мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), омарта шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
Осы тармақтың талабы омарта шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қолданылмайды.»;
2-тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақшадағы «селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.» деген сөздер «селолық тұтыну кооперативтерінің;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.»;
121) 449-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«449-бап. Салық кезеңi
Корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.»;
122) 451-баптың 1-тармағымынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджетке төленуге жататын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
123) 452-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«452-бап. Салық төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмдерi
Осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтардыбюджетке төлеу және олар бойынша салық есептiлiгін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
124) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
124) 456-бап кестесінің 1.2.1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.2.1. | мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
»;
125) тармақша 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
125) 457-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
126) 481-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
127) 493-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссия бойынша - бірыңғай жер салығын төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.»;
128) 495-баптың 6-тармағының 1.3.6-жолы мынадай рекдакцияда жазылсын:
«
1.3.6. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 |
»;
129) 496-баптың 6-тармағы және 498-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
130) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
130) 531-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.»;
131) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
131) 546-баптың 2) тармақшасы және 547-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
132) 551-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
133) 553-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) шетелде уақытша және тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.»;
134) 557-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«қолданылатын салық режимі туралы;»;
135) 560-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде;»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері - салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус,жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын;»;
136) 561-баптың 4-тармағымынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына береді.»;
137) 562-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
1-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттарының;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;»;
5-2-тармақтың 2) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 5-3-тармақпен толықтырылсын:
«5-3. Резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
138) 563-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.»;
139) 564-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:
«2) орындалмаған салықтық міндеттемелері не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуі және азаматтығын тоқтатуы;»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 3) - 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау мақсатында әділет және ішкі істер органдарына:»;
140) 81-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»;
141) 565-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде табыс етілген, дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.
Салық органы, егер:
1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайларда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартады.»;
142) 566-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (оның мүшелері) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етуге міндетті.»;
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттар қоса беріледі.
Егер дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш электрондық түрде табыс етілсе, осы тармақта көзделген құжаттар табыс етілмейді.»;
«5. Салық органы жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.»;
143) 567-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодекстің 42-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық органы орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.
4. Салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органында өзінің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарылудан бас тартылтылғаны) туралы жазбаша растау алуға құқылы.»;
144) 568-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстің 569-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес келген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш салық органының қабылдауына жатпайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген салықтық өтінішке:
1) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.
Мынадай құжаттардың бірі:
жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;
орналасқан жер ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік өзінің меншік құқығында тұрған жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күн мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс;
2) салық төлеушінің салық салынатын ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар көшірмесін міндетті түрде қоса береді.
Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері және осы баптың 2-тармағында көрсетілген айналымның жасалу фактісі туралы куәландыратын өзге де құжаттар салық төлеушінің ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар деп танылады.»;
145) 569-баптың 3-тармағында:
145) тармақшаның екінші - он сегізінші абзацтары 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы):
әрекетсіз заңды тұлға;
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);
әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға;
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;
5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);
әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға;
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылса;»;
5) тармақшаның алтыншы абзацындағы «жеке тұлға болып табылса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады» деген сөздер «жеке тұлға болып табылса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысының сәйкестендіру нөмірі болмаса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.»;
146) 570-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және ол салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын, дара кәсіпкерді қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде олардың құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысы, дара кәсіпкер жеке өздері алуға тиіс.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті берген кезде салық органы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «үш жұмыс күні ішінде салық органы жүргізеді.» деген сөздермен толықтырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
147) 571-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
Салық органдары мынадай:
1) салық төлеушінің салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен;
2) салық төлеушінің мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бергі кезең ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайларда, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тартады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 73-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге қолданылмайды.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.»;
147) тармақшаның тоғызыншы - отызыншы абзацтары 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың 5) тармақшасындағы «танылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.» деген сөздер «танылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияда үздіксіз жалғасатын келесі екі салық кезеңі ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу және сатып алу жөніндегі айналымдар туралы мәліметтерді көрсетпеген;
7) осы Кодекстің 568-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою жүргізілген күнтізбелік жылда қосылған құн салығы бойынша осындай тіркеу есебіне тұрған тұлғада айналым мөлшерінің осы Кодекстің 568-бабының 5-тармағында белгіленген ең төмен айналымнан асып кетуі болмаған;
8) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушы) немесе дара кәсіпкер:
әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша салық органы:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап;
2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;
3) салық органы соттың салық төлеушiні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген екінші салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарады.
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;
2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға үшін - қылмыстық әрекет басталған күннен бастап;
3) осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап;