кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар үшін пайдаланылатын жылжымалы теміржол құрамына қатысты да қолданылады.
453-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өткізу тәртібі
1. Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы Кодексте көзделген кедендік операцияларды жасау үшін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында кідіртуге және тоқтатуға жатады.
2. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарының аялдау ұзақтығы кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақыт негізге алынып:
1) кедендік операцияларды бастау немесе аяқтау кеден органдарына қатысты емес себептер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін болған;
2) осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарында өткізілетін тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында тікелей жүзеге асырылатын;
3) осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарында тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзитті қамтамасыз ету шарасы ретінде кедендік алып жүру қолданылатын;
4) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша сақтау тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарының аумағында орналасқан уақытша сақтау орындарында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әуе, теміржол және автомобиль көлігі үшін ‑ үш сағаттан, ал су көлігі үшін сегіз сағаттан аспауға тиіс.
3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарындағы олардың тұру жерлерінен жөнелту тиісінше осы Кодекстің 26 және 27-тарауларында көзделген, тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі немесе тауарлардың осы аумақтан кетуі кезінде жасалатын кедендік операциялар аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
4. Халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік рәсімдермен орналастырылмай, осы Кодекстің 462-бабына сәйкес кедендік декларациялауға жатады.
5. Халықаралық тасымалдау көлік құралдары тарифтік емес реттеу және техникалық реттеу шаралары қолданылмай Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізіледі.
454-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкелу
1. Халықаралық тасымалдау техникалық құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей уақытша әкелуге бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) егер халықаралық тасымалдау көлік құралы шет мемлекеттің аумағында шетел азаматына тіркелген болса;
2) шетелдік тұлға уәкілеттік берген Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы халықаралық тасымалдау көлік құралын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды Кеден одағының кедендік аумағында не оның шегінен тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау не бастау үшін пайдаланған жағдайларды қоспағанда, егер шетелдік тұлға халықаралық тасымалдау көлік құралын Кеден одағының кедендік аумағына әкелсе және пайдаланса жол беріледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша кедендік әкелу, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекстің 455-бабында көзделген мерзімдерде оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетумен не кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқталады.
4. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкету кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылады.
455-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімдері
1. Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары оларға байланысты мұндай тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейін осы аумақтан, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 323-бабының ережелері ескеріле есептелген мерзімдерде әкетілуге тиіс.
2. Халықаралық тасымалдау көлік құралын осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған кезде мүдделі тұлғаның дәлелді сауал салуы бойынша кеден органы халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша әкелудің мерзімін халықаралық тасымалдау көлік құралын әкету мүмкін болмаған себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.
456-бап. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен жасалатын операциялар
1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен олар Кеден одағының кедендік аумағында жүрген не аталған аумақта болған кезінде оларға талап етілген техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөніндегі әдеттегі операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағында:
уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағында басталатын және аяқталатын (бұдан әрі осы тарауда пайдалану мақсаты үшін - Кеден одағының кедендік аумағы бойынша ішкі тасымалдау) жүктерді, багажды және (немесе) жолаушыларды тасымалдау үшін пайдалануға;
оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, сақтау үшін беруді не халықаралық тасымалдау техникалық құралын дереу әкету арқылы тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында беруді қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.
Кеден одағының кедендік аумағы бойынша ішкі тасымалдау үшін жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды қозғамалы теміржол құрамын пайдалану ерекшеліктері Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында айқындалады.
3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын пайдалану не оларды осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда өзге тұлғаларға беруге осы көлік құралдарының кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда жол беріледі.
Көрсетілген әрекеттер уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталған жағдайда, көлік құралына арналған кедендік декларацияның тіркелген күніне есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша преференциялар мен жеңілдіктер ескермей, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар сомасына сәйкес келетін мөлшердегі кедендік баждар, салықтар төленуге жатады. Бұл ретте көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органы көлік құралына арналған кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
457-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкету
1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша әкетуге осы халықаралық тасымалдау көлік құралы Кеден одағының тауары болып табылған және Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасына тіркелген жағдайда жол беріледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін, Кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы аумақтан іс жүзінде әкетілген кезде Кеден одағы тауарларының мәртебесін сақтайды, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдары Кеден одағының кедендік аумағынан кедендік әкету баждары төленбей уақытша әкетіледі.
4. Бұрын уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған не осы Кодекстің 301-бабына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкетуге жол беріледі.
5. Халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша әкетуге Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде қандай тұлға және оны қандай мақсатта пайдаланатынына қарамастан жол беріледі.
458-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкету мерзімдері
Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкету мерзімдері шектелмейді.
