетінші - жиырма төртінші абзацтары» деген сөздер алып тасталсын;
«118) тармақшаның бесінші - он бірінші абзацтары» деген сөздер алып тасталсын;
«142) - 144)» деген цифрлар «142), 143)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын.
18. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат):
1) 28-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
2) 29-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
18-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Заңның 24-бабының 2 - 4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.».
2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін алыс-беріс шикізатынан бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизельді отын өндірген тұлға үшін мыналарды:
1) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында - алыс-беріс шикізатынан өндірілген бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизельді отынға осындай тұлғаның акциз төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы есебіне алуға жататын (алынатын) өтеу сомасы табыс ретінде қарастырылмайды деп белгіленсін;
2) қосылған құн салығын есептеу мақсатында - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсететін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизелді отын өндірушінің салық салынатын айналымының мөлшеріне алыс-беріс шикізатынан өндірілген осындай акцизделетін тауарлар бойынша төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы қосылмайды деп белгіленсін.
3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 237-бабы 8-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
4-бап. Егер 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жеткізу шарты бойынша жеткізуші (сатушы) айқындаған тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға тауарды беру, сондай-ақ жеткізушінің (сатушының) көлік құралына тауарды тиеу 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген жағдайда, осындай тауарды өткізу бойынша айналымның жасалған күні «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2013 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында қолданыста болатын 237-бабының 1-тармағының редакциясына сәйкес айқындалады деп белгіленсін.
5-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін көрсетілген тармақта белгіленген міндеттемелер көрсетілген тармақтың қолданысқа енгізілген күнінен бастап екі жылдық кезең өткен соң туындайды деп белгіленсін.
6-бап. Қосылған құн салығын төлеуші 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін «ҚҚС-сыз» шот-фактура жазып берген, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған айналымдар бойынша салық салынатын айналымнан алынатын қосылған құн салығының сомасын көрсету мақсатында қосымша шот-фактура жазып беру 2014 жылғы 31 қаңтардан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс деп белгіленсін.
7-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 448-бабы 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
8-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 280-бабы 4-тармағының 1) тармақшасы 1-18-жолдарының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде:
1) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:
«
р/с № | КО СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 2207-ден | 80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/литр |