7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ветеринариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
24) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру - жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы оған жүргізетін клиникалық қарап-тексеру;»;
«28) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру - қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы жүзеге асыратын, жануарлардың ұшасы мен ағзаларына, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа оларда көзге көрінетін өзгерістерді, аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін қарап-тексеруді жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) жануарларды карантиндеу - диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;»;
38-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38-1) құжаттамалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау - бақылауға жататын тауарлардың қауіпсіздігін, әкелуге (әкетуге) немесе олардың транзитіне рұқсаттардың бар-жоғын, сондай-ақ берілген құжаттар мазмұнының Кеден одағының Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тексеру;»;
мынадай мазмұндағы 42-2) тармақшамен толықтырылсын:
«42-2) физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеру және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру, ұсынылған ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестікті тексеру, оларда көрсетілмеген объектілердің бар болуын, сондай-ақ үйлеспейтін объектілердің бірге орны ауыстырылуын (тасымалдануын) болғызбау, көлік құралының орын ауыстыру (тасымалдау) шарттары мен режиміне, орамның және таңбалаудың белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін бақылау;»;
2) 14-1-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары құжаттамалық және физикалық ветеринариялық-санитариялық бақылау нысанында жүзеге асырады. Зертханалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
3) 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.».
5. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013. ж., №2, 9-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат):
1) 57-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы әуе, теміржол, теңіз (өзен) және автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымын құрады;
2) шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 67-баптың 1-тармағының 31) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 10-ы.
№ 249-V