2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеу шығыстарын өтейдi.
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, алу тәртібін көрсетiп, жазбаша нысанда қояды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисiнiң көшiрмесi не бар болған кезде көрсетiлген сақтандыру полисi бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисiнiң нөмiрi, берiлген күнi) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi) мәлiметтердiң бiрi;
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі);
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-2) осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, бағалауды ұйымдастыруға арналған өтiнiш;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 22-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау жөнiнде тәуелсiз сарапшы жасаған құжаттар;
6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) сақтанушының (сақтандырылушының) немесе көлiк құралын жүргiзушi адамның жүргiзушi куәлiгiнiң көшiрмесi және оның осы көлiк құралын жүргiзуге құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi, соның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғандығы туралы белгі соғылып, сақтандырушыда қалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-тармақ толықтырылды
4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.
Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.
5. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған (зиянды өтеттiруге құқылы адамдарға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесiлі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.
7. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушының пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.
8. Сақтандырушы осы мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны мөлшеріндегі сақтандыру төлемiн жүзеге асырған жағдайда, оның мүлiктi және мүлiктiң қалдықтарын алуға құқығы бар.
26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртібі
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.
3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесiнде жәбiрленушiнiң денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектiк не мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбiрленушіден (пайда алушыдан) келiп түскен өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың негiзiнде, сақтандыру төлемiнiң сомасына осы Заңда белгiленген тәртiппен және мөлшерде қайта есептеу жүргiзуге мiндеттi.
Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеу кезiнде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
4. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді)
26-1-бап. Тікелей реттеу
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы тұлға, сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғада сақтандыру полисі болған кезде жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін өтiнiшi жасауға құқылы.
Зиян келтiрiлген мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын жәбiрленушi осы Заңда көзделген тәртiппен өз кiнәсiнен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына жүгiнедi.
2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүргізеді.
3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы өз шығыстарын өтету үшін сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғаның сақтандырушысына өтініш жасайды.
4. Тікелей реттеуді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру төлемi
Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға тиiс.
28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:
1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) көлiк құралын жүргiзушi адамның көлiк оқиғасы жасалған кезде оны жүргiзуге құқығы болмаса;
4) соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;
5) көлiк құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;
6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаса;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.
2. Егер осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген жағдайларда келтiрiлген зиянға көлiк құралын оның иесiмен еңбек қатынасына орай немесе мәмiленің жазбаша нысанын ресiмдемей оның иесiнiң қатысуымен пайдаланған тұлға кiнәлi болып табылса, онда сақтандырушының осы көлiк құралының иесiне керi талап қоюға құқығы бар.
3. Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген шығындар үшiн жауапты адамға керi талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады. Бұл ретте, егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдарының және олардың бойындағы ғимараттардың қанағаттанғысыз күтiмiнен туындаған жол жағдайы себептерiнен болғаны анықталса, көлiк құралы иесiнің осындай жағдайлар жасауға кiнәлi тұлғаға талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн сондай-ақ:
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) пайда алушының шығынның тиiстi өтемiн шығын келтiруге кiнәлi тұлғадан алуы;
2) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;
4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;
5) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 7-тармағы үшiншi бөлiгiнiң талаптарын бұзуы негiз болуы мүмкiн.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
4. 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк улану әсерiнiң;
2) соғыс қимылдарының;
3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан басталса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.
6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
6-тарау. Қорытынды ережелер
30-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды
30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мынадай:
1) сақтандырушылар арасында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мәселелерi бойынша туындайтын;
2) сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын өзара қарым-қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.
2. Сақтандыру омбудсманын сайлауды өкілдер кеңесі жүзеге асырады.
Өкілдер кеңесі:
1) әрбір сақтандырушының;
2) уәкілетті органның бір-бір өкілінен құрылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Өкiлдер кеңесiнiң құзыретi:
1) сақтандыру омбудсманының құрылымын және штатын (офисiн) бекiтедi;
2) сақтандыру омбудсманының қызметiн қаржыландыру тәртібі;
3) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.
3. Уәкілетті орган сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатураны ұсынады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
4. Сақтандыру омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
Өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлау негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру омбудсманының өкілеттігі аталған хабарламаны өкілдер кеңесі алған кезден бастап тоқтатылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 30-2-баппен толықтырылды
30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
1. Сақтандыру омбудсманы болып сайлану үшін:
1) жоғары білімі жоқ;
2) сақтандыру саласындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем;
3) өтелмеген не заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар;
4) бұрын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру ұйымының немесе басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері болған тұлға ұсынылмайды.
2. Сақтандыру омбудсманының сақтандыру ұйымдарындағы кез келген лауазымды қызметті атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының аффилиирленген тұлғасы болуға құқығы жоқ.
3. Сақтандыру омбудсманының осы бапта көзделген талаптарға сай келмейтіні белгілі болған жағдайда, өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманын қайта сайлауға құқылы.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 30-3-баппен толықтырылды
30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім қабылдау тәртібі
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды, ол дауға қатысатын тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
2. Сақтандыру омбудсманының шешімін сақтандырушы орындауға тиіс.
3. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы бұл туралы кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылу фактісін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру омбудсманының сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешiмi мiндеттi болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешiмi сақтанушы (пайда алушы) оны қабылдаған жағдайда сақтандырушы үшiн мiндеттi болады.
Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешiмiмен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқығын қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы. Бұл ретте сақтанушы (пайда алушы) үшiн сақтандыру омбудсманының шешiмiн орындау мiндеттi болып табылмайды.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 30-4-баппен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 30-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметi
1. Сақтандыру омбудсманының қызметi, оның iшiнде дауды шешу және шешiмдердi қабылдау бойынша өтiнiштердi қарау тәртібі мен мерзiмдерi уәкiлеттi органмен келісілген және өкiлдер кеңесi бекiткен iшкi ережелердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиiсiнше атқару мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметi сақтандырушылардың жарналары есебiнен қаржыландырылады. Сақтандыру омбудсманы өкiлдер кеңесiмен келісім бойынша құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисiн) құруға құқылы.
3. Сақтандыру омбудсманы дауды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға және оны үшiншi тұлғаларға жария етпеуге мiндеттi.
Сақтандыру омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барсында алынған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы Заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өзара қарым-қатынастарды реттеудi сақтандыру омбудсманы тегiн жүзеге асырады.
5. Сақтандыру омбудсманы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкiлдер кеңесi оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатады.
31-бап. Қазақстан Республикасының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 32-баппен толықтырылды
32-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың халықаралық жүйелерi
Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлiк құралдары иелерi үшiншi тұлғаларға келтiрген зиянды өтеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлiк құралдары иелерiнiң жүрiп-тұру режимiн жеңiлдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың халықаралық жүйелерiнде Қазақстан Республикасының қатысуына жол берiледi.
Қазақстан Республикасының