459-бап. Уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен жасалатын операциялар
1. Уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен:
1) егер оларға деген қажеттік халықаралық тасымалдау көлік құралын халықаралық тасымалдауда пайдалану кезінде туындаса, оны сақтауды, пайдалануды және оны әкетілген күнгі күйінде ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық қызмет көрсету және (немесе) ағымдағы жөндеу операцияларын;
2) ақысыз (кепілдік берілген) жөндеу жөніндегі операцияларды;
3) оның Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде орын алған аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан бүлінуінен кейін халықаралық тасымалдау көлік құралын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылатын күрделі жөндеуді қоса алғанда, жөндеу жөніндегі операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Халықаралық тасымалдау уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты жөндеу бойынша операцияларға және (немесе) осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген басқа да операцияларға осы көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда жол беріледі.
Көрсетілген операциялар уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырмай жасалған жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкелген кезде осы Кодекстің 366-бабына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.
460-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкелу
1. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкету, оларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелумен не Кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын экспорт не кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы, ал осы Кодекстің 457-бабының 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығын берген жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралын әкеткен тұлға Кеден одағының тауары болып табылатын халықаралық көлік құралын экспорт кедендік рәсімімен, ал халықаралық тасымалдау көлік құралын әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығы берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті.
Мұндай тауарларды кеден органына іс жүзінде көрсетпей кедендік декларациялауға жол беріледі.
2. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкету, олардың Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуімен аяқталған кезде, мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдары Кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінеді.
3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылады.
461-бап. Жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді уақытша әкелу және уақытша әкету
1. Жүктерді тиеуге, түсіруге, жөнге келтіруге және қорғауға немесе осы халықаралық тасымалдау көлік құралымен өтетін жолаушыларға және (немесе) багажға қызмет көрсетуге арналған, халықаралық тасымалдау көлік құралымен уақытша әкелінетін арнайы жабдықтар оның халықаралық тасымалдау көлік құралынан бөлек пайдаланыла алатынына не пайдаланыла алмайтынына қарамастан, Кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей және тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмай әкелінеді.
2. Халықаралық тасымалдау көлік құралын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер және жабдықтар Кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей және тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмай әкелінеді.
3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына салынған, бөлшектер мен жабдықтарды ауыстыру мақсатында әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралын жөндеу немесе оған қызмет көрсету кезінде пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер олардың Кеден одағының кедендік аумағына әкетілуі кезінде кедендік баждар төленбей және тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмай Кеден одағының кедендік аумағынан әкетіледі.
Кері импорт кедендік рәсіміне қолданылатын кедендік баждар, салықтар төленбей Кеден одағының кедендік аумағына қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды әкелуге жол беріледі.
462-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын, қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды кедендік декларациялау
1. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау тасымалдаушының кеден органына көлік құралына арналған кедендік декларацияны беру жолымен халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелу және мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын мұндай аумақтан әкету кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкету және мұндай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын мұндай аумаққа әкелу кезінде жүзеге асырылады.
2. Көлік құралына арналған кедендік декларация ретінде егер, онда халықаралық тасымалдау көлік құралы, оның бағыты, жүгі, керек-жарақтары туралы, экипажы туралы және жолаушылары туралы мәліметтер, халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкелу (әкету) мақсаты және (немесе) халықаралық тасымалдау көлік құралын жөндеу немесе пайдалану үшін өткізілетін қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың атауы туралы мәліметтер болса, көлік түріне қарай осы Кодекстің 251-бабында көрсетілген, қатысушылары Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылатын көлік саласындағы халықаралық шарттармен көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары қолданылады.
Егер тасымалдаушының табыс еткен стандартты құжаттарында барлық қажетті мәліметтер болмаса, халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау белгіленген нысандағы көлік құралына арналған кедендік декларацияны табыс ету жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте тасымалдаушы табыс еткен стандартты құжаттар көлік құралына арналған кедендік декларацияның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын мұндай аумаққа әкелу кезінде кеден органына көлік құралына арналған кедендік декларация ретінде уақытша әкелінген немесе тиісінше уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын декларациялау кезінде берілген көлік құралына арналған кедендік декларацияны пайдалануға жол беріледі.
Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органының өзге мәліметтерді табыс етуді талап етуге құқығы жоқ.
3. Егер қосалқы бөлшектер мен жабдықтар халықаралық тасымалдау көлік құралымен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы бір мезгілде өткізілсе, осы Кодекстің 461-бабына сәйкес көлік құралына арналған кедендік декларацияда олар туралы мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі.
4. Көлік құралына берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркейді.
5. Көлік құралына арналған кедендік декларацияны тексеру нәтижелері бойынша кеден органы көлік құралына арналған кедендік декларацияда Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын нысан бойынша және тәртіппен белгілерді қою жолымен халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша әкелуді немесе уақытша әкетуді не халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкетуді немесе уақытша әкелуді аяқтауды ресімдейді.
6. Пайдаланылған және қайта әкетілмеген қосалқы бөлшектер мен жабдықтар осы Кодексте белгіленген талаптар мен шарттар сақтала отырып кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.
56-тарау. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу ерекшеліктері
463-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) иесімен жөнелтілмейтін багаж - жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік аумағына кіруімен немесе оның Кеден одағының кедендік аумағынан кетуімен байланысты Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілуі үшін халықаралық тасымалдау (көлік экспедициясы) шарты бойынша тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке тұлғаға тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар;
2) иесімен бірге жөнелтілетін багаж - қолжүгін қоса алғанда, Кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлға тікелей өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
3) жеке пайдалануға арналған, тасымалдаушы жеткізетін тауарлар - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтпеген жеке тұлғаның атына не жеке тұлғадан Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізу үшін халықаралық тасымалдау шарты бойынша (жүкқұжат, коносамент және өзге де құжаттар бойынша) тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар;
4) жеке пайдалануға арналған көлік құралы - жеке тұлғаның меншігінде немесе иелігінде болатын, осы көлік құралдарын тұлғаларды сыйақы алу үшін немесе тауарларды өнеркәсіптік немесе коммерциялық жолмен сыйақы алу немесе тегін тасымалдау үшін емес, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тек өз мақсаттарында өткізетін, қосалқы бөлшектерімен және әдеттегі керек-жарақтарымен және жабдықтарымен бірге, оның әдеттегі бактарында жанар-жағар майы мен отыны бар авто-, мотокөлік құралы, тіркеме, су немесе әуе кемесі.
464-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу туралы жалпы ережелер
1. Жеке пайдалануға арналған тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы осы тараудың ережелеріне сәйкес, осы тараумен реттелмеген бөлігінде, - Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі.
2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға тарифтік емес реттеу және техникалық реттеу шаралары қолданылмайды.
3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей өткізудің құндық, сандық және салмақтық нормалары, жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату жағдайлары, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды қолдану тәртібі Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленеді.
465-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәсілдері
Жеке пайдалануға арналған тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде иесімен бірге жөнелтілетін немесе иесіз жөнелтілетін багажда, сондай-ақ осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес халықаралық почта жөнелтімдерімен өткізілуі мүмкін.
466-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жасалатын кедендік операциялар
1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодексте және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында айқындалатын тәртіппен жасалады.
2. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар Кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осы аумақтан кету орындарында не аумағында мұндай тауарлардың декларанты ретінде әрекет етуге құқығы бар жеке тұлға тұрақты (немесе уақытша) тұратын Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органындағы өткізу тәсілдеріне байланысты жасалады.
3. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларын өткізу кезінде кеден органдары, бұл Кеден одағының кеден заңнамасын сақтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, осы тұлғаларға көлік құралдарынан шықпай кедендік операциялар жасауға мүмкіндік береді.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізу кезінде осы Кодекстің 467-бабына сәйкес кедендік декларациялауға және осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылмай жеке пайдалану үшін шығарылуға жатады. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі Кеден одағының кеден заңнамасында айқындалады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін тұлғаның қалауы бойынша мұндай тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес оларды уақытша сақтауға орналастырумен, кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы, сондай-ақ олар келген жерінен кетіп қалмаса, Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілумен байланысты кедендік операциялар жасалуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген кедендік операциялар жасалмаған жағдайда, осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес тауарлар кідіртілуге жатады.
5. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекске және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес жүргізіледі.
467-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау
1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде кеден органына тауарларды бір мезгілде көрсете отырып жүзеге асырады.
2. Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға:
1) иесіз жөнелтілетін багажда немесе тасымалдаушы жеке тұлғаның мекенжайына жеткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар;
2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны мұндай тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатылатын өткізу нормаларынан асатын, уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
4) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және мұндай аумаққа қайта әкелінетін, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шартында белгіленген жағдайларда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар;
6) мәдени құндылықтар;
7) иесімен жөнелтіліп әкелінетін бағажда, егер оларды өткізетін жеке тұлғада иесіз жөнелтілген багаж болса, жеке пайдалануға арналған тауарлар;
8) Кеден одағының кеден заңнамасында айқындалған өзге де тауарлар жатады.
3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау жолаушының кедендік декларациясы қолданыла отырып, жазбаша нысанда жүргізіледі.
Жолаушының кедендік декларациясының нысаны, оны толтыру, беру және тіркеу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
4. Жеке тұлға өз қалауы бойынша жолаушының кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларациялау жүргізуге құқылы.
5. Он алты жасқа толмаған жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын кедендік декларациялауды, оны алып жүретін тұлға (ата-анасының бірі, осы тұлғаны асырап алушы, қорғаншысы немесе қамқоршысы, оны алып жүретін өзге де тұлға не алып жүретін тұлғалар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-аналарының, асырап алушылары, қорғаншылары немесе қамқоршылары алып жүрмей, кәмелеттік жасқа толмаған адамдар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде - топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жүргізеді.
6. Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік декларациялауды қайтыс болған адамның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауыттарды алып жүретін тұлға осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттарды табыс ете отырып, еркін нысанда өтініш беру жолымен жүзеге асырады.
Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денесі (сүйектері) салынған табыттарды Кеден одағының кедендік шекарасынан әкету кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі: