Шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғын жайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келісімiмен ғана жүзеге асырылады.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 119-2-баппен толықтырылды
119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын беру ерекшелiктерi
Осы Заңның 98-1-бабының күшi Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығын iске асыруға байланысты туындайтын құқық қатынастарына ғана қолданылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 120-бап өзгертілді
120-бап. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi
Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген қызметтiк тұрғын үйден тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй берiлместен:
1) I және II топтағы мүгедектердi (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдарды;
3) мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде, өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқандардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң отбасыларын;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарды;
5) қызметтiк тұрғын үй берген кәсiпорында немесе мекемеде кемiнде он жыл жұмыс iстеген адамдарды;
6) қызметтен босатылған, өздерiне соған байланысты қызметтiк тұрғын үй берiлген, бiрақ сол кәсiпорынмен немесе мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатпаған адамдарды;
7) жасы бойынша немесе денсаулық жағдайы бойынша, сондай-ақ штаттардың қысқаруына, кәсiпорынның немесе мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарды;
8) қызметтiк тұрғын үй берiлiп, қайтыс болған қызметкерлердiң отбасы мүшелерiн;
9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды.
121-бап. Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген
заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердi пайдалану
Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаға тиесiлi тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) жөнiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт аталған шарттың қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтап қалады.
Қазақстан Республикасының