3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.»;
8) 599-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын салықтың, төлемақының осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жүргізілмейді.»;
9) 602-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.»;
10) 627-баптың 9-1-тармағының бесінші абзацындағы «этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың» деген сөздер «лицензияның» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 653-бапта:
1-тармақтағы «импорттаушылардың» деген сөз «олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4)-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға - алкоголь өнiмдерiнің үш литрден аспайтын шегiнде, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға темекi мен темекi бұйымдарын екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi - есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымына тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 - 5-8-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.
5-2. Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.
5-3. Импорттаушы Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
5-4. Импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесінің уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу арқылы қамтамасыз етіледі.
5-5. Уақытша ақша орналастыру шотын уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелеріне бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
5-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шоты Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
Уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
5-7. Импорттаушы Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы ақшамен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткеннен кейін уақытша ақша орналастыру шотынан ақшаны республикалық бюджеттің кірісіне аударады.
5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
2-тармақтың 11) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарының қолданылуы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2016 ж. 1 қаңтарға дейiнгі кезеңге тоқтатылды. Тоқтата тұру кезеңiндегі редакцияны қараңыз
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органдары этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.»;
10-тармақтың 2-1) тармақшасы алып тасталсын.
3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
159-бапта:
1-тармақта:
«темекі, алкоголь өнімдерін» деген сөздер «темекі бұйымдарын, алкоголь өнімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алкогольді» деген сөз «алкоголь өнімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бөлшек саудада:
1) алкоголь өнімін жиырма бiр жасқа дейiнгi адамдарға;
2) мейрамханаларда, барлар мен дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:
сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.».
4. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;
2) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімін фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалардың, барлар мен дәмханалардың аумақтарында, кейіннен оны тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін, жүзеге асырылатын сату;
4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу - алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;
5) орнын өзгерту - бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;
6) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;
4-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7) есепке алудың бақылау аспаптары - іркіліссіз электр энергиясының қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы, ондағы этил спиртінің концентрациясы (шарап пен сырадан басқа) туралы, этил спиртінің (сырадан басқа) қалдықтары туралы және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;
8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалы мен сырадан басқасын) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;
9) коньяк спирті - этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық шарап материалын фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;
10) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;
11) қойма үй-жайлары - тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);
12) құрамында спирті бар тамақ өнімі - тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
13) өндіріс паспорты - қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;
14) пластикалық сауыт - полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;
15) сақтау - этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);
16) сәйкестендіру - өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;
17) стационарлық үй-жайлар - сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi;
18) сусыз спирт - құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;
19) таңбалау - тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
20) тұтыну ыдысы - тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;
21) фирмалық мамандандырылған дүкен - сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;
22) ілеспе жүкқұжат - этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;
23) этил спиртi - спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм.»;
2) 3-бапта:
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;»;
4-тармақтың 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу;»;
4-тармақ алып тасталсын;
3) 3-1-бапта:
4-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;»;
4) 4-баптың 2-тармағында:
4-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;»;
5) 5-бапта:
2-тармақтағы «арақтар дегеніміз - » деген сөздер «арақтар» деген сөзбен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «Ликер-арақ өнімдері - » деген сөздер «Ликер-арақ өнімдері» деген сөздермен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «өнімдері дегеніміз - » деген сөздер «өнімдері» деген сөзбен ауыстырылып, «ликер-арақ өнiмдерi» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «өнімдері дегеніміз - » деген сөздер «өнімдері» деген сөзбен ауыстырылып, «ликер-арақ өнiмдерi» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Шарап материалы - » деген сөздер «Шарап материалы» деген сөздермен ауыстырылып, «құрамында спирті бар тамақ өнiмi» деген сөздер «алкоголь өнімі болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Шарап - шарап материалдарынан» деген сөздер «Шарап материалдарынан» деген сөздермен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «шарап болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтағы «Коньяк -» деген сөз «Коньяк» деген сөзбен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтағы «Бренди -» деген сөз «Бренди» деген сөзбен ауыстырылып, «алкоголь өнімі» деген сөздерден кейін «болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыра қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған алкоголь өнімі болып табылады.»;
6) 7-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.»;
5-тармақта:
4-тармақтың 6) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;
2) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіруге тыйым салынады.»;
3) тармақша алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Этил спирті мен алкоголь өнімін:
1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;
2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі.»;
9-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 6) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4-тармақтың 6) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарының қолданылуы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейiн тоқтатылды
2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2016 ж. 1 қаңтарға дейiнгі редакцияны қараңыз
2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейiнгі редакцияны қараңыз
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуатының кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары
1. Этил спирті мен алкоголь өнімін:
1) сәйкестік сертификатынсыз (және белгілерінсіз) және (немесе) сәйкестік туралы декларациясыз;
2) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмесе өткізуге тыйым салынады.
2. Мыналарға:
1) қаңылтыр ыдыста (сыра мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ бұйымынан басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта;
2) аралас полимер ыдыста, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiнде;
3) лас, майысқан, сондай-ақ анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмекте, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа);
4) есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркасынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады.
3. Алкоголь өнімін:
1) тиісті лицензиясы болмаса;
2) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;
3) осы Заңның 1-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген орындардан тыс жерлерде;
4) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде;
4-тармақтың 7) тармақшасының он алтыншы абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жыл сайынғы лицензиялық алым төленбесе;
4-тармақтың 7) тармақшасының он жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
4. Бөлшек саудада:
1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;
2) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;
3) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:
сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.
5. Ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады.»;
8) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады.»;
9) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат):
37-бапта:
2-тармағындағы «алкогольдi iшiмдiктердi» деген сөздер «алкоголь өнімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.».
6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат):
1) 13-баптың 1-1-тармағындағы «Географиялық көрсеткiштердi және фирмалық атауларды қоспағанда, алкоголь» деген сөздер «Алкоголь» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-1-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының отызыншы - отыз жетінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағын, 4-тармағы 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтарын және 7) тармақшасының он алтыншы абзацын;