9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қол қою күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Егер осы бапта айқындалған құжаттарда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалғандарын қоспағанда, бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі құжатқа қол қойылған күн болып табылады.»;
63) 238-бапта:
1-тармақтың 63) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
Алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осындай тауарларды берген кезде осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдерді жеке тұлғаға өткізген кезде өткізу бойынша айналым автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын), қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы мен қосылған құн салығы енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге сәйкес келетін салық салынатын айналымдар мөлшерлерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
64) 243-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.»;
65) 244-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.»;
66) 244-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді.»;
67) 244-3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді.»;».
68) 244-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу
1. Алтын өндіруді және (немесе) шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің бағалы металдар активтерін толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Мыналар:
1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдар активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.
Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 248-бабының 16) тармақшасында өз өндiрiсiнің шикiзаты деп тұлғаның дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаты түсініледі.»;
69) 253-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымының осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына кітапхана қорын, оның ішінде электрондық түрде уақытша пайдалануға беруі жөніндегі;»;
70) 255-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «импорты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Осы тармақшаның ережелері одан әрі сатуға арналған діни мақсаттағы заттарға қолданылмайды.
Діни бірлестік кеден органына діни мақсаттағы заттардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттемені табыс етеді.
Діни мақсаттағы заттар Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан импортталған кезде нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттеме салық органына табыс етіледі.
Міндеттеме уәкілетті органмен келісу бойынша, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.»;
71) 256-бапта:
2-тармақтың 7) және 8) тармақшаларындағы «бөлек жазып» деген сөздер «бөлек» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-3 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«3-3. Тұрғын үй ғимаратының құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқылы, ол мынадай:
ҚҚСте = ҚҚСтғ*Sте/Sтғ формула бойынша айқындалады,
мұнда:
ҚҚСте - тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСтғ - тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;
Sте - тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ - тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы.»;
«6. Егер салық төлеушілердің мемлекеттік базасында тұрған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған болса, қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған сома мөлшеріне азайтылуға жатады.»;
72) 257-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығы:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алғанға дейін есепке жатқызылуға тиіс емес.
Тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығын осы Кодекстің 256-бабының 3-3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін тұрғын үй ғимаратын салуды жеке жүзеге асыратын қосымша құн салығын төлеуші:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алғанға дейін ескереді.»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «бойынша есепке жатқызылмайды.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша есепке жатқызылмайды.»;
1-тармақтың 73) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
73) 259-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеуші - өнiм берушi банкрот деп танылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, онда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші - өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.»;
74) 263-баптың 7 және 16-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берілмейді және айналым жасалған күннен кейiнгi бес жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi:
электр энергиясын, суды, газды, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, көрсетілетін коммуналдық қызметтердi, темір жол тасымалдарын, көрсетілетін көлiк-экспедиторлық қызметтердi, вагондар (контейнерлер) операторы көрсететін қызметтерді, магистральдық құбыржол жүйесі бойынша жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
1-тармақтың 74) тармақшасының сегізінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Осы Кодекстің 237-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура осы Кодекстің 237-бабының 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейін бес жұмыс күнінен ерте емес және кешіктірілмей жазып берiледi.»;
1-тармақтың 74) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсаттарында шот-фактураны жазып беру:
1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні немесе одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактуралар айналым жасалған күннен кешірек жазып берілген кезде шот-фактураны жазып беру күнімен қатар көрсетілетін қызметтерді беруші айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша жүзеге асырылады.»;
1-тармақтың 75) тармақшасы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
75) 270-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодекстің 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
76) 272-бапта:
1-тармақтың 76) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есепті салық кезеңінің соңында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының өсетін қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан асып кетуі нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Асып кеткен қосылған құн салығын қайтару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
77) 276-бапта:
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.
6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.
Қосылған құн салығының сомаларын қайтарудан бас тартылған жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.»;
78) 276-13-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі, тауарлар экспортын да растайтын құжат болып табылатын тауарлар декларациясы. Осы тармақшада көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты табыс ету талап етілмейді;»;
1-тармақтың 79) тармақшасы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
79) 276-20-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде табыс етеді.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;»;
5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушілер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етеді.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.»;
80) 279-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.
Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес айқындалған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесінде көрсетілген тауарларға акциздер мөлшерлемелерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
81) 280-баптың 4-тармағында:
1) тармақшаның кестесінде:
6 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа) | 100 % спирт 1600 теңге/литр |
7. | 2208 | Коньяк, бренди | 100 % спирт 250 теңге/литр |
»;
8-жол алып тасталсын;
14, 15, 16, 17 және 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 5000 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 5000 теңге/ 1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллалар | 6225 теңге/ 1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигаралар | 750 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 7345 теңге/ килограмм |
»;
1-тармақтың 81) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша мынадай мазмұндағы 6-жолмен толықтырылсын:
«
6. | Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарларды беру | 4500 | 540 |
»;
1-тармақтың 82) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
82) 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«283-бап. Салық базасы
Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы берілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.»;
1-тармақтың 83) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
83) 287-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.»;
84) 288-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы да акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.»;
1-тармақтың 85) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
85) 308-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндiрiлуi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделмеген және қорларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган бекіткен мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты суларын, сондай-ақ емдік балшықты өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен олар бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді төлеуге мiндеттi.»;
1-тармақтың 86) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
86) 310-баптың 10-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі «оның ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
87) 315-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
2) белгіленген соманың елу пайызы - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
2. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.»;
88) 328-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:»;
1-тармақтың 89) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
89) 332-бапта:
2-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға бөлінеді.