6) iс жүргiзiлiп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыртуға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ұйымдарда атқарушылық құжаттардың орындалуын және олар бойынша құжаттаманың жүргiзiлуiн тексеруге;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) нақты атқарушылық әрекеттер жасау мәселелерi бойынша атқарушылық іс жүргізудің қатысушыларына және өзге де адамдарға тапсырмалар беруге;
9) борышкерлер, сондай-ақ оларда борышкерге тиесiлi мүлiктiң тұрғанын растайтын деректер болған жағдайда басқа адамдар орналасқан немесе соларға тиесiлi үй-жайлар мен қоймаларға кiруге құқылы. Қажет болған жағдайда борышкердің қатысуынсыз үй-жайлар мен қоймаларды мәжбүрлеп ашуға, куәгерлердің қатысуымен тексерулер жүргiзуге;
10) атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының қабылдауына дереу кiруге;
11) борышкерлердiң банктердегi ақшалары мен бағалы қағаздарына осы Заңда көзделген тәртiппен тыйым салуға;
12) мүлiктің кiмге тиесiлi екенiн анықтағанға дейiн осы Заңның 63-бабының 1-тармағында көзделген қағидаларды сақтай отырып оған уақытша тыйым салуға;
13) тыйым салынған мүлiктi алып қоюға, сақтау үшiн беруге және өткізуге;
14) алынған мүлiктi сақтау үшiн ұйымдардың үй-жайын, сол мүлiктi тасу үшiн өндiрiп алушы мен борышкердiң көлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға;
15) қажет болған жағдайларда атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн немесе бөлiмшелерiн тартуға;
16) қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгiзуге;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) егер атқарушылық құжатты орындау процесінде осындай қажеттілік туындаса, басқа аумақтық органның және (немесе) бөлімнің мемлекеттік сот орындаушыларына (жеке сот орындаушысын қоспағанда) жекелеген атқарушылық іс-әрекеттер жасауды тапсыруға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
2. Сот орындаушысы:
1) сот актілерін, оның ішінде талап-арызды қамтамасыз ету және бітімгершілік келісімін бекіту жөніндегі сот ұйғарымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда өзге де органдардың актілерін орындауға;
2) тараптарға немесе олардың өкiлдерiне атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелер түсiруге мүмкiндiк беруге;
3) атқарушылық iс жүргiзу мәселесі жөніндегі арыздар мен тараптардың өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша қаулылар шығаруға, оларға шағым және наразылық білдіру мерзiмдерi мен тәртібін түсiндiруге, егер оның өзi атқарушылық iс жүргiзудiң нәтижесіне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса немесе оның әдiлдiгiне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, iстi қараудан бас тартуға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген өзге де әрекеттер жасауға мiндеттi.
3. Сот орындаушысы өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қысым жасалуына жол бермеуге міндетті.
127-бап. Сот орындаушысының шешіміне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
Өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешіміне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде сотқа берiледi.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 128-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауаптылық
1. Сот орындаушысының заңды талаптары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
2. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 129-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 129-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
129-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі
1. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесін:
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган;
2) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы бөлімдері (аумақтық бөлімдер) құрайды.
2. Уәкілетті органның өкілеттігі және қызметінің тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасы Әділет министрі бекітетін ережеде айкындалады.
Уәкілетті органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдерінің өкілеттігі және қызметінің тәртібі осы Заңда және уәкілетті орган бекітетін ережеде айқындалады.
130-бап. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібі
1. Мемлекеттік сот орындаушысы мемлекеттік қызметші болып табылады.
2. Мемлекеттік сот орындаушысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Мемлекеттік сот орындаушыларының сандық құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 131-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 131-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
131-бап. Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заңгерлiк бiлiмi бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, өзiнiң iскерлiк және жеке басының қасиеттерiмен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi адам мемлекеттік сот орындаушысы болып тағайындалуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған; өзіне мемлекеттік сот орындаушысы қызметіне тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам мемлекеттік сот орындаушысы бола алмайды.
3. Мемлекеттік сот орындаушыларына қызметтiк куәлiктер берiледi, олар үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтетiн нысанды киіммен (погонсыз), жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етiледi.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
132-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының жауаптылығы
Мемлекеттік сот орындаушысының өзiне жүктелген мiндеттердi және лауазымдық өкiлеттiктердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
133-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылау
Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 134-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
134-бап. Аумақтық бөлiмнiң басшысы - аға сот орындаушысы
Аумақтық бөлiмнiң басшысы - аға сот орындаушысы:
1) өзi басқарып отырған аумақтық бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсынымдарының, нұсқауларының және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
3) сот орындаушыларының әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын шешудi жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргiзедi;
4) аумақтық бөлiмнiң қызметi туралы статистикалық есептiлiк жасайды және iс жүргiзу мен мұрағат жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді жасайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттердi жасайды.
135-бап. Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметiн қамтамасыз ету
Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
136-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау шаралары
Атқарушылық iс жүргiзу органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқылы.
16-тарау. ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
137-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет
1. Жеке сот орындаушыларының сот актілерін және өзге де органдардың актілерін орындау жөніндегі қызметі - осы Заңда аталған атқарушылық құжаттарды орындаудың балама тәсілі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жеке сот орындаушыларының қызметі Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес атқарушылық және өзге де әрекеттерді жасау кезінде адам мен азаматтың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 138-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 138-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері
1. Жеке сот орындаушысы орындауға, мемлекеттен немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардан өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.
2. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттардың үлесін (алименттер, жалақы өндіріп алу және басқа да өндіріп алу) уәкілетті орган белгілейді және белгіленгеннен төмен болмауға тиіс.
3-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардың, табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілердің қатысуымен атқарушылық құжаттарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.
4. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған аткарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалған тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Жеке сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу бөлігіндегі ережелері колданылмайды.
139-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметке кепілдік
1. Жеке сот орындаушысы өз қызметінде әділ әрі тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасындағы атқарушылық іс жүргізуді реттейтін басқа да заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
2. Жеке сот орындаушысына қызметтік міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ оның кеңсесінде жұмыс істейтін адамдарға атқарушылық әрекеттер жасауына байланысты, оның ішінде өкілеттігін тоқтатқаннан немесе жұмысынан босатылғаннан кейін де, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне белгілі болған мәліметтерді жариялауға, құжаттарды жария етуге тыйым салынады.
Жасалған атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер (құжаттар) олардың атынан, тапсырмасы бойынша немесе осы әрекеттер соларға қатысты жасалған адамдарға ғана берілуі мүмкін.
Жасалған атқарушылық әрекеттер туралы анықтамалар өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық немесе азаматтық істерге байланысты сот, прокуратура, тергеу органдарының талап етуі бойынша беріледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы
140-бап. Қазақстан Республикасындағы жеке сот орындаушысы
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысының лицензиясын алған, осы Занда белгіленген тәртіппен жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалады.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.
3. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке сот орындаушысының тағылымдамадан өту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өзінің атынан және өзінің жауаптылығымен атқарады. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
141-бап. Біліктілік комиссиясы
1. Біліктілік комиссиясы:
1) тағылымдамадан өткен және атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысуды қалайтын адамдардан емтихан алады;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жеке сот орындаушысы лауазымының бос орнына конкурс өткізеді.
3) 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Біліктілік комиссиясы уәкілетті органның жанынан құрылады.
Біліктілік комиссиясының қызметін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы жүзеге асырады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган емтихан өткізу рәсімін, біліктілік емтиханының емтихан сұрақтарын бекітеді.
4. Біліктілік емтиханын тапсырған адамға уәкілетті орган сот орындаушысының лицензиясын тапсырады.
5. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Біліктілік комиссиясының шешіміне оның көшірмесі мүдделі адамға тапсырылғаннан күннен бастап бір айлық мерзімде сотқа шағымдануға болады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Біліктілік комиссиясының ережесін уәкілетті орган бекітеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 142-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
142-бап. Жеке сот орындаушысының лицензиясы
1. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жеке сот орындаушысының лицензиясын біліктілік комиссиясы шешімінің негізінде уәкілетті орган береді. Уәкілетті орган Жеке сот орындаушысы лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган бекітетін біліктілік емтихандары туралы ережеде белгіленеді. Жеке сот орындаушысының лицензиясын берудің мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке сот орындаушысының лицензиясы берілгені үшін алым алынады, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
5. Жеке сот орындаушысының лицензиясы шектеусіз мерзімге берілген бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
6. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Тұрақты судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар не теріс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында кемінде үш жыл жұмыс істеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру
1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру тәртіптік комиссия шешімінің негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
2. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда:
1) жеке сот орындаушысы қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылғанда;
2) жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;
4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және 77-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;
5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;
6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін түрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына жіберіледі.
144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату уәкілетті органның қуынымы бойынша мынадай жағдайларда:
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылмаған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;
4) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін дәлелсіз себептермен үш
күннен астам жүзеге асырмаған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) денсаулық жағдайы бойынша кәсіби міндеттерін орындау мүмкін болмаған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысқан жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша:
1) жеке сот орындаушысы өз еркімен өтініш берген;
2) жеке сот орындаушысының азаматтығы өзгерген немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) жеке сот орындаушысы қылмыс жасағаны үшін сотталған жағдайда - үкім заңды күшіне енгеннен кейін;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) сот жеке сот орындаушысын қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жеке сот орындаушысы қайтыс болған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жеке сот орындаушысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қаулы шығарылған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;