2) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң жалпы және қатаң режимдердегi түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұстаудың жеңiлдiктi жағдайлары жөнiндегi ережелерiн қолданысқа енгiзу туралы» 2000 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 18, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 5-і.
№ 234-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексіне
Қосымша
Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiк тізбесі
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе ортақ меншiктегi оның үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен заттар тәркiленуге жатпайды:
1) тармақша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) алаңы тұрғын үй заңнамасында отбасының әрбір мүшесіне белгіленген нормативтерден аспайтын, сотталған адам мен оның отбасының жалғыз тұрғын үйі;
2) тәркiленуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшін қажеттi жер учаскелерi;
3) негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдардан - шаруашылық құрылыстары және саны оның отбасының қажеттіліктерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп;
4) ауыл шаруашылығы дақылдарының кезекті егісі үшін қажеттi тұқым;
5) үй жабдығы заттары, керек-жарақ, киiм:
киіліп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылып жүрген төсек жабдықтары, ас үй және асхана керек-жарағы. Теріден жасалған және басқа да бағалы киiм, асхана сервиздерi, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар заттар тәркiленуi мүмкiн;
сотталған адам мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi барынша аз жиhаз;
балалардың барлық керек-жарақтары;
6) егер сотталған адамның негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылса, сотталған адам мен оның отбасы үшiн жаңа өнім жинағанға дейін қажеттi көлемдегi тамақ өнімдері, ал қалған жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтін мөлшердегі жалпы сомаға тамақ өнімдері мен ақша;
7) тамақ дайындауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын;
8) сотталған адам сот үкімімен тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкәммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған жағдайларды қоспағанда, сотталған адамның кәсiптiк iстерiн жалғастыруы үшін қажеттi мүкәммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар);
9) мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнап жасалған көлiк құралдары;
10) сотталған адам марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер.