"Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы"
акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 742 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Орталық) акцияларының мемлекеттік пакетi "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) жарғылық капиталына берілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру үшiн қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 1, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 21-51-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмiрi 237-14-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметті институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөніндегі кезек күттірмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 қаулысына:
6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
4) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 5-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.Ахметов |