Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
ҚР 2015 жылғы 30 қарашадағы № 427-V Заңымен күші жойылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2015 жыл - 1 702 000 000 мың теңге;
2016 жыл - 1 702 000 000 мың теңге;
2017 жыл - 1 702 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 18, 110-құжат; 2014 ж., № 6, 29-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 28-і.
№ 258-